20 ақпан. Тұлғалар туған күн
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін, яғни 20 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Алматы облысының Қарасай ауданында туған. Верный ерлер гимназиясын бітірген. Қазақстанда кеңестік билік орнағаннан кейін Жетісудың ұлт істері жөніндегі облыстық бөлімін басқарды.
1919-1921 жылдары Түркістан Коммунистік партиясының мұсылман коммунистері секциясы облыстық бюросының төрағасы болып, Жетісу облыстық революциялық-әскери комитетін және облыстық «Қосшы» одағына басшылық жасады. 1921-1923 жылдары Түркістан Коммунистік партиясының Орталық Комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі және БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің екінші хатшысы болды. 1923-1924 жылдары Мәскеудегі Тимирязев атындағы Ауыл шаруашылығы академиясында білім алды. 1924-1928 жылы БК(б)П Қазақстан өлкелік комитеті үгіт-насихат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып, «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетіне басшылық жасады. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысының 10 жылдығына орай, 1926 жылы Жетісудағы Қарқара көтерілісіне қатысқандарды мәңгі есте қалдыру мақсатында көтерілісшілер жиынын өткізіп, кейін «Ереуілтөбе» атанып кеткен жерге ескерткіш орнатпақ болып, тас үйіп, белгі қалдыруға қоғам қайраткері Ыдырыс Көшкінов, т.б. азаматтармен бірге қолдау көрсетіп, ат салысты.
Жетісудағы алғашқы ақындар айтысын ұйымдастырды. Қоғам қайраткері ауыл экономикасын зерттеу жөніндегі экспедицияны басқарды, ғылыми-зерттеу жұмысымен айналысып, ғылыми еңбектер жазды. 1928-1937 жылдары Қазақ АКСР ағарту халкомы, Қазақ ауыл шаруашылығы институтының директорлығымен қатар Республикалық кітапхананың директоры, БК(б)П Кеген аудандық комитетінің бірінші хатшысы, Алматы облыстық атқару комитетінің төрағасы қызметтерін атқарды. Ұлтаралық қатынастарды реттеуге көп еңбек сіңірді. КОКП съездерінің және КСРО Кеңестері съездерінің делегаты, БК(б)П Түркістан Коммунистік партиясы Орталық комитетінің мүшесі және бюро мүшесі, Түркістан Орталық атқару комитеті төралқасының және Бүкілресейлік орталық атқару комитетінің мүшесі, Қазақстан Орталық атқару комитетінің және оның төралқасының мүшесі, Қазақстан өлкетану қоғамы басқармасының төрағасы болды.
1937 жылы тамызда партиядан шығарылды да, жалған саяси айыппен тұтқындалып, 1938 жылы наурызда атылды.
Кенен Әзірбаев тұтқынға алынған Жандосовпен өзінің қоштасқан сәті туралы «Оразжан» әнін шығарды. 1999 жылы Алматыда қоғам қайраткерінің ұлы Анри (Әли) Жандосовтың құрастыруымен «Қайран Ораз» атты кітап жарық көрсе, немересі – бірнеше жинақтың авторы, ақын Гүлнар Жандосова Алматыда Ораз Жандосов атындағы гуманитарлық лицей құрды. Елімізде Жандосовтың есімі елді мекендерге беріліп, Алматы қаласында оған ескерткіш орнатылды. Райымбек ауданының орталығы Кеген ауылында қоғам қайраткері атындағы өлкетану мұражайы жұмыс істейді.

Семей зоотехникалық-ветеринарлық институтын, Павлодар университетін тәмамдаған. Салалардағы және әлеуметтік саладағы экономика және менеджмент жөніндегі ғылым магистрі.
Тито Сыздықов он жылға жуық Павлодар облысының әртүрлі шаруашылықтарында еңбек еткен. Совхозға басшы болған, одан кейін көп жылдар бойы кеңес және партияның жауапты лауазымдарына сайланған. Павлодар облысы Ақсу қаласының әкімі (1997-1999); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты (1999-2004), (2004-2007), (2007-2011); ҚР Премьер-Министрі кеңсесінің өңірлік даму бөлімінің меңгерушісі (2012). 2012 жылдан «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры, директорлар кеңесінің мүшесі болды. 2012 жылғы 2 қазанда алғаш рет «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің құрамына сайланды. 2015 жылғы 22 шілде Тито Уахапұлы Сыздықов «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы директорлар кеңесінің аға тәуелсіз директоры болып сайланды.

М. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін «автомобильдер және автомобиль шаруашылығы» және «тау-кен ісі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1992 жылы Жамбыл қаласындағы «Заман» фирмасында бөлім бастығы болып бастаған.
Әр жылдары «Делдал» жеке кәсіпорны директорының орынбасары, «Жамбыл-Құпарлылық» АҚ-ның механигі, «Шығыс Таңы» Сауда-өндірістік компаниясы» ЖШС-нің бас директоры, «Тараз көлік жолы» ЖШС-нің президенті, Жамбыл облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, құрылыс басқармаларының басшысы, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС-де және «Волковгеология» АҚ-да түрлі басқарушы лауазымдарда еңбек еткен.
2016-2017 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Мемлекеттік материалдық резервтер комитетінің «Резерв» ШЖҚ РМК бас директорының орынбасары, 2017-2018 жылдары ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, 2018-2021 жылдары «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен өндіру компаниясы» АҚ-да департамент директоры, басқарушы директор - жобалық кеңсесінің басшысы, жобаларды басқару жөніндегі бас директор - басқарма мүшесі қызметтерін атқарған.
Қазіргі қызметін 2022 жылдың қыркүйегінен бастап атқарып келеді.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 15 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.