20 қазан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 20 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады. 

20 қазан. Тұлғалар туған күн
Коллаж: Kazinform

ЕСІМДЕР

62 жыл бұрын (1963) ҚР Парламенті Сенатының депутаты Серік Балғатайұлы ӨТЕШОВ дүниеге келді.

 Серік Балғатайұлы ӨТЕШОВ
Фото: ortalyq.kz

Қарағанды ​​облысында туған. Қарағанды ​​мемлекеттік университетін бітірген, экономист (1986).

Еңбек жолы: бюджет бөлімінің аға экономисі, экономист, бас маман, бөлім бастығы, Жезқазған аудандық қаржы басқармасы бастығының бірінші орынбасары (1986-1995); Жезқазған облыстық жел электр станциялары комитетінің төрағасы, облыстық өнеркәсіп басқармасының бастығы, облыс әкімінің орынбасары (1995-1997); Қарағанды ​​облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары, бастығы (1997-1999); Қарағанды ​​облысы әкімінің орынбасары (1999-2004); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің Ұйымдастыру-бақылау жұмысы және кадр саясаты бөлімінің мемлекеттік инспекциясының мемлекеттік инспекторы (2004-2006); Қарағанды ​​облысының қаржы департаментінің директоры (басқарма бастығы) (2006-2010); Қарағанды ​​облысы әкімінің бірінші орынбасары (2010-2011); Қарағанды ​​облысы бойынша тексеру комиссиясының төрағасы (2011-2017); Қарағанды ​​облыстық мәслихатының хатшысы (2017-2023).

2023 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

49 жыл бұрын (1976) ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникация жөніндегі кеңесшісі Арман Оразбайұлы ҚЫРЫҚБАЕВ дүниеге келді.

Арман Оразбайұлы ҚЫРЫҚБАЕВ
Фото: Ақорда

Целиноград қаласында (қазіргі Астана қаласы) дүниеге келген. 1992 жылы Жезқазған облысы, Приозерск ауданының Шашубай кентінде (қазіргі Қарағанды облысы Ақтоғай ауданы) № 7 мектепті бітірді. 1992-1996 жылдары Қазақ Мемлекеттік Экономикалық Университетінде «халықаралық экономикалық қатынастар» мамандығы бойынша оқыды.

Еңбек жолын 1996 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ТМД және Балтия елдері басқармасының референті ретінде бастады. 1997 жылы ҚР Сыртқы істер министрлігінің ТМД департаментінде атташе болып қызмет атқарды. 1997-1999 жылдары ҚР Өзбекстандағы елшілігінде атташе болды. 1999-2000 жылдары ҚР Өзбекстандағы елшілігінің үшінші хатшысы қызметін атқарды. 2000 жылдың тамыз айында ҚР Сыртқы істер министрлігінің жолдамасымен ҚР Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясына оқуға түсіп, оны тәмамдағаннан кейін ТМД Комитетінің Орта Азия және Закавказья бөлімінде Екінші хатшы болып қызмет етті. 2002-2004 жылдары — «Корпорация „АВЕ“ ЖАҚ Стратегия және маркетинг департаментінің директоры, кейін Корпоративтік даму департаментінің директоры. 2004-2005 жылдары „К-МАРТ“ ЖШС бас директоры міндетін бірлесе атқарды. 2005 жылы Алматы қаласы Медеу ауданы әкімінің орынбасары, 2005-2006 жылдары Алматы қаласы Жастар саясатын дамыту қорының директоры қызметтерінде болды. 2006-2008 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігі қоғамдық-саяси жұмыс және қоғаммен байланыстар департаментінің директоры, ал 2008-2010 жылдары Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитетінің төрағасы болып қызмет етті. 2010-2012 жылдары Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. 2012-2014 жылдары ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі болды. 2014-2015 жылдары „Нұр Отан“ партиясы Төрағасының бірінші орынбасарының кеңесшісі. 2015-2019 жылдары Алматы қаласы әкімінің орынбасары. 2019-2022 жылдары Nur Otan партиясының хатшысы.

2025 жылдың ақпан айынан бастап қазіргі қызметінде.

47 жыл бұрын (1978) Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Ескендір Қайырбекұлы ШЫНЫБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. 1999 жылы Қазақ мемлекеттік заң университетінде құқықтану магистрі дәрежесін алған. Сонымен қатар Қазақ инновациялық гуманитарлық-заң университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 2000 жылы Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасының органдарында жұмыс істеген. 2000-2014 жылдары түрлі қызметтерде, атап айтқанда прокуратура органдарында және экономикалық және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаментте жетекшілік қызметтер атқарған. 2014-2016 жылдары Зырян аудандық сотының судьясы; 2016-2021 жылдары Шемонаиха аудандық сотының төрағасы.

2021 жылдың ммамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.

42 жыл бұрын (1983) Алматы облысының прокуроры Берік Абызбайұлы АДАМОВ дүниеге келді.

Берік Абызбайұлы АДАМОВ
Фото: Gov.kz

Павлодар облысында туған. Гуманитарлық-заң университетін (2004), Инновациялық Еуразия университетін (2006), РФ Бас прокуратурасы Академиясын (2016) тәмамдаған.

Павлодар қаласы прокурорының көмекшісі, Астана қаласы Алматы аудандық прокурорының аға көмекшісі, Астана прокуратура басқармасының прокуроры, ҚР Бас прокуратурасы департаментінің Бірінші бөлімінде прокурор, Қарағанды ​​облысы және Астана қаласы прокуратурасы 4-ші басқармасының бастығы, Екібастұз қаласының прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Алматы қаласы прокурорының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Қазіргі қызметін 2022 жылдың тамызынан бері атқарып келеді.

37 жыл бұрын (1988) қазақстандық әнші және музыкант, Молданазар музыкалық тобының әншісі Ғалымжан Маханбетұлы МОЛДАНАЗАР дүниеге келді.

 Ғалымжан Маханбетұлы МОЛДАНАЗАР
Фото: esquire.kz

Қызылорда облысы Қараөзек ауылында дүниеге келген ол Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясында білім алған.

Шығармашылық жолы: Хит телеарнасының музыкалық симпозиумында рок жұлдызы Әсеммен бірге «Жылама жүрегім» әнін орындады (2011); «Ақпен бірге» (2013) музыкалық бейнебаянын шығарды; Молданазар тобын құрды (2015); Молданазар Break of Reality тобымен бірге Нью-Йорктегі сахналарда өнер көрсетті; «Өзің ғана» клипі (2016), ән «Ұмытшы мені тез» (2016), «Жаным сол» және «Сенің жаныңда» (2017); «Тараз» фильмінің саундтрегін орындады (2016 ж. қазан); композиция «Сағым»; «Алтыншы пост» фильміне саундтрек (2018); Ғалымжан украиндық орындаушы Иван Дорнмен бірге «Қайда» трегін шығарды (наурыз 2018); «Есімде бәрі» (2018), «Айтарым көп» (2020) және «Депті» (2021) музыкалық альбомдарын шығарды. 2024 жылдың желтоқсан айында Лондондағы AIR студиясында жаңа «Arbir Janga (Әрбір тірі жанға)» әні жазылды.

93 жыл бұрын (1932-2016) ақын, прозашы, журналист-публицист, қоғам қайраткері Нұрғожа Нарынбайұлы ОРАЗ дүниеге келген.

Нұрғожа Нарынбайұлы ОРАЗ
Фото: kazpravda.kz

Қостанай облысы Урицкий (қазіргі Сарыкөл) ауданы «Октябрь» колхозында туған. 1956 жылы Алматы қаласындағы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген соң туған ауылында мұғалім болып алғашқы еңбек жолын бастаған. Кейін Қостанай облыстық «Коммунизм туы» газетінде тілші болып қызмет атқарған. 1963 жылы Целиноград қаласына қоныс аударып, өлкелік «Тың өлкесі» газетіне жұмысқа ауысады. 1965-1991 жылдар аралығында Қазақстан Жазушылар одағының облысаралық бөлімшесін басқарды. 1990 жылдан өмірден өткенше өзі ашқан әдеби-көркем, қоғамдық-саяси «Сарыарқа» (кейін «Жаңа Сарыарқа») журналының бас редакторы болды.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, ҚР Журналистер одағының М. Сералин атындағы сыйлығының лауреаты, «Астана» және «Тәуелсіздіктің 10 жылдығы» медальдарымен марапатталған. «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» (2006).

Өлеңдер топтамасы украин, орыс, қырғыз тілдеріне аударылған.

75 жыл бұрын (1950-1998) актер, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі Тоқсын ҚҰЛЫБЕКОВ дүниеге келді.

Тоқсын ҚҰЛЫБЕКОВ
Фото: Abai.tv арнасының кадры

Алматы облысының Кербұлақ ауданында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын (қазіргі Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген.

1968-1970 жылдары Амангелді ұжымшарында мәдениет үйінің меңгерушісі, Қазақ радиосының дикторы, режиссері болып істеді. Сондай-ақ, ол сол тұста көрермендердің сүйікті бағдарламалары болған «Қымызхана», «Алтыбақан», «Жебе» телехабарларының жүргізушісі болды. 1984 жылдан өмірінің соңына дейін «Тамаша» ойын-сауық отауының құрамында өнер көрсетті.

«Жігер» жастар фестивалінің лауреаты.

62 жыл бұрын (1963-2008) ауыр атлетикадан Олимпиада чемпионы Анатолий Михайлович ХРАПАТЫЙ дүниеге келді.

Анатолий Михайлович ХРАПАТЫЙ
Фото: mk-kz.kz

Ақмола облысының Атбасар қаласында туған. Алматыдағы Қазақ дене шынықтыру институтын бітірген. Алғашқы бапкері — А. Сидоров. Ол Қазақстан және КСРО-ның бірнеше дүркін чемпионы, Азия ойындарының күміс жүлдегері, екі мәрте Азия чемпионы және Орталық Азия ойындарының, Шығыс Азия ойындарының жеңімпазы, бес дүркін Еуропа және әлем чемпионы, Олимпиада ойындарының алтын (Сеул, 1988) және күміс (Атланта, 1996) жүлдегері болған.

«Құрмет» орденімен марапатталған. 

Соңғы жаңалықтар