2 сәуір күні бес қалада ауа сапасы нашарлайды

АСТАНА. KAZINFORM - 2 сәуірде еліміздің басым бөлігінде қолайлы метеорологиялық жағдай сақталады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК мәлімдеді.

погода
Фото: Kazinform

Синоптиктердің болжамы бойынша, тек Ақтөбе, Орал, Алматы, түнде Астана және Атырау қалаларында ауа сапасы біршама нашарлайды.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.