2 тамызда eGov порталы уақытша жұмыс істемейді
АСТАНА. KAZINFORM – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ мемлекеттік қызмет көрсететін сервистердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету мақсатында жоспарлы техникалық тексеріс жүргізеді.

— Техникалық жұмыс 2025 жылғы 2 тамыз сағат 02:00–ден сағат 06:00–ге дейін жүргізіледі. Бұл уақыт пайдаланушылардың ең төмен белсенділігі ескеріле отырып таңдалды, яғни қолайсыздықтарды барынша азайтуға мүмкіндік береді, — делінген хабарламада.
Осы кезеңде келесі мемлекеттік электрондық сервистердің жұмысы уақытша шектеледі:
* eGov.kz порталы мен eGov Mobile мобильді қосымшасы («Цифрлық құжаттар» сервисін қоса алғанда);
* e-Otinish, E-license порталдары және Ашық үкімет жүйелері;
* Ұлттық куәландырушы орталығы (ҰКО) сервисі;
* Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ сүйемелдейтін өзге де жобалар;
* Электрондық үкімет арқылы интеграцияланған екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларындағы және басқа жүйелердегі мемлекеттік қызмет көрсету сервистері.
— Осы орайда қажетті операцияны алдын ала аяқтауды және техникалық жұмыс кезінде қажет болған жағдайда құжаттың түпнұсқасын ұсыну қажет, — дейді «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-дан.
Айта кетсек, қазақстандықтар 270.00 нысанды декларацияны eGov.kz және eGov Mobile арқылы онлайн тапсыра алады.
Сондай-ақ енді талапкерлер eGov.kz порталында білім беру гранттарына өтінім бере алады.