2 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

НҰР-СҰЛТАН
8.30-да Назарбаев Университетінде I Республикалық «IQanat» ауыл мектеп оқушылары слетінің ашылу және марапаттау рәсімі өтеді.
9.00-де Үкімет үйінде ҚР Үкіметінің отырысы өтеді. Отырыс «Мемлекет басшысының қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыру және әлеуметтік мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларын іске асыру» тақырыбында өтпек.
10.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Қазақстанның бейнелеу өнері» атты көрме өтеді.
10.30-да Сауран көшесі, 46 мекенжайында Seedstars World Tour аясында стартап жобалардың ұлттық конкурсы басталады.
12.00-де «ҚТЖ» ҰК» АҚ бас ғимаратында темір жолдар диагностикасының сапасын арттыру мәселесі бойынша брифинг өтеді.
16.00-де Министрліктер үйінде республикалық бюджеттің атқарылуын бақылайтын Есеп комитетінің отырысы өтеді. Онда «ҚазАгро» ҰБХ АҚ және оның еншілес ұйымдарының қызмет тиімділігінің мемлекеттік аудит қорытындысы қаралады.
16.00-де Елорда күнін және Беларусь Республикасының тәуелсіздік күнін тойлау қарсаңында ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасының музейінде «Крок да Перамогi» («Жеңіске қадам») сурет көрмесі ашылады.
17.00-де «Астана Балет» театрында «Махаббат туралы аңыз» балетінің премьерасына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.
18.00-де Шабытта «Ұлттық домбыра күні» мерекесіне орай «Jas Otan» Жастар қанаты және «Жас Ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы бірлесіп, жас домбырашылар арасында «Қасиетті домбыра» республикалық байқауын өткізеді.