2 сәуірде ел аумағының басым бөлігінде жаңбыр жауады, тұман түсіп, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 сәуірде Қазақстан аумағының басым бөлігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты кей жерлерінде жауын-шашын, тұман, көктайғақ, желдің күшеюі күтіледі, тек онтүстік-батыста ауа-райы жауын-шашынсыз болады.
None
None

Қазгидрометтің хабарлауынша,  Атырау облысының түнде кей жерлерінде, күндіз басым бөлігінде желдің күшеюі күтіледі, жылдамдығы   15-22 м/с.-қа жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде - тұман, көктайғақ, желдің күші 15-20 м/с.

 Ақмола, Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан  облыстарының кей жерлерінде  тұман түседі, желдің 15-20 м/с. күшеюі ықтимал.

 Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - тұман, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

 Павлодар облысының кей жерлерінде  тұман  түсуі мүмкін, түнде көктайғақ болады, жел 15-20 м/с күшейеді.

 Күндіз Қызылорда облысының  кей жерлерінде жел тұрады, жылдамдығы - 15-20 м/с.

 Жамбыл облысының кей жерлерінде - тұман, күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Күндіз Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күн күркіреп, найзағай ойнайды.

Ақтөбе, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі.

 

Соңғы жаңалықтар