20 994 азаматтың жүргізуші куәлігі заңсыз алынған - Қызылорда облысы

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысының прокуратурасы облыстық ішкі істер департаментінде жол-көлік оқиғаларының алдын алу жұмыстарының тиімділігіне тексеріс жүргізді.
None
None

Тексеру барысында, көлік құралын жүргізу құқығынан айыру түріндегі жазаны тағайындауға әкеп соқтырмайтын әкімшілік құқықбұзушылық жасаған 20 994 азаматтың жүргізуші куәліктері заңсыз алынғаны анықталды, деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен.

Прокурордың наразылығына сәйкес әкімшілік жауаптылықтан босатылған 41 тұлға қазіргі кезге дейін «Әкімшілік құқықбұзушылықтар және оларды жасаған тұлғалар туралы орталықтандырылған деректер банкінде» негізсіз жауаптылыққа тартылған ретінде есепте тұрғаны анықталған.

Сондай-ақ, жол техникалық инспекциясы Қалалық коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы Н.Байменовтың және «Еуро-Азия құрылыс корпорациясы «EVRASCON» ААҚ ҚФ-ның инженері Е.Даржановтың әрекеттерінде әкімшілік құқықбұзушылық құрамының белгiлерi жоқ бола тұра, соңғылар заңсыз жауаптылыққа тартылған.

Сол сияқты, жол жүрiсi ережелерiн үнемi бұзған жүргізушілерді әкімшілік жауаптылыққа тартуға шаралар қолданылмаған.

Сондай-ақ тәртіптік жазаға тарту тәжірибесі зерделеніп, нәтижесінде тәртіптік жаза қолдану құзыреті жоқ ҚІІБ бастығының орынбасарымен тәртіптік теріс қылық жасаған қызметкерлерді тәртіптік жазадан негізсіз босатқаны анықталған.

Сонымен қатар, тексеріс кезінде белгілі болғандай, облыс орталығында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған автокөліктердің тең жартысына жуығының жөндеуде тұрғаны, яғни жол-патрульдік полициясының толық көлемде қызметін атқармайтыны анықталған.

Тексеріс кезінде анықталған заңдылықты бұзушылықтарды және олардың орын алуына ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою, сондай-ақ кінәлі тұлғалардың қызметтеріне сәйкестігін қарау туралы облыстық ішкі істер департаментіне ұсыныс енгізілді.

Соңғы жаңалықтар