00:10, 05 Маусым 2014 | GMT +5
20 маусымға белгіленген «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылмайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 маусымға белгіленген «Луч» спутнигімен «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылмауы мүмкін. Бұл туралы зымырын-тасығыштың құлауын тергеу бойынша апаттық комиссия хабарлады, деп хабарлады «Вести ФМ».
Комиссия өзінің жұмысын осы аптаның соңына дейін аяқтайды деп күтілуде. Комиссияның басшысы Александр Данилюктің сөзіне қарағанда, осыдан кейін тексеріс нәтижелері үкіметке хабарланады. Естеріңізге сала кетейік, 2014 жылғы 16 мамырда Байқоңыр ғарыш айлағынан Астана уақыты бойынша сағат 03.42-де ұшырылған «Протон-М» зымыран-тасығышы орбитаға «Экспресс-АМ4Р» ғарыш аппаратын алып шыға алмады. Ол ұшырылғаннан кейін 540-ші секундта күтпеген жағдай орын алған: зымыран-тасығыштың 3-сатысының қозғалтқышы апатты түрде істен шығып, салдарынан ғарыш кемесімен байланыс үзілді.Зымыран Қытай аумағының үстіндегі атмосферада жанып кеткен.