20:22, 29 Маусым 2016 | GMT +5
20 күн ішінде ЭКСПО көрмесіне бес мыңнан аса билет сатылған
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 күн ішінде 2017 жылы өтетін «ЭКСПО» Халықаралық көрмесіне бес мыңнан аса билет сатылған. Бұл туралы бүгін «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Ербол Шорманов мәлім етті.

«Өздеріңіз білетіндей, 10 маусымнан бастап көрмеге онлайн-билеттер сатыла бастады. Жиырма күн ішінде 5204 билет сатылса, оның 10 пайызын шет ел азаматтары сатып алған», - деп хабарлады Е.Шорманов.
Оның хабарлауынша, туристік агенттіктер де көрменің билеттерін жапа-тармағай сатып алып жатыр.
«Туристік саланың субъектілері зор қызығушылық танытып отыр, сол промо-кезең басталған 10 маусымнан бері туристік операторлар мен реселлерлер 200 мыңнан аса билет сатып алған», - деп хабарлады Е.Шорманов.