2 облыстағы республикалық маңызы бар 2 жолда көлік қозғалысына шектеу қойылды

АСТАНА. KAZINFORM - 23 ақпан сағат 22.00-дегі жағдай бойынша ауа райының қолайсыздығына байланысты 2 облыста республикалық маңызы бар 2 автожолда көлік қозғалысына шектеу енгізілді.

жол
Фото: Мухтор Холдорбеков/ Kazinform

Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» республикалық маңызы бар автомобиль жолдарының ұлттық операторы мәлім етті.

Шығыс Қазақстан облысы – жалпы ұзындығы 30 км. 1 автожолда (өздігінен қар көшкіні қаупіне байланысты)

1. «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай Рахманов бұлағы» - Берел ауылы-Рахманов шипажайы (көліктердің барлық түрі үшін)

Жетісу облысы – жалпы ұзындығы 100 км. 1 автожолда, (қар. боран, көру мүмкіндігі шектеулі)

2. «Үшарал-Достық» – Көктұма станциясы - Достық станциясы (көліктердің барлық түрі үшін)

«Осы уақытта республикалық маңызы бар автожолдарда 280 техника және 375 адам жұмылдырылды»,-делінген хабарламада.

Осыған дейін «Үшарал-Достық» республикалық маңызы бар автожолының бөлігі жабылғанын хабарлаған едік.

 

Соңғы жаңалықтар