20 қаңтарда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

ШҚО-да боранға байланысты жабылған жол қайта ашылды
Фото: Ағыбай Аяпбергенов/Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 20 қаңтар күні сағат 08:00-ден бастап Абай облысында республикалық маңызы бар «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» автожолының 910-1002-шақырым аралығында (Қалбатау ауылы – Көкпекті ауылы учаскесі) жол барлық автокөлік түрлері үшін ашық.

Жабық жолдар

Сонымен қатар Жетісу облысында ауа райының қолайсыздығына байланысты «Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы» автожолының 84-164-шақырым аралығында (Көктұма станциясы – Достық станциясы учаскесі) барлық көлік түрі үшін қозғалыс шектелді.

Ал Павлодар облысында «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолындағы жолайырығының көпір құрылымының шеткі арқалықтары зақымдануына байланысты «Қалқаман» жолайырығы учаскесінде – Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астана бағытына шығатын жолы уақытша жабылды.

Еске салайық, 20 қаңтарда Қазақстанның 12 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды.

 

Соңғы жаңалықтар