20 қараша. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 20 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

70 жыл бұрын (1954) — Мемлекет тарихы институты директорының орынбасары, тарих ғылымдарының докторы, Астана ономастикалық комиссиясының мүшесі Бүркітбай Гелманұлы АЯҒАН дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысының Есіл ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген.
Қазақ педагогикалық институты комсомол ұйымының хатшысы, аға оқытушысы болған. 1990-1996 жылдары Қазақ КСР Жоғарғы білім министрлігінде жетекші ғылыми қызметкер, Президент әкімшілігі мен Министрлер Кабинетінің баспасөз қызметінің кеңесшісі, сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 1996-1998 жылдары Қазақ мемлекеттік заң университетінің сыртқы байланыстар орталығының директоры. 1998-1999 жылдары Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі БАҚ департаменті директорының орынбасары. 1999-2003 жылдары Алматы калалық ақпарат пен қоғамдық келісім басқармасының бастығы болды. 2003-2008 жылдары «Қазақ энциклопедиясы» баспасының директоры қызметтерін атқарған. 2008-2020 жылдары ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы институтының директоры — ҚР тарихшылары және қоғамтанушылары лигасының төрағасы.
Негізгі ғылыми еңбектер ҚР қазіргі заманғы (қоғамның әлеуметтік құрылымының эволюциясы, саяси өзгерістер, халықтың демографиялық құрылымындағы өзгерістер) тарихи мәселелерін зерттеуге арналған. Мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулықтарды жазуға қатысты.
«Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10 жылдығы», «Ерен еңбегі үшін» медальдарымен марапатталған.
62 жыл бұрын (1962) ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Владимирович ЛЕПЕХА дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Қарағанды политехникалық институтын, РФ ІІМ академиясын бітірген. 1986-1987 жылдары Қарағанды облысының Теміртау қаласы ішкі істер басқармасы саяси бөлімінің аға нұсқаушысы. 1987-1988 жылдары Қарағанды облысы Гагарин ауданы ішкі істер бөлімі бастығының саяси бөлім бойынша орынбасары. 1988-1990 жылдары Қарағанды облысы Абай қаласы ішкі істер бөлімі бастығының саяси бөлім бойынша орынбасары. 1990-1993 жылдары РФ ІІМ академиясының тыңдаушысы. 1993-1997 жылдары Қарағанды облысы қалалық ішкі істер басқармасының торуыл полициясы басқармасының бастығы. 1998-2005 жылдары Қарағанды облысы қалалық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция қызметінің бастығы, қоғамдық қауіпсіздік басқармасының бастығы. 2005-2009 жылдары Қарағанды облысы ІІД бастығының орынбасары. 2009-2011 жылдары ҚР ІІМ Әкімшілік полициясы комитеті төрағасының орынбасары. 2011-2018 жылдары ҚР Ішкі істер министрлігінің Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы. 2019-2020 жылдары Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Штаб-департаментінің бастығы. 2020-2022 жж. ҚР ІІМ аппарат жетекшісі.
2022 жылдың қазан айынан бері қазіргі қызметінде.
59 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Қайрат Рахымұлы БАЛАБИЕВ дүниеге келді.

Түркістан облысында туған.
Еңбек жолы: 1990-1991 жылдары Шымкент қаласы Дзержинский ауданының прокуратурасында тағылымгер; 1991-1994 жылдары Еңбекші ауданы прокурорының көмекшісі, Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының аға көмекшісі; 1994-1996 жылдары ОҚО прокуратурасының Жедел іздестіру және анықтау заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры, Шымкент қаласы Абай ауданы прокурорының орынбасары; 1996-2000 жылдары ОҚО Киров ауданы прокурорының орынбасары; 1997-2000 жылдары ОҚО Мақтарал ауданының прокуроры; 2000-2001 жылдары прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы прокуроры, Оңтүстік Қазақстан облысы Әділет департаменті бастығының орынбасары; 2001-2003 жылдары Шымкент қаласындағы Қазақ мемлекеттік заң академиясы Оңтүстік Қазақстан заң институтының, Қазақ мемлекеттік заң академиясының Құқық, қаржы және қаржы құқығы институтының ректоры; 2003-2005 жылдары ОҚО Шымкент қаласының прокуроры; 2005-2006 жылдары ОҚО облысы прокурорының орынбасары: 2006-2007 жылдары Жамбыл прокурорының орынбасары; 2007-2008 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университетінде қоғамдық-саяси зерттеулер ғылыми-зерттеу институтының директоры; 2007-2010 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университеті Қашықтан білім беру орталығының директоры; 2010 жылы ҚР экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі Тергеу департаментінде экономикалық және қаржылық қылмыстарды тергеу басқармасының бастығы; 2010-2011 жылдары Қазақ гуманитарлық заң университеті Әлеуметтік-саяси зерттеу жүргізу Ғылыми-зерттеу институтының директоры; 2011 жылы Қазақстан инженерлік-педагогикалық Халықтар достығы университетінде «құқықтану» кафедрасының профессоры; 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты; 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы, VI сайланған Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы; 2023 жылдан бастап — VIII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты.
51 жыл бұрын (1973) Түркістан облысының прокуроры Мұрат ТІЛЕУБЕРДИЕВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Алматы қаласы аудандық прокуратурасының көмекшісі, аға көмекшісі, бөлім бастығы; Алматы қаласы прокурорының көмекшісі; Алматы қаласы прокуратурасы бастығының орынбасары, бастығы; Қоғамдық мүдделерді қорғау басқармасы Алматы қаласы прокурорының аға көмекшісі; Алматы қаласы Әуезов ауданының прокуроры (2018-2023).
2023 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
48 жыл бұрын (1976) Алматы облысы Талғар ауданының прокуроры Ерлан Әлижанұлы ТАҒАЕВ дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген, біліктілігі «заңгер».
Еңбек жолы: Алматы облысы Талғар ауданы прокурорының көмекшісі (1998); Талғар ауданы прокурорының аға көмекшісі; Алматы облысы прокуратурасының азаматтық және экономикалық істер бойынша сот шешімдерінің заңдылығын қадағалау бөлімінің прокуроры; Талдықорған қаласы прокурорының аға көмекшісі; Алматы облысы прокуратурасының алдын ала тергеу және анықтау заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры; Көксу ауданы прокурорының орынбасары; Іле ауданы прокурорының көмекшісі; Іле ауданы прокурорының аға көмекшісі; Қарағанды облысы Теміртау қаласы прокурорының көмекшісі; Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласы прокурорының көмекшісі; ШҚО прокуратурасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінде, Қаржы полициясында және кеденде тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау басқармасының прокуроры; Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының Қылмыстық процестің заңдылығын қадағалау басқармасының Ішкі істер министрлігі органдарындағы тергеу мен анықтаудың заңдылығын қадағалау бөлімінің аға прокуроры; Риддер қаласы прокурорының орынбасары; Курчатов қаласының прокуроры; Шығыс Қазақстан облысының түзеу мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау жөніндегі мамандандырылған прокуратурасының прокуроры; Күршім ауданының прокуроры; Аягөз ауданының прокуроры; Абай облысы прокуратурасының Абай ауданының прокуроры; Абай облысы Жаңасемей ауданының прокуроры (2024-2024).
2024 жылдың қазан айынан бері қазіргі қызметінде.
44 жыл бұрын (1980) қазақстандық әнші, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, музыкант Ділназ Мұратқызы АХМАДИЕВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 2002 жылы Қазақ мемлекеттік халықаралық тілдер университетін тәмамдаған, мамандығы — аудармашы-референт.
1997 жылдан Мемлекеттік республикалық Ұйғыр театрының солисті және вокалисті болды. 2002 жылы Латвияның Юрмала қаласында өткен халықаралық «Новая волна» ән байқауында Қазақстанның атынан өнер көрсетті. 2004 жылы ол Голливудта (Калифорния) актерлік шеберлік сабақтарын алды.
2012 жылы «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері» атағын алды.
38 жыл бұрын (1986) Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы Нұртас Ғалымұлы КӘРІПБАЕВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Академик Е. А. Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген. «Болашақ» бағдарламасы бойынша Шеффилд университетін (Ұлыбритания) бітірген, менеджмент және мемлекеттік саясат магистрі.
Еңбек жолы: «Қарағанды облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бас маманы; «Қарағанды облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы; «Қарағанды облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінде және «Қарағанды облысының кәсіпкерлік басқармасы» мемлекеттік мекемесінде басшы лауазымдарда жұмыс істеді, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитеті төрағасының орынбасары (2022-2024).
2024 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.
77 жыл бұрын (1947-2015) қазақ мұнайы саласына елеулі үлес қосқан тұлға, мемлекет және қоғам қайраткері Нұрлан Өтепұлы БАЛҒЫМБАЕВ дүниеге келген.

Атырау қаласында туған. 1973 жылы Қазақ политехника институтын тау-кен инженері мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын қазіргі Маңғыстау облысының Құрық кентінде бұрғылаушының көмекшісі (1964) болып бастаған. 1973-1977 жылдары «Маңғышлақмұнай» бірлестігінде жерасты жөндеу операторы, мұнай шығару жөніндегі оператор, скважиналарды жерасты жөндеу шебері. 1977-1992 жылдары Атырау облысындағы Аққыстау өндірістік қызмет көрсету базасы бастығының орынбасары, «Ембімұнай», «Ақтөбемұнай» бірлестіктерінің бас инженері, КСРО Мұнай және газ өнеркәсібі министрігінің Бас басқармаларында бастықтың орынбасары қызметтерін атқарды. Одан кейін АҚШ-тың Массачуссетс университетінде оқып, мұнай өндірісінің әлемдік озық тәжірибелерін іс жүзінде меңгеру үшін «Шеврон» компаниясында жұмыс істеді. 1994-1997 жылдары ҚР Мұнай және газ өнеркәсібі министрі, «Қазақойл» ұлттық мұнай-газ компаниясының президенті болды. 1997-1999 жылдары ҚР Премьер-Министрі қызметін атқарды. 1999 жылдан «Қазақойл» ұлттық мұнай компаниясының президенті, Қазақстан үкіметінің мүшесі. 2002 жылдан «Қазақстандық мұнай инвестициялық компаниясы» АҚ президенті. 2007 жылдан ҚР Президентінің кеңесшісі, Қазақстанның Каспий теңізі ресурстарын пайдалану мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. 2009-2015 жылдары «ҚазМұнайГаздың» салынып жатқан кәсіпорындары дирекциясының» бас директоры.
Балғымбаев — еліміздің мұнай және газ өнеркәсібін заман талабына сай дамытып, қазба байлықтарды тиімділікпен игеріп, халық игілігіне жарату жөніндегі ірі жобаларды жасау ісіне тікелей араласып, ұйытқы болған тұлға.