20-дан астам қазақстандық өндірушілер Үрімжідегі сауда жәрмеңкесіне қатысады

БЕЙЖІҢ. ҚазАқпарат - 20-дан астам қазақстандық өндірушілер 2017 жылдың 24-28 тамыз аралығында өтетін Үрімжідегі «Қытай-Еуразия (тауарлар мен сауда)» 2-ші ЭКСПО-ға қатысады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның Қытайдағы меншікті тілшісі.
None
None

«Қытай нарығына отандық өнімді шығару аясында ҚР Инвестициялар және даму министрлігі «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестиция жөніндегі ұлттық агенттігі» АҚ азық-түлік, химия, құрылыс, фармацевтика және басқа да салалардағы қазақстандық тауар өндірушілердің өнімдерін  «Қытай-Еуразия (тауарлар мен сауда)» ЭКСПО-сына бағыттауды жоспарлауда. Қазіргі таңда Үрімжіде әлеуетті сатып алушылармен, импорттаушылармен, дистрибьюторлармен және Қытайдың сауда желілеріндегі өкілдермен В2В форматында келіссөздер жүргізетін 20-дан астам өндіруші анықталды», - деді «KAZNEX INVEST» компаниясының Қытайдағы және Шығыс Азиядағы бас өкілі Қуаныш Амантай ҚазАқпаратқа берген сұхбатында.

Оның айтуынша, 3-5 қазақстандық компаниялардың өтініші бойынша  «KAZNEX INVEST» Қытайдағы кейбір мамандандырылған көрмелерге қатысудың шығындарын жыл соңына дейін толықтай өз мойнына алады. Қазіргі таңда өтініштерді қабылдау мен көрме ұйымдастырушыларымен жұмыстар жүргізілуде. Мысалы, Қазақстанда азық-түлік өндіретін компаниялардың өнімдері «International Food Expo China 2017» (2017 жылдың 16-18 маусымы), сонымен қатар «Asia International Import Food Expo Shanghai 2017» (2017 жылдың 30 тамызы-1 қыркүйегі) көрмелеріне қойылады.
null  

ШҰАӨ халықтық үкіметінің жетекші партиялық тобының мүшесі Хуан Саньпин хабарлағандай, «Қытай-Еуразия (тауарлар мен сауда)» ЭКСПО-сының басты мақсаты «Бір белдеу, бір жол» аймағындағы елдердің сауда-экономикалық ынтымақтастығын нығайту болып табылады.

Еске сала кетейік, «Қытай-Еуразия (тауарлар мен сауда)» ЭКСПО-сы әр екі жыл сайын өткізіледі. Ең алғаш рет 2015 жылы ұйымдастырылған. Осы көрмемен қатар, 2014 жылдан бастап әрбір жұп жыл сайын «Қытай-Еуразия» ЭКСПО-сы өткізіледі.  

Соңғы жаңалықтар