2 тоннаға жуық дизель ұрлаған тепловоз машинисі ұсталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2 тоннаға жуық дизель ұрлаған тепловоз машинисі ұсталды, деп Көліктегі ІІД баспасөз қызметінен.

2 тоннаға жуық дизель ұрлаған тепловоз машинисі ұсталды

«Жалтыр стансасындағы желілік полиция бөлімшесінің қызметкерлері жедел іздестіру шаралары барысында, Тастақ стансасының 751-ші шақырымында Астана қаласының 28 жастағы маневрлі тепловоз машинисін ұстады. Күдікті өзіне сеніп тапсырылған теловоздан 2 тоннаға жуық жанар-жағар май ұрлап, Ақмола облысы тұрғынының басқаруындағы «Камаз» автокөлігіндегі сыйымды ыдысқа құйып алған. Ұрланған жанар-жағар май тәркіленді. Тергеу амалдары жүргізілуде»,- делінген ведомство ақпаратында.