2 облыста республикалық маңыздағы жолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу қойылды

22 желтоқсан сағат 17.00-дегі жағдай бойынша 2 облыста республикалық маңызы бар автожолдардың 2 учаскесінде көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

аяз
Фото: Pixabay

Бұл туралы Kazinform Республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторына сілтеме жасап хабарлайды.

Жамбыл облысында 1 учаске, Алматы-Ташкент-Термез автожолының Кенен ауылынан Қайнар ауылына дейінгі бөлігі жабық.

Жетісу облысында 1 учаске, Үшарал-Достық автожолының Көктума станциясынан Достық станциясына дейінгі жол жабық.

Шектеу автокөліктің барлық түріне қолданылады (боран, көріністің қиындауы).

Қазіргі уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 715 техника жұмыс істеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар