2 облыстағы автожол учаскелерінде қозғалыс шектелді

АСТАНА.ҚазАқпарат – Бүгін Сағат 20:00-ден бастап ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар автожолдардың үш учаскесінде көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазавтожолға сілтеме жасап.

2 облыстағы автожол учаскелерінде қозғалыс шектелді

Алматы облысында жолдың нашар көрінуіне байланысты жолдардың екі учаскесінде көлік қозғалысы шектелді: «Көкпек-Кеген-Түп» 0-72 км. Көкпек ауылы – Кеген ауылы учаскесі (көліктің барлық түрлеріне); «Алматы-Көкпек-Көктал-Қорғас» 130-230 км. Байсейіт ауылы – Чунжа ауылы учаскесі (көліктің барлық түрлері үшін).

Шығыс Қазақстан облысында қар көшкіні жүру қаупіне байланысты жолдың бір учаскесінде көлік қозғалысы шектелді: «Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катон-Қарағай-Рахмановские ключи» 6-166 км. Ушановское ауылы - Алтай қаласы учаскесі (көліктің барлық түрлері үшін).