20 маусым күні Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады

АСТАНА. KAZINFORM - Циклон мен онымен байланысты атмосфералық фронттардың әсерінен 20 маусымда еліміздің басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Күндіз еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр жауып, бұршақ түсуі мүмкін.

Астана после дождя Жаңбырдан кейінгі Астана
Фото: Солтан Жексенбеков/ Kazinform

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республика бойынша жел күшейеді. Солтүстік пен оңтүстікте шаңды дауыл соғады.

Сонымен қатар, мына өңірлерде жоғары өрт қаупі сақталады:

  • Алматы облысы,

  • Абай облысының солтүстігі мен шығысы,

  • Павлодар облысының батысы мен оңтүстігі,

  • Жамбыл облысының оңтүстігі мен солтүстігі,

  • Батыс Қазақстан облысының батысы, шығысы және оңтүстік-шығысы,

  • Ақмола облысының оңтүстігі мен шығысы,

  • Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстігі,

  • Атырау облысының солтүстігі мен оңтүстігі,

  • Маңғыстау облысының солтүстік-батысы, орталығы мен оңтүстігі,

  • Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысы.

Ал мына аймақтарда өте жоғары, төтенше өрт қаупі болжанып отыр:

  • Жамбыл, Қызылорда, Түркістан, Ақтөбе, Қарағанды облыстары,

  • Ұлытау облысы,

  • Жетісу облысының солтүстігі, шығысы мен орталығы,

  • Алматы облысының солтүстігі, батысы және орталығы,

  • Атырау облысының шығысы мен орталығы,

  • Маңғыстау облысының солтүстігі, шығысы және оңтүстік-шығысы,

  • Павлодар облысының солтүстік-батысы және оңтүстік-шығысы,

  • Қостанай облысының солтүстігі мен оңтүстігі,

  • Батыс Қазақстан облысы,

  • Абай облысының батысы, солтүстік-батысы және оңтүстігі,

  • Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігі мен орталығы.

Ауа температурасы да жоғарылайды.

  • Жетісу облысында күндіз 35 градусқа дейін қатты ыстық күтіледі.

  • Абай облысында 35–38 градусқа дейін,

  • Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде 37 градусқа дейін қатты ыстық болады.

Айта кетейік, Қанат Бозымбаев табиғи апаттардан тұрғын үйлерді міндетті сақтандыру жүйесін әзірлеу барысын тексерді.

Соңғы жаңалықтар