2 мамыр күні болатын маңызды оқиғаларға шолу
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 2 мамыр күні болатын маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.
АСТАНА
Сағат 10.00-де ҚР Парламент Мәжілісінде пленарлық отырыс өтеді.
Сағат 12.20-да Орталық коммуникация қызметінде «Kazakh TV» телеарнасының қырғыз тілінде шығуына байланысты баспасөз мәслихаты өтеді.
Сағат 15.00-де «Үкімет үйінде» Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде экспорт, экспорттаушыларды қолдау, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, көлік пен логистиканы цифрландыру сұрақтары қаралады.
Сағат 15.00-де Ақордада ҚР Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіхалықова Қазақстандағы Өзбекстанның Төтенше және Өкілетті елшісі С.П.Ниязходжаевпен кездеседі.
Сағат 15.00-де Орталық коммуникация қызметінде «Qazaq Latyn Keyboard» мобильді қосымшасының тұсаукесері өтеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында іске асырылған жоба смартфондар мен планшеттерге латын әріптерін қондыруға мүмкіндік береді. «Quzhat.kz» онлайн-порталы да жұмыс істейді.
Сағат 16.00-де Партияның орталық аппаратында «Денсаулық сақтау» бағытындағы комиссияның отырысы өтеді. Бұл «Нұр Отан» партиясының «Қазақстан 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы аясында іске асырылатын шара.
Сағат 16.20-да Орталық коммуникация қызметінде «2018 жылы өтетін Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындық» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 12.00-де Алматы қаласындағы өңірлік коммуникация қызметінде «ҚР мемлекеттік орталық музейі: Қазақстанның тарихи-мәдени мұраларын сақтау және насихаттау, 2017 жылдың қорытындысы» тақырыбында баспасөз конференциясы өтеді.