20 маусымы мен 1 шілде аралығында Алматының жылу желілерінде гидравликалық сынақ жүргізіледі

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «Алматы жылу жүйесі» ЖШС 2016 жылдың 20 маусымы мен 1 шілдесі аралығында қалада магистралдық және таратушы желілерді гидравликалық сынақтан өткізеді. Ондағы мақсат - қаланың жылу кешенін алдағы жылу маусымына дайындау. Сол үшін сынақ барысында жылу желілеріндегі жабдықтардың техникалық ахуалына баға беріліп, жасырын ақаулар мен құбыр желісіндегі осал жерлер анықталып, жөндеуден өткізіледі.
None
None

Сонымен, арнайы жұмыс кестесі бойынша, 

20 маусым күні таңғы сағат 09:00-ден бастап, 24 маусым күнгі кешкі сағат 16:00-ге дейін Таштитов - Тихая - Қазақбаев -Сүйінбай көшелері,

20 маусым күні таңғы сағат 09:00-ден бастап, 23 маусым күнгі кешкі сағат 17:00-ге дейін Шолохов - Ержанов - Зумнухов - Р. Зорге көшелері,

21 маусым күні таңғы сағат 08:00-ден бастап, 24 маусым күнгі кешкі сағат 16:00-ге дейін Асқаров - әл-Фараби - Торайғыров - Розыбакиев -Қожанов - Жароков - Есенәлиев - №76-шы орта мектеп, әл-Фараби -Шашкин - Тимирязев - Байтұрсынов - Фурманов - Қажымұқан - Байжанов -Достык (ІІМ демалыс үйіне дейін) көшелері,

21 маусым күні таңғы сағат 09:00-ден бастап, 21 маусым күнгі кешкі сағат 16:0-ге дейін Қарасай батыр - Шагабутдинов - Розыбакиев көшелері - Абая даңғылы,

23 маусым күні таңғы сағат 09:00-ден бастап, 23 маусым күнгі кешкі сағат 16:00-ге дейін Құлымбетов - Айманов - Жандосов - Варламов көшелері,

24 маусым күні таңғы сағат 09:0-ден бастап, 29 маусым күнгі 16:00-ге дейін Станкевич 17 мекенжайындағы қазандығы, Станкевич - Шолохов - Майбарада - Щербауов көшелері,

27 маусым күні таңғы сағат 09:00-ден бастап, 30 маусым күнгі кешкі сағат 16:00-ге дейін Таштитов - Тихая - Қазақбаев - Сүйінбай көшелері,

27 маусым күні таңғы сағат 09:00-ден бастап, 28 маусым күнгі кешкі сағат 17:00-ге дейін Абай - Рысқұлов даңғылдары - Яссауи - Гайдар көшелері,

28 маусым күнгі таңғы сағат 09:00-ден бастап, 29 маусым күнгі кешкі сағат 17:00-ге дейін Маречек - Сәтбаев - Гайдар - Әуезов көшелері мен Қалқаман шағын ауданы,

30 маусым күні таңғы сағат 09:00-ден бастап, 1 шілде күнгі кешкі сағат 17:00-ге дейін Ұлықбек - Рысқұлбеков - Өтеген батыр - Яссауи көшелері аумағында орналасқан жылу желілерінде гидравликалық сынақ жұмыстары жүргізіледі.

Гидравликалық сынақ жұмыстарын жүргізу барысында осы аталған аумақтарда тұратын тұрғындарды ыстық сумен қамтамасыз ету толығымен сақталады.

«Егер де төтенше жағдай орын ала қалған жағдайды тұрғындарды өздігінен әрекет жасамауға, оның орнына мына телефон нөмірі бойынша «Алматы жылу жүйесі» ЖШС диспетчерлік қызметіне хабарласуларын сұраймыз: 378-06-65», - делінген аталған компанияның хабарламасында.

Соңғы жаңалықтар