20 млн-шы адам: Щучье қаласында дүниеге келген сәби — қыз бала
Ақмола облысының Щучье қаласында Қазақстанның 20 млн-шы тұрғыны — қыз бала дүниеге келді, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

(«Авиценна-Бурабай» ЖШС директоры Евгений Бекаевтың айтуынша, 20 млн-шы тұрғын — қыз бала. Қарашаның 14-інде сағат 08:10–да дүниеге келген.
«Еліміздің 20 миллионыншы азаматын дүниеге әкелген Бурабай ауданы Жасыл ауылының тұрғыны Динара Сержанқызы Карекина, бұл осы отбасындағы екінші бала. Тұңғыштары ұл бала, 2 жаста. Жаңа туған нәрестенің салмағы 4 кг 100 грамм, бойы 57 см. Қазіргі кезде, ол өзін жақсы сезінеді», — деді «Авиценна-Бурабай» ЖШС директоры Евгений Бекаев.
Айта кетсек, бұдан бұрын Мемлекет басшысы отандастарымызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаған еді.
«Халқымыздың саны 20 миллионға жетті! Баршаңызды ақжолтай жаңалықпен құттықтаймын! Бақытты отбасы — бақуатты елдің негізі. Мемлекет отбасы құндылықтарын нығайтуға, ана мен баланы қорғауға баса мән береді», — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев Х парақшасында.