2 желтоқсанда «Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығы ресми түрде ашылады

ЙЖІҢ. 29 қараша. ҚазАқпарат /Руслан Сүлейменов/ - 2 желтоқсанда Қорғас» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығының (ХШЫО) салтанатты ашылуы болады.
None
None

Қазақстандық тараптан ашылу салтанатына Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, қытай тарабынан - ҚХР Төрағасының арнайы өкілі, ҚХР Мемлекеттік Кеңесінің вице-премьері Чжан Дэцзян қатысады деп мәлім етті бүгін кезекті баспасөз мәслихатында ҚХР СІМ ресми өкілі Хун Лэй.

Қытай дипломаты жұма күні екі салтанат - «Қорғас» ХШЫО ресми ашылуы және Қытай мен Қазақстанның екі теміржолының түйісу болатынын атап өтті.

Бұл оқиғаның екі ел үшін де маңызы зор, өйткені ол екіжақты сауда мен жүк айналымы көлемін арттыруға жағдай жасайды. Бұл Қытай мен Қазақстанның сауда-экономикалық ынтымақтастығына тың серпін береді.

Бұдан бұрын ҚазАқпаратқа берген сұхбатында Қытай сыртқы істер министрінің орынбасары Фу Ин хабарлағандай, «Қорғас» ХШЫО ашылуы - Қазақстан Тәуелсіздігінің 20 жылдығына жақсы тарту болмақ.

Соңғы жаңалықтар