20,4 мыңнан астам павлодарлық «Қамқорлық» айлығы барысында 39,5 млн. теңгеге көмек алды

АВЛОДАР. 2 қазан. ҚазАқпарат - 17 қыркүйек күні Павлодарда басталған «Қамқорлық» айлығының аясында 20,4 мыңнан астам тұрғын материалдық көмек пен азық-түлік қалталарына ие болды, деп хабарланды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.
None
None

Қарттар күніне орай қалалық бюджеттен 80 жасқа келген және одан асқан 6,4 зейнеткердің шотына 1000 теңгеден аударылды, деп хабарланды жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінен.

Материалдық көмектер зейнетақысы төмен адамдарға, кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар мүгедек-әйелдерге, 7 жасқа дейін балалары бар мүгедектер отбасалары мен алғашқы рет 16 жасқа дейінгі мүгедектерге көрсетілді.

Кәсіпорындар мен қаланың ұйымдары 22,7 млн. теңгеге 4 489 тұрғынға көмек көрсетті.

Соңғы жаңалықтар