2 сәуір. ҚазАқпарат күнтізбесі: Атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 2 сәуірге арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Халықаралық балаларға арналған кітап күні

1956 жылдан бастап Халықаралық кеңестің шешімімен жыл сайын дат жазушысы Ганс Христиан Андерсеннің туылған күніне орай атап өтіледі. Көптеген елдерде балалар мен жасөспірімдер кітабы апталығы аясында әлемнің үздік кітаптарына арналған байқаулар, көрмелер, конференциялар мен фестивальдар өткізіледі.

Бүкіләлемдік аутизм мәселесі туралы ақпарат тарату күні

БҰҰ Бас Ассамблеясының 2007 жылғы желтоқсанның 18-індегі арнайы қарарымен бекітілген. 2008 жылдан бастап жыл сайын сәуірдің 2-сінде атап өтіледі. Бұл Бүкіләлемдік күн Катар мемлекетінің ұсынысы бойынша белгіленді, мұны Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы 2008 жылғы жолдауында атап өтті. Бас Ассамблеяның қарарында, ең алдымен, балалардың аутизм мәселесіне көңіл бөлінді, сондай-ақ диагнозды неғұрлым ерте қою және тиісті тексеру жүргізу атап көрсетілген.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1930 жылы Қазақстанның ғылыми-зерттеу мекемелері қызметкерлерінің 1-ші съезі өтті.

1940 жылы Семейде Абайдың мұражай-үйі ашылды (Мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалды Абай мұражайы).

1991 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтасық жөніндегі кеңеске қатысушы-елдер парламентшілерінің Мадридтегі кездесуі барысында ЕҚЫҰ Парламенттік Ассамблеясын (қазіргі ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясы) құру туралы шешім қабылданды. Ассамблеяның құрылтайшы сессиясы 1992 жылғы 3-5 шілде аралығында Будапештте өтті.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті жанындағы Тіл жөніндегі комитет құрылды.

1996 жылы Қазақстан Республикасы азаматтарының тегі мен әкесінің атын қазақша жазу тәжірибесін қазақ халқының қалыптасқан дәстүрлеріне сәйкес келтіру жөніндегі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Жарлығы шықты.

2002 жылы Павлодарда Қазақстан халықтарының Кіші Ассамблеясында Қазақстандағы этникалық болгарлардың «Славяне» қоры ресми түрде тіркелді.

2008 жылы Алматыдағы «Медеу» спорт кешенінде «Бейжің-2008» Олимпиадалық алау эстафетасы басталды. Олимпиадалық ойындардың басты рәмізін салтанатты табыс ету рәсімін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ашты. Мемлекет басшысы мұз айдынында орнатылған тұғырға фанфар әуенімен көтерілді. Елбасымен бірге тұғырға Қытайдың Қазақстандағы елшісі Чжан Сиюнь мен 1980 жылғы олимпиадада грек-рим күресінен чемпион атанған тұңғыш қазақ Жақсылық Үшкемпіров көтерілді. Алаңда сондай-ақ, әр жылдары алтын медаль жүлдесін жеңіп алған қазақстандық спортшылар сап түзеді. Қазақстан Президенті олимпиадалық алауды Қытай елшісінің қолынан қабылдап алып, оны алғашқы болып өзі алып жүрді. Осыдан кейін Нұрсұлтан Назарбаев Олимпиада алауын қазақстандық атақты боксшы, 2004 жылғы Афины Олимпиадасының чемпионы Бақтияр Артаевқа табыс етті. Айта кетейік, Бейжің Олимпиадасының ашылу рәсімінде Қазақстан жалауын алып жүру құрметі Бақтияр Артаевқа сеніп тапсырылған еді.

2008 жылы Алматыда «Қазпошта» АҚ ғимаратында ХХІХ Олимпиадалық ойындарға арналған көркемсуретті жаңа пошта маркасының таныстырылымы болды.

Марканың авторы - суретші Данияр Мұхамеджанов. Маркада Алматыдағы Республика алаңының аясында Халықаралық олимпиада комитетінің, Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиады комитетінің және Олимпиада алауы эстафетасының логотипі бейнеленген.

2008 жылы Алматыда еліміздің тарихындағы алғаш рет Пошта мұражайы ашылды, сонымен қатар қалалық пошта бөлімінің ауласында пошта аллеясы және заманауи филателистикалық салонның таныстырылымы болды. Мұражай экспозициясын пошта қызметкерлері жинастырды және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік мұрағатының қызметкерлері материалдарды берді. Мұражайдың хронологиялық шеңбері тарихи кезеңдерді қамтиды, қазақстандық пошта қызметінің құрылуы мен даму туралы деректер жинақталған.

2010 жылы Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласында Мәдениет үйі жанынан «КурчатоВ-news» атты жасөспірімдердің баспасөз орталығы ашылды. Баспасөз орталығында балалар қалалық екі газеттің балаларға арналған беттерінің тілшілері, редакторлары ретінде, сонымен қатар жергілікті арнадан көрсетілетін телебағдарламалардың жүргізушілері рөлінде өздерін сынап көреді.

2010 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Мамлютка қаласында Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, КСРО халық мұғалімі, Мамлют орта мектебінің алғашқы директоры Григорий Кубраковтың құрметіне ескерткіш тақта ашылды.

Григорий Максимович Кубраков 1920 жылы Солтүстік Қазақстан облысының қазіргі Есіл ауданындағы Петровка ауылында дүниеге келді. Медицина техникумын және Петропавл педагогикалық институтын бітірген. Ауыл шаруашылығы өндірісінде еңбек етті, мұғалім, облыс мектептерінің директоры болды. 1963-1988 жылдары Мамлют шипажайлық мектеп-интернат директоры болып қызмет атқарды. Оның басшылығымен оқу-медициналық мектеп республикадағы үлгілі оқу орнына айналды. Григорий Кубраков Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің доценті болды, «Парасат», Қызыл жұлдыз, Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

2011 жылы Мәскеуде мемлекеттік шекараны белгілеу  бойынша бірлескен қазақстандық-ресейлік комиссияның жиырма бесінші отырысы өтті.

Тараптар 2011 жылы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау жұмыстарын бастау мерзімдерін келісті.

2013 жылы ҰҚК Шекара қызметінің келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді кезектен тыс аттестаттау туралы ҚР Президентінің Жарлығы шықты.

2013 жылы Астанада ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен ашылған «Қазақстанды таныту» тележобасының тұсаукесері болды. «Қазақстанды таныту» тележобасы қазақ халқының бағзы замандардан бері келе жатқан ата мәдениеті мен салт-тұрмысы туралы баяндайтын, екі минуттық он бейнероликтен тұратын топтама түрінде ұсынылды.

2014 жылы Екібастұз ГРЭС-1 «Самұрық-Энерго» АҚ меншігіне өтті.

2014 жылы КСРО және Қазақстан Республикасының халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға гуманитарлық саладағы «Достастық жұлдызы» сыйлығы табысталды. Салтанатты марапаттау рәсімі Ресейдің Мемлекеттік академиялық Үлкен театрының Бетховен залында өтті.

2015 жылы Астана әкімі Әділбек Жақсыбековтың қаулысымен және қалалық мәслихат шешімі бойынша Астана қаласындағы Левон Мирзоян атындағы көше өзгертіліп оған академик Қаныш Сәтпаевтың аты берілді.

2016 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Куба Республикасына ресми сапармен барды. Сапар барысында Қазақстан Президенті Куба Мемлекеттік кеңесінің және Министрлер кеңесінің Төрағасы Рауль Кастромен кездесті.

2016 жылы Вашингтондағы Ядролық қауіпсіздік саммиті аясында Қазақстан, Ұлыбритания, Венгрия, Германия, Иордания, Испания, Канада, Қытай, Норвегия, БАӘ, АҚШ, Филиппин, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Оңтүстік Корея және Жапония  МАГАТЭ-нің  Қазақстандағы Төмен байытылған  банкі жөнінде бірлескен мәлімдеме қабылдады. 

2016 жылы Астана қаласының маңындағы Қараөткел кенті өзін-өзі басқаратын елді мекен статусын алды. Қараөткел тұрғындары өздерінің есеп-шотын ашып, белсенді түрде өз қазыналарын толтыра бастады. Жинақталған қаржы қайда жұмсалатынын олар өздері ақылдаса отырып шешеді.

1958 жылы АҚШ президенті Дуайт Дэвид Эйзенхауэр  NASA құру туралы заң жобасын ұсынды.

1966 жылы кеңестік «Луна-10» атты спутнигі алғаш рет Айға қонды.

1991 жылы Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық жөніндегі кеңесіне қатысушы-елдер парламентшілерінің Мадридтегі кездесуі барысында ЕҚЫК Парламенттік Ассамблеясын (қазіргі ЕҚЫҰ-ның Парламенттік Ассамблеясы) құру туралы шешім қабылданды. Ассамблеяның құрылтайшы сессиясы 1992 жылғы шілденің 3-5-і аралығында Будапештте өтті.


ЕСІМДЕР

140 жыл бұрын (1878-1944) домбырашы, күй орындаушы ҚҰРАҚҰЛЫ Досжан дүниеге келді. Қызылорда облысының тумасы. «Көкек тоғайы», «Бәти қыз», «Бұқтым-бұқтым», «Жетім қыз», «Терісқақпай», «Абылай хан», «Кербез төре», «Қара жорға» күйлерінің авторы. 1964 жылы фольклоршы М.Байділдаев Досжан Құрақұлының 32 күйін магнитофонға жазып алды. 1978 жылы Досжанның күйлері С.Ысқақовтың орындауында жеке күйтабақ болып шығарылды.


98 жыл
 бұрын (1920-2007) Екінші дүниежүзілік соғысының ардагері,  білікті ұстаз КУБРАКОВ  Григорий Максимович дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысының Ленин ауданында туған. Петропавл медициналық техникумын, Петропавл педагогика институтын бітірген.

1939-1954 жылдары Солтүстік Қазақстан облысында жауапты қызметтерде болған. 1954-1960 жылдары - Мамлют ауданында мектеп директоры. 1960-1963 жылдары - Булаев аудандық халық ағарту бөлімінің меңгерушісі, Булаев орта мектебінің директоры. 1963-1988 жылдары - Мамлют санаториялық мектеп-интернаттың директоры. 1988-1991 жылдары Петропавл педагогика институтында педагогика кафедрасының оқытушысы, зертхана меңгерушісі қызметтерін атқарған.

I дәрежелі Отан соғысы ордені, Еңбек Қызыл Ту және 2 рет Қызыл Жұлдыз ордендерімен марапатталған.

77 жыл бұрын (1941) өнертанушы, сыншы,  профессор, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген өнер қайраткері АРАВИН Юрий Петрович  дүниеге келді. Тверь қаласында (Ресей) туған. Қазақстан Республикасы Композиторлар одағы басқармасының мүшесі,Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Адам құқығы жөніндегі комиссиясының мүшесі, «Алтын-Жұлдыз» телерадио бағдарламалары республикалық байқауының лауреаты. Новосібір консерваториясы тарихи - теоретикалық факультетін, Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының аспирантурасын (ғылыми жетекшісі - профессор Б.Г.Ерзакович) бітірген. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясында, қазақтың мемлекеттік қыздар педагогикалық институтында музыкалық - тарихи және теориялық пәндерден дәріс берген.  Педагогикалық қызметін ғылыми - зерттеу және музыкалық - ағарту жұмыстарымен байланыстырған. Ол халықтық - кәсіби композитор -күйшілердің өмірі мен творчествосына, симфонизмнің әндік бастаулары мәселелері, Қазақстан композиторларының симфониялық музыкасындағы музыкалық бейнелердің жанрлық жинағы мен бағдарламалылығына қатысты мәселелерді көтерді. Оның музыкатанулық қызметін, ғылыми және творчестволық көп қырлы ізденісін конференцияларда жасаған баяндамалары мен хабарламалары, радио мен телеарнадан берген хабарлары, филармониядағы дәрістер циклы, мерзімді басылымдарда жарияланған. «Дыбыстар музейі», «Қазақ музыкасының кіші антологиясы» сияқты танымал телехабарлардың және «Тотем» радиосындағы «Дала шоқжұлдызы» авторлық циклдық хабарлардың авторы. «Қазақстан» телеарнасындағы оның қазақтың халықтық музыкасы туралы хабары қазақстандық телекөрермендердің ең сүйікті хабары болып табылады. «Абай жадына арналған лирикалық поэма», «Қазақстанның симфониялық поэмаларының тақырыбы мәселесі туралы», «Халық қаћармандары туралы үш поэма», «Мұқан Төлебаевтың «Қазақстан» поэмасы», «Қазіргі заманғы ұйғыр симфониясының бастама көздері», «Әндік симфонизм тарихына», «Дала шоқжұлдызы: қазақ музыкасы туралы очерктер мен этюдтер» тағы басқа шығармалары қазақтың өнертануына қосылған өлшеусіз үлес болып табылады. 100-ден астам жарияланымдардың авторы.

«Парасат» орденімен, медальдармен марапатталған.

70 жыл бұрын (1948) режиссер, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері ТӘУЕКЕЛ Сламбек Тілеуғабылұлы дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Бүкілодақтық кинематография институтын бітірген. Еңбек жолын «Қазақфильм» киностудиясы мультипликациялық бірлестігінің директоры болып бастаған. 1973-1974 жылдары - Қазақ КСР Мемлекеттік кино комитетінің бөлім меңгерушісі. 1974-1990 жылдары - «Қазақфильм» киностудиясы директорының орынбасары, бірінші орынбасары, директоры, Қазақ КСР Мемлекеттік кинематография жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары. 1990-1993 жылдары шығармашылық жұмыста болған. 1993-1999 жылдары - «Қазақкинофест» акционерлік қоғамының тең төрағасы. 1999-2001 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік мәдениет және өнерді қолдау қорының атқарушы директоры. 2001-2004 жылдары - «Қазақстан теледидары және радиосы» Республикалық корпорациясы» жабық акционерлік қоғамының бас продюсері, басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2004-2005 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт министрлігі Ақпарат және мұрағат комитетінің төрағасы қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде 2006 жылдан Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ бас редакторы. «Армысың, Наурыз!», «Біздің киіз үй», «Террордың қанқұйлы іздері», «Асанәлі», «Сәтбаев» және басқа да деректі фильмдердің, «Батыр Баян», «Бір бала» көркем фильмдерінің режиссері.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.   


69 жыл
 бұрын (1949) спорт шебері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген жаттықтырушысы ПРИХОДЬКО Владимир Петрович дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Ол Барселона, Атланта, Сиднейде өткен Олимпиада ойындарында төреші болған.











null 46 жыл
бұрын (1972) Қостанай облыстық сотының төрағасы МЕРҒАЛИЕВ Асламбек Амангелдіұлы дүниеге келген.

Ол Павлодар облысында туған. 1999 жылы заңгер мамандығы бойынша Ыстамбұл мемлекеттік университетін бітірген. 
Еңбек жолы: 2001-2003 ж.ж. - Павлодар облыстық сотының бас маманы; 2003-2007 ж.ж. - Павлодар қалалық сотының судьясы; 2007-2008 ж.ж. - Павлодар облысы Екібастұз қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы; 2008-2012 ж.ж. - Павлодар облысы Екібастұз қалалық сотының төрағасы; 2012 -2014 ж.ж. - Павлодар қалалық №2 сотының төрағасы; 2014 жылдың 17 маусымынан 2015 жылдың 18 желтоқсанына дейін - Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер бойынша апелляциялық сот алқасының төрағасы қызметін атқарған.

Қазіргі лауазымын 2015 жылғы желтоқсаннан бері атқарып келеді.


40 жыл
бұрын (1977) Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау вице-министрі ЦОЙ Алексей Владимирович дүниеге келген.

Ол Шымкент қаласында дүниеге келген. Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академиясын (2001), «Дәнекер» халықаралық құқық және халықаралық бизнес  институтын (2007), Sels College (Лондон), Қазақ мемлекеттік медицина академиясының аспирантурасын, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясының  корпоративтік басқару жоғары мектебін және Халықаралық бизнес академиясын   бітірді.

Еңбек жолы: Қалпына келтіру  хирургиясы  және трансплантология орталығының хирург-эндоскописті, ҚР ДСМ «Ұлттық ғылыми медициналық орталық» РМК  Ішкі медицина орталығының жетекші ғылыми қызметкері (2001-2007); «Еуразия респираторлық қоғамы» ҚБ Бас хатшысы, ҚР Президенті Іс басқармасының  «Қазіргі заманғы медициналық технологияларды енгізу орталығы» РМК директоры (2007 жылдан бастап); «ҚР Президенті Іс басқармасының медициналық орталығы» ММ бастығы (2010-2011); Астана қаласы әкімдігінің «№ 1 қалалық ауруханасы» ШЖҚ МКК бас дәрігері (2011-2014); Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму  вице-министрі (2014-2017).

Қазіргі лауазымын 2017 жылғы ақпаннан бері атқарып келеді.

 

  

Соңғы жаңалықтар