2 мыңнан астам алматылық Тәуелсіздік туралы заң қабылданған ғимарат алдына жиналды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Бүгін Алматыда осыдан 25 жыл бұрын Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретіндегі құқықтық мәртебесін бекіткен - Конституциялық заң қабылданған тарихи орын - бүгінгі Қазақ-Британ техникалық университеті ғимаратының алдыңғы бетіне (бұрынғы Жоғарғы Кеңес - ред.) ескерткіш тақта орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ескерткіш тақтаны ашу салтанатты шарасына қала әкімі Бауыржан Байбек, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының экс-төраға орынбасары Вера Сидорова және қалалық маслихат депутаты, актер Асылхан Төлепов қатысты.

 

«Дәл осы ғимаратта, бұрынғы Қазақ КСР Үкімет үйінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі» туралы Конституциялық Заңға қол қойды. Біз осы тарихи датаны таңбалап қалдыру үшін бас қосып тұрмыз. Біз, Алматыда - Тәуелсіз елдің алғашқы астанасында ең басты құжат қабылданғанын мақтан тұтамыз. Елбасы «Алматы  Тәуелсіздіктің алтын бесігі» деген болатын», - деді Бауыржан Байбек.

Сонымен қатар, әкім Тәуелсіздік жылдары экономика 24 есе өскенін тілге тиек етті. Жүздеген мектеп, аурухана, балабақшалар бой көтерді. Мыңдаған темір жолдар мен тас жолдар салынды, жөнделді. Халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету 1,5 есеге артты. Қазақстан халқының өмір сүру ұзақтығы 72 жасқа дейін ұзарды. Қазақстан дамыған 50 елдің құрамына енді. 5 институттық реформаны жүзеге асыру басталды.

 

Айта кетейік, бүгінгі салтанатты шараға Қазақ КСР Жоғары Кеңесі 12-ші шақырылымының депутаттары Сұлтан Сартаев, Нығмет Жотабаев, Ерик Гукасов, Оразалы Сәбденов, Ораз Баймуратов, Есентай Тәжиев және Петр Крепак қатысты.

Жалпы бүгінгі шараға 2 мыңнан астам адам куә болды. 

 

Соңғы жаңалықтар
telegram