20 маусым. Тұлғалар туған күн
Бүгін, 20 маусым күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР
59 жыл бұрын (1966) «Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейі» РМКК директоры Гүлайым Мұсағұлқызы ЖҰМАБЕКОВА дүниеге келді.

Алматыда туған. 1989 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірді.
1991-2013 жылдары Ә. Қастеев музейінде экскурсия жетекшісі, редактор, ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, зергерлік өнер секторының жетекшісі болып жұмыс істеді. 2013-2022 жылдары Қолданбалы өнер бөлімінің жетекшісі болды.
Қазіргі қызметінде — 2022 жылдың сәуірінен.
53 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және КХДР-дағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы Шахрат Шәкізатұлы НҰРЫШЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Бейжің лингвистикалық университетінің қытай филологиясы факультетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шығыстану факультетін бітірген.
Алматы қаласында туған. 1995 жылы Бейжің тіл университетін, 1996 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін, 2012 жылы Назарбаев университетін бітірген.
Еңбек жолы: 1996-1997 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігі Азия елдері басқармасының референті, 1997-1999 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Үрімші қаласындағы (Қытай Халық Республикасы) Төлқұжат-визалық қызметінің атташесі, үшінші хатшысы, 1999-2004 жылдары Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің екінші хатшысы, бірінші хатшысы, 2004-2005 жылдары Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Азия және Африка департаментінің бөлім бастығы, басқарма бастығы болып қызмет атқарған. 2005-2007 жылдары Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі — Қазақстан Республикасының Шанхай ынтымақтастық ұйымындағы тұрақты өкілі, 2007-2008 жылдары Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігінің кеңесші-уәкілі, 2008-2015 жылдары ҚР Сыртқы істер министрлігінің Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі және Қазақстан Республикасынан Шанхай ынтымақтастығы ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Ұлттық үйлестірушісі, 2009-2010 жылдары ҚР Үкіметінің Ауғанстан Ислам Республикасымен ынтымақтастық сұрақтары бойынша Арнайы өкілі, 2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, 2015-2019 жылдары Қазақстан Республикасының Корей Халық-Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы, 2019-2022 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары лауазымын атқарған.
ҚР Президентінің 2022 жылғы 8 cәуірдегі Жарлығымен Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі болып қайта тағайындалды.
Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
49 жыл бұрын (1976) Ақмола облысы Степногор қаласының әкімі Гайдар Қабдоллаұлы ҚАСЕНОВ дүниеге келді.

Ақмола облысы, Атбасар ауданы, Мариновка ауылында туған. 1998 жылы Астана қаласындағы С. Сейфуллин атындағы Аграрлық университетті ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру мамандығы бойынша бітірген.
Университетте әскери кафедраны аяқтады. Запастағы аға лейтенант, взвод командирі. 2002 жылы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін сырттай оқып, әлеуметтік сала мен өндірістердегі экономика және менеджмент мамандығы бойынша тәмамдаған.
2004 жылы Челябинск мемлекеттік агроинженерлік университетінің аспирантурасын аяқтап, экономика ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған. 2012 жылы Халықаралық бизнес академиясының магистратурасын менеджмент мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: 1998-1999 жылдары Астана қаласы «Алматы» ауданы әкімі аппаратының экономика және нарықтық қатынастар бөлімінде бас маман болып жұмыс істеді. 1999-2001 жылдары «Астана-Финанс» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы көмекшісі, кейін жоспарлау, маркетинг және ақпараттық технологиялар бөлімінің маманы болды. 2001-2002 жылдары «Астана Газ Сервис» ашық акционерлік қоғамы сату бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді. 2002-2006 жылдары «Орталық газбен жабдықтау» ЖШС директоры, 2004-2006 жылдары «Евразия Central LTD» ЖШС директоры, 2006-2007 жылдары «Алматы» ауданы әкімі орынбасары болып жұмыс істеді. 2007-2008 жылдары Астана қаласы «Алматы» ауданының әкімі, 2008-2015 жылдры «Қазтеміртранс» АҚ вице-президенті, 2015-2019 жылдары «Nur Otan» партиясы Астана қаласы «Алматы» аудандық филиалының бірінші орынбасары, 2019-2021 жылдары Ақмола облысы, Шортанды ауданның әкімі, 2021-2024 жылдары Ақмола облысы, Қосшы қаласының әкімі лауазымын атқарған.
Қазіргі қызметін 2024 жылғы қарашадан бері атқарып келеді.
44 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет генерал-майоры Ернар Әбсейітұлы МАҚАЖАНОВ дүниеге келді.

Алматы облысында туған. 2002 жылы Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, 2008 жылы Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясын бітірген.
Еңбек жолы: 2005-2014 жылдары қаржы полициясы органдарында қызмет атқарды, аумақтық Қаржы полициясы департаментінде бөлім бастығы, басқарма бастығының орынбасары лауазымдарында жұмыс істеген. 2014-2015 жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, 2015-2017 жылдары экономикалық тергеу органдарында қызмет атқарған, аумақтық мемлекеттік кірістер департаменттерінде бөлім, басқарма басшысы болған. 2017 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары, Алматы облысы бойынша департамент басшысы, Жамбыл облысы бойынша департамент басшысының бірінші орынбасары болып қызмет атқарған.
2023 жылдың мамырынан бастап Агенттіктің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымында болған. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет полковнигі арнаулы атағы бар.
2024 жылдың қыркүйегінен бастап — Агенттіктің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы.
ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен, құқық қорғау органдарының ведомстволық наградаларымен және мерейтойлық медальдармен наградталған.
37 жыл бұрын (1986)«Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС Өткізу жөніндегі директоры Айбек Балтабекұлы БОРШАНОВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. 2008 жылы Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін «Стандарттау, метрология және сертификаттау» мамандығы бойынша, 2010 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша бітірген. 2018 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің магистратурасын бітірді, құқық және экономика магистрі.
Еңбек жолын 2008 жылы «Қарағанды Жарық» ЖШС инженер-талдаушысы қызметінен бастаған. 2009 жылы «Қарағанды Жарық» ЖШС іске асыру бөлімі бастығының міндетін атқарушы болып тағайындалды. 2011-2014 жылдары «Қарағанды Жарық» ЖШС Электр энергиясын бөлуді техникалық бақылау және талдау қызметінің бастығы, 2015-2016 жылдары Электр энергиясын бөлу департаменті директорының орынбасары, «Қарағанды Жарық» ЖШС Перспективалық дамыту департаменті директорының орынбасары қызметтерін атқарды. 2016-2017 жылдары «Қарағанды Су» ЖШС Бас директорының өткізу жөніндегі орынбасары, 2017-2019 жылдары «ҚарағандыЖылуСбыт» ЖШС директоры, 2019-2020 жылдары «Қарағанды Су»ЖШС Бас директоры, 2020-2021 жылдары «Оңтүстік Жарық Транзит» ЖШС Коммерциялық директоры қызметін атқарды. 2022-2023 жылдары «Қазақстандық Коммуналдық жүйелері» ЖШС Директорының өткізу жөніндегі орынбасары лауазымында болды.
Қазіргі қызметін 2023 жылдың қараша айынан бастап атқарып келеді.
«Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының еңбек сіңірген энергетигі», «Қазақстан Электр энергетикалық қауымдастығының Құрметті энергетигі» атақтарына ие, «ГОЭРЛОға 100 жыл» медаліне ие, ТМД Электр энергетикалық Кеңесінің Құрмет грамотасымен, Қарағанды облысы әкімінің Алғыс хатымен, Шымкент қаласы әкімінің Алғыс хатымен марапатталған.
79 жыл бұрын (1946-2019) Кеңес Одағында бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері атанған тұңғыш қазақстандық боксшы, КСРО-ның екі дүркін чемпионы, бокстан Америка, Еуропа, Африка елдерінде өткен халықаралық жарыстардың жеңімпазы, жаттықтырушы, киноактер Әбдірашит ӘБДІРАХМАНОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік институтын бітірген.
1969 жылы КСРО кубогын жеңіп алды. 1970-1971 жылдары жартылай орта салмақта КСРО чемпионы атанды. Көптеген халықаралық турнирлердің жеңімпазы. Спорттық мансабын аяқтағаннан кейін Әбдірахманов боксшыларды жаттықтыра бастады. Оның шәкірттерінің қатарында әлем чемпиондары Орзубек Назаров пен Андрей Курнявка бар. Қазақстан Республикасының шығыс жекпе-жегінің дамуына зор үлес қосты. Ол жекпе-жектің көптеген түрлерінен, атап айтқанда бокс, ушу-саньда, кикбоксинг, тай-бокстан спортшыларды дайындаы. ҚР Президенті күзетінің арнайы батальонын дайындаумен айналысты. Алайда, жаттықтырушылық қызметтен бас тартып, актерлік өнерге бет бұрды. 1969 жылы атақты боксшы белгілі қазақстандық режиссер Шәкен Аймановтың көзіне түседі. Оны «Ақ шаршы» фильміндегі боксшының рөліне шақырады. Басты рөлді Әбдірашит сомдаған Шыңғыс Айтматовтың «Боранды бекет» романы бойынша түсірілген фильм 1996 жылы Берлин фестивалінде әлемдік кино өнеріне қосқан үлесі үшін «Алтын камера» жүлдесін иеленді.