2 жылда 90-нан аса келісім: Қазақстан мен Қытай серіктестігі қандай салаларды қамтиды
АСТАНА. KAZINFORM – Кейінгі 2 жылдың ішінде Қазақстан мен Қытай арасында 90-нан астам келісім, меморандум және коммерциялық құжат рәсімделді. Еліміз бен ҚХР серіктестігі қандай салаларды қамтитынын Kazinform агенттігі тілшісінің материалынан оқыңыздар.

ҚХР көшбасшысы Си Цзиньпин Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен елімізге мемлекеттік сапармен 2024 жылдың шілде айында келген еді. Сол кездегі келіссөздердің қорытындысында Қазақстан Президенті Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Бірлескен мәлімдемеге қол қойды. Сондай-ақ сауда, техникалық-экономикалық ынтымақтастық, көлік, инфрақұрылым мен инженерелік құрылыстар, энергетика, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы мен білім салаларын қамтитын 30-дан астам партияаралық, мемлекетаралық, ведомствоаралық және коммерциялық құжаттар рәсімделді.
Ал биыл Си Цзиньпиннің елімізге жұмыс сапары кезінде «Қытай – Орталық Азия» екінші индустриалдық-инвестициялық ынтымақтастық форумы өтіп, оның барысында Қазақстан мен қытай компаниялары арасында жалпы сомасы 24 млрд доллардан асатын 58 құжатқа қол қойылды. Жалпы, құжаттар келесі бағыттарды қамтиды:

Саясат пен мемлекетаралық қарым-қатынас
– Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин Бірлескен мәлімдеме;
– «AMANAT» партиясы» қоғамдық бірлестігі мен Қытай Коммунистік партиясы арасындағы алмасу және ынтымақтастық туралы меморандум;
– ҚР Үкіметі мен ҚХР Үкіметі арасындағы инвестицияларды ынталандыру және өзара қорғау туралы келісім.

Сауда, экономика, қаржы
– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы Сауда-экономикалық ынтымақтастық бағдарламасын іске асыру жөніндегі жол картасы;
– Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы техникалық-экономикалық ынтымақтастық туралы келісім;
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Бас кеден басқармасы арасындағы өзара жеткізілетін тауарларды бақылау және қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
– Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Нарықты реттеу бойынша мемлекеттік басқармасы арасында сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастық мәселелері бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
– «Kazakh Invest» ҰК» АҚ пен Қытай жиһаз бен құрылыс материалын өндірушілері қауымдастығы арасында Қазақстанда индустриалдық парк құру жөніндегі жобаны жүзеге асыруды көздейтін өзара түсіністік туралы меморандум;
– Қазақстан даму банкі мен China Development Bank (CDB) 1 миллиард доллар көлемінде несиелік желі бөлу туралы келісім;
– SM Minerals LTD мен CNMCL арасындағы қытай тарапының қатысуымен акцияларды беру туралы келісім.

Инфрақұрылым және көлік
– Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Реформалар және даму мемлекеттік комитеті арасындағы Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасы арасындағы трансшекаралық теміржолды кеңейту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
– Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Көлік министрлігі арасындағы инновациялық технологиялар мен ақпараттық жүйелер саласында және халықаралық автомобиль тасымалдарына рұқсат беру жүйесін құру туралы өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы меморандум;
– Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Коммерция министрлігі арасындағы инфрақұрылым және инженерлік құрылыс саласындағы ынтымақтастықты дамытуды ілгерілету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
– Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Реформалар және даму мемлекеттік комитеті арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытында жүк тасымалдауды арттыруға және дамытуға арналған ынтымақтастықтың жұмыс тетігін құру бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
– «Самұрық-Қазына» қоры мен China Harbour Engineering Company арасында өзара түсіністік туралы меморандум. Құжат Қазақстан үшін басым бағыттар саналатын инфрақұрылым мен энергетика салаларындағы жан-жақты ынтымақтастықты дамытуға бағытталған;
– Қазақстан Республикасының Көлік министрлігі, «Алатау Мидл Коридор» тобы және China CAMC Engineering Co., Ltd компаниясы арасындағы ҚР аумағында логистикалық-өнеркәсіптік суперхаб жобасын құру және жүзеге асыру бойынша өзара түсіністік туралы үшжақты меморандум;
– Астана қаласының әкімдігі мен China Railway Asia-Europe Construction Investment Co., LTD арасындағы Tianjin Rail Transit Group компаниясының қатысуымен «Астана қаласының жаңа көлік жүйесі. LRT. 1 кезең» жобасын пайдалану бойынша ұзақ мерзімді ынтымақтастықты дамыту туралы өзара түсіністік туралы меморандум;
– Астана қаласы әкімдігі мен Jiangsu Provincial Soho Holding Group Co., Ltd арасындағы бизнес орталығы мен көрме павильондары бар көпфункционалды қонақ үй кешенін салу жобасы бойынша негіздемелік келісім. Инвестиция көлемі: $60 млн;
– Астана қаласы әкімдігі мен YXE Trading Service Group Co., Ltd. арасындағы «Астана-Технополис» АЭА-да логистикалық парк салу туралы негіздемелік келісім. Инвестиция көлемі $60 млн құрайды;
– «Бір белдеу, бір жол» бастамасы аясында Түркістан облысының әкімдігі мен Portuguese-speaking (Xi’an) Technology Development Co., Ltd. арасындағы Орталық Азиядағы тауарлардың трансшекаралық сауда орталығын салу бойынша ынтымақтастық туралы меморандум. Инвестиция көлемі $160 млн құрайды;
– Түркістан облысының әкімдігі мен China Railway Asia–Europe Construction Investment Co. LTD консорциумы мен Yunnan Construction and Investment Holding Group арасындағы инфрақұрылымдық жобалар бойынша ынтымақтастық туралы меморандум;
– Қызылорда облысының әкімдігі мен «Su Agro Solutions» арасындағы су ресурстарын басқаруға арналған автоматтандырылған жапқыштар мен шығын өлшегіштер шығаратын өндіріс орнын салу туралы меморандум. Инвестиция көлемі 5 миллион долларды құрайды;
– Қызылорда облысының әкімдігі мен KCT Energy арасында кальций силикат тақталарын шығаратын зауыт құру туралы меморандум. Инвестиция көлемі $6 млн құрайды;
– Ақтөбе облысының әкімдігі мен Zhongbo Group арасындағы 700 млн долларға инвестициялық жобаларды жүзеге асыру туралы меморандум;
– Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі мен CITIC Construction Co. арасындағы «Орталық-Батыс» инфрақұрылымдық жобасын іске асыру туралы меморандум. Жобаға инвестиция көлемі 2,78 млрд долларды құрайды;
– «ҚТЖ» АҚ мен CRRC Dalian Co., Ltd. арасындағы локомотивтерді өндіру және жөндеу орталығын құру туралы келісім;
«ҚТЖ» АҚ мен CRRC Ziyang Co., Ltd. арасындағы маневрлік локомотивтерді сатып алу және сервистік орталықтар құру туралы келісім;
– «KTZ Express» АҚ, «AMMTП» АҚ және YXE Trading Service Group Co., Ltd. арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
– Алматы облысының әкімдігі мен YTOExpress арасындағы Іле ауданында Skyhub Almaty индустриялық-логистикалық хабының құрылысы туралы меморандум. Инвестиция көлемі $100 млн құрайды;
– Алматы облысының әкімдігі мен China Construction Engineering Corporation арасындағы Талғар ауданындағы «Қайрат» индустриялық аймағын кеңейту туралы меморандум. Инвестиция көлемі 1 миллиард долларды құрайды.

Агроөнеркәсіп
– ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР Бас кеден басқармасы араксындағы Қазақстаннан Қытайға сойысқа арналған тірі ірі қара малын экспорттауға қойылатын ветеринариялық талаптар мен жануарлар денсаулығын қорғау бойынша хаттама;
– ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен "Shengtai Biotech" ЖШС (Fufeng Group) арасындағы Жамбыл облысы аумағында жүгеріні терең өңдеу бойынша өндірістік кешен салу жобасын іске асыруға қатысты инвестициялық келісім. Жобаның құны – 800 млн АҚШ доллары;
– Ақмола облысы әкімдігі мен Dalian Hesheng Holdings арасындағы астықты терең өңдеу кешенін салу бойынша негіздемелік келісім. Инвестиция көлемі – 650 млн АҚШ доллары;
– Түркістан облысы әкімдігі мен Jinxin (Xi’an) Seed Technology Co., Ltd. арасындағы майлы дақылдар индустриялық паркін құру бойынша меморандум. Инвестиция көлемі – 140,7 млн АҚШ доллары;
– Қызылорда облысы әкімдігі мен Aladdin Holdings Group арасындағы Қызылорда облысы аумағында заманауи жылыжай кешенін салу жобасын іске асыру туралы келісім;
– ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті мен Xinjiang Lihua Group Co., Ltd. арасындағы Түркістан облысында толық циклді мақта-тоқыма кешенін құру бойынша инвестициялық шарт;
– Қызылорда облысы әкімдігі мен Huide Engineering Company арасындағы өңірде ауыл шаруашылығы және құрылыс техникаларын құрастыру зауытын салу туралы меморандум. Инвестиция көлемі – 10 млн АҚШ доллары;
– ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен CITIC Construction арасындағы Қостанай облысында бидайды терең өңдеу зауытын салу туралы меморандум. Инвестиция көлемі – 1,1 млрд АҚШ доллары;
– ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар комитеті мен Onelee Food Technology Co. арасындағы пиязды дегидрациялау және көкөністерді терең өңдеу зауытын салу бойынша инвестициялық шарт;
– Алматы облысы әкімдігі мен AGRIFARM CO., LTD және Human Capital арасындағы астықты терең өңдеуге бағытталған жоғары технологиялы агроөнеркәсіптік парк құру туралы меморандум. Инвестиция көлемі – 290 млн АҚШ доллары;
– «Gold Tay» ЖШС мен FAMSUN CO., LTD арасындағы Павлодар облысында тәулігіне 1 200 тонна қуаттылықтағы майэкстракциялық зауыт салу туралы келісім. Инвестиция көлемі – 40 млн АҚШ доллары.

Энергетика, табиғи ресурстар және жер қойнауын пайдалану
– ҚР Энергетика министрлігі мен Қытайдың CNPC компаниясы арасындағы энергетика саласындағы стратегиялық жобалар бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдету жөніндегі негіздемелік келісім;
– «Kazakh Invest» АҚ мен «BEES ENERGY KZ» ЖШС арасындағы жаңартылатын энергия көздері мен «жасыл сутек» өндіру саласындағы ынтымақтастық жөніндегі негіздемелік келісім;
– ҚР Энергетика министрлігі, Ақтөбе облысының әкімдігі, «ҚазМұнайГаз» АҚ және CNPC арасындағы Ақтөбе облысында карбамид өндіру жобасын іске асыру жөніндегі негіздемелік келісім. Инвестиция көлемі — 1,25 млрд АҚШ доллары;
– ҚР Энергетика министрлігі, «ҚазМұнайГаз» АҚ және CNPC арасындағы «PetroKazakhstan Oil Products» ЖШС-нің қуатын жылына 12 млн тоннаға дейін кеңейту жобасы бойынша келісім. Инвестиция көлемі — 5,8 млрд АҚШ доллары;
– ҚР Энергетика министрлігі, «QazaqGaz» АҚ және CNPC арасындағы «Солтүстік 1» учаскесіндегі жобаны дамыту және газ саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі келісім;
– «ҚазМұнайГаз» АҚ мен CITIC Group арасындағы мұнай-газ саласындағы стратегиялық әріптестік туралы келісім;
– «QazaqGaz» АҚ мен Shandong Energy Group арасындағы көмірхимия зауытын салу жөніндегі келісім. Инвестиция көлемі — 2 млрд АҚШ доллары;
– «Өріктпу Оперейтинг» ЖШС мен «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ арасындағы стратегиялық ынтымақтастықты тереңдетуге бағытталған «Өріктау» жобасы бойынша келісім. Инвестиция көлемі — 138 млн АҚШ доллары;
– «Самұрық-Энерго» АҚ мен Қытайдың Су шаруашылығы және энергетика жөніндегі халықаралық корпорациясы арасындағы Қазақстан аумағында гидроаккумуляциялық электр стансасын (ГАЭС) салу жобасын бірлесіп іске асыру туралы келісім;
– Алматы облысының әкімдігі мен TBEA Company Limited арасындағы энергетикалық жобаларды, оның ішінде күн электр стансасы мен Алатау қаласын жылумен сенімді қамтамасыз ету үшін көмір жылу электр стансасын салу жөніндегі меморандум. Жалпы инвестиция көлемі — 3,7 млрд АҚШ доллары;
– Алматы облысының әкімдігі мен China Yili Chuanning Biotechnology Co., Ltd арасындағы аминқышқылдар, пробиотиктер және қаптама өндіру зауытын салу жобасы бойынша меморандум. Инвестиция көлемі — шамамен 350 млн АҚШ доллары;
– Алматы облысының әкімдігі мен «Арна-Маркет» арасындағы энергия жинақтау құрылғылары бар біріктірілген күн электр стансасын салу жөніндегі меморандум. Инвестиция көлемі — 1 млрд АҚШ доллары;
– Алматы облысының әкімдігі мен Shandong REETECH SmartOpto Technology Co. Ltd арасындағы Талғар ауданында қуаты 1 170 МВт күн фотоэлектр стансасын салу туралы меморандум. Жоба «Кербұлақ шаруашылығы» ЖШС-мен бірлесіп іске асырылады, инвестиция көлемі 600 млн АҚШ долларынан асады;
– ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мен ҚХР Коммерция министрлігі арасындағы таза энергетикалық технологияларында пайдаланылатын стратегиялық маңызды минералдар саласындағы ынтымақтастықты нығайту жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
– Қ.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты мен Қытайдың «КоЖаН» АҚ-ы арасындағы Қазақстанның шекара маңындағы аумағының минералдық-шикізат базасын кеңейту және геологиялық зерттеулер саласындағы ынтымақтастық туралы негіздемелік келісім;
– Қ.Сәтбаев атындағы Геологиялық ғылымдар институты, Қытай геоғылым университеті (Бейжің), CNNC және Xiamen Wanli Stone Co., Ltd арасындағы трансшекаралық стратегиялық кен белдеулерін бірлесіп зерттеу туралы негіздемелік келісім.

Ғылым мен білім
– ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі мен ҚХР Білім министрлігі арасындағы қытай тілін оқыту саласындағы ынтымақтастық туралы келісім;
– Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен Тяньцзинь кәсіптік институты арасында «Лу Бан» шеберханасын бірлесіп құру туралы өзара түсіністік меморандумы;
– ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚХР Ұлттық ғарыш әкімшілігі арасындағы Халықаралық Ай зерттеу стансасы бойынша ынтымақтастық туралы өзара түсіністік меморандумы;
– ҚР Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы мен Шэньчжэнь университеті арасындағы бірлескен зертханалар құру туралы келісім;
– «Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті» АҚ (ҚАЗНАИУ) мен Қытай ауыл шаруашылығы университеті, Dayu Irrigation Group Co., Ltd арасындағы құрғап қалған аудандардасуды жоғары тиімділікпен пайдалану бойынша Қазақстан-Қытай халықаралық зертханасын құру жөніндегі келісім;
– ҚАЗНАИУ мен Ланьчжоу университеті арасындағы Қазақстан-Қытай ақылды ауыл шаруашылығы орталығын бірлесіп құру туралы келісім;
– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен ҚХР Солтүстік-батыс политехникалық университеті арасындағы микроспутниктік ғылыми зерттеулер жталанттарды даярлау саласындағы өзара түсіністік туралы келісім;
– С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университеті, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университеті, Шәкәрім университеті мен Қытай Солтүстік-Батыс ауыл шаруашылығы және орман шаруашылығы технологиялары университеті арасындағы Қазақстан-Қытай ауыл шаруашылығы ғылымы мен білімі орталығын бірлесіп құру туралы келісім;
– Қазақстанда сапаны тестілеу зертханасын жабдықтау жобасын жүзеге асыруға көмек көрсету туралы келісімшарт;
– Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі мен Qingdao Shangheshi Oil Energy Co., Ltd компаниясы арасындағы Қонаев қаласында академиялық кампус салу туралы меморандум. Жоба 100 гектар аумақта 30 000 студентке арналған кампус құруды көздейді;
– Шәкәрім университеті мен Xi’an Jiaotong University арасындағы «Бір белдеу - бір жол» атты бірлескен зертхананы құру туралы келісім. Инвестиция көлемі — 10 млн АҚШ доллары;
– Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университеті мен Shanghai SUS Environment Co., Ltd арасындағы университет базасында бірлескен зертхана құру туралы меморандум. Инвестиция көлемі — 3 млн АҚШ доллары;
– Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, «Қазпошта» АҚ және YTO Express компаниясы арасындағы ұлттық көлік және логистика жүйесін жетілдіру стратегиясын әзірлеу бойынша консорциум құру туралы келісім;
– Қазақ ұлттық су шаруашылығы және ирригация университеті мен Солтүстікқытай су ресурстары және электроэнергетика университеті арасындағы су ресурстары мен төтенше жағдайларды зерттеуге арналған бірлескен зертхана құру туралы келісім. Инвестиция көлемі — 300 мың АҚШ доллары;
– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Jiangsu Huibo Robotics Technology Co., Ltd компаниясы арасындағы «цифрлық зияткерлік шеберхана» құру туралы келісім. Инвестиция көлемі — 390 мың АҚШ доллары;
– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен TusHoldings Co., Ltd арасындағы Farabi HUB инновациялық орталығы базасында инкубатор құру туралы келісім. Инвестиция көлемі — 200 мың АҚШ доллары;
– Satbayev University мен Changan Automobile компаниясы арасындағы Training Center ашу туралы меморандум. Инвестиция көлемі — 100 мың АҚШ доллары;
– Satbayev University мен Chery Automobile компаниясы арасындағы құрастырушыларды дайындау үшін екінші Training Center құру туралы меморандум. Инвестиция көлемі — 100 мың АҚШ доллары;
– Қазақстан Азаматтық авиация академиясы мен Қытай азаматтық авиация университеті арасындағы азаматтық авиация саласында бірлескен ғылыми-технологиялық орталық құру туралы келісім. Инвестиция көлемі — 100 мың АҚШ доллары;
– Мұхамеджан Тынышпаев атындағы ALT университеті мен Үрімші кәсіптік университеті арасындағы қос диплом бағдарламасын жүзеге асыру туралы келісім. Инвестиция көлемі — жылына 80 мың АҚШ доллары.

Технология
– ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚХР Өнеркәсіп және ақпараттық технологиялар министрлігі арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
– ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі мен ҚХР Халықаралық даму саласындағы ынтымақтастық жөніндегі мемлекеттік агенттігі арасындағы жоғары технологиялар саласындағы жобаларды ілгерілету және өзара түсіністік туралы меморандум;
– ҚР Ұлттық банкі мен Қытай Халық банкі арасындағы цифрлық валюта саласындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
– ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросы мен Қытай Халық Республикасының Ұлттық статистика бюросы арасындағы статистика саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
– «Самұрық-Қазына» АҚ пен «HUAWEI TECHNOLOGIES KAZAKHSTAN» ЖШС арасындағы цифрлық трансформация, телекоммуникациялық инфрақұрылымды дамыту және Қазақстан Республикасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу саласындағы меморандум;
– Астана қаласының әкімдігі мен «Huawei Technologies Kazakhstan» ЖШС арасындағы Huawei-дің 50G PON технологиясымен 10G желісін пилоттық енгізу туралы келісім;
– Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Солтүстік-батыс политехникалық университеті арасындағы бірлескен спутниктік жерүсті стансасын құру туралы меморандум. Инвестиция көлемі — 300 мың АҚШ доллары;
– ALATAYALTYN JSC пен UnionTech Software Technology Co., Ltd компаниясы арасындағы бірлескен кәсіпорын құру жөніндегі негіздемелік келісім;
– ALATAYALTYN JSC пен Қытайдың Дүниежүзілік сауда ұйымы мәселелері бойынша Цифрлық экономика және цифрлық сауда комитеті (CWTO) арасындағы бірлескен кәсіпорын құру және цифрлық қалалар бастамаларын ілгерілету үшін Қытай-Қазақстан цифрлық платформасын іске қосу жөніндегі негізгі келісім.

БАҚ және гуманитарлық ынтымақтастық
– ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚХР Радиохабар және телевидение істері жөніндегі бас мемлекеттік басқармасы арасындағы радиохабар және телевидение саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
– ҚР Президентінің Телерадиокешені мен Қытай медиа корпорациясы (China Media Group) арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі мен Қытай медиа корпорациясы (China Media Group) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
– ҚР Туризм және спорт министрлігі мен Қытай медиа корпорациясы (China Media Group) арасындағы ынтымақтастық туралы меморандум;
– ҚР Президентінің Телерадиокешені мен «Жэньминь Жибао» газеті арасындағы өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум;
– «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен Қытай Орталық телевидениесі арасындағы өзара түсіністік туралы меморандум.
Еске сала кетейік, бұған дейін Қазақстан мен Қытай стратегиялық серіктестікті тереңдету туралы 24 келісім жасасқанын жазған едік.