20 наурызда республика жолдарындағы ахуал қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM — «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады. 

жол жабылды
Фото: Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2026 жылғы 20 наурызда республикалық маңызы бар бірнеше жолда көлік қозғалысы шектелді:

Солтүстік Қазақстан облысы

• «Тимирязево — Сарыкөл — Қостанай облысының шекарасы» автожолының 0-30-шақырым аралығы (Тимирязево ауылы — Қостанай облысының шекарасы) учаскесінде жүк және қоғамдық көліктер үшін қозғалыс шектелді.

Павлодар облысы

• «Астана — Шідерті — Павлодар — Успенка — РФ шекарасы» автожолындағы «Қалқаман» жолайрығы учаскесі (Қалқаман кентіне кіреберіс пен Астана бағытына шығар жол).

Шығыс Қазақстан облысы

• Осинов асуында тіркемесі бар және жартылай тіркемелі жүк көліктерінің қозғалысы уақытша шектелді. Шектеу «Өскемен — Алтай — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолының 46-66-шақырымындағы (Северное ауылы — Серебрянск қаласы) учаскесінде қысқы маусым аяқталғанша сақталады.

Еске салайық, бұған дейін «ҚазАвтоЖол» Павлодар және Абай облыстарында жол ашылып, көлік қозғалысына рұқсат берілгені туралы хабарлаған еді.

Соңғы жаңалықтар