20 НАУРЫЗ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР
20 НАУРЫЗ, БЕЙСЕНБІ
Халықаралық франкофония күні. Бұл - француз тілінде сөйлейтін елдердің мейрамы. Бүгінгі таңда бірнеше күнге созылатын франкофония мерекесі, күнделікті француз тілінде сөйлесетін әлемнің 47 елін біріктіреді. Ал осы франкофония терминін тұңғыш рет француздық ғалым-географ Элизе Реклю қолданған болатын. 1970 жылғы наурыздың 20-ы күні Нигер астанасы Ниамей қаласында бүкіләлемдік франкофония ұйымы құрылды. Ұйымның негізгі мақсаты барлық француз тілін сүюшілердің басын біріктіру, француз және франкотілдес елдердің мәдениетін тарату және танымал болуына жәрдем беру еді. Әдетте осы мереке күндері ғылыми конференциялар, филологиялық семинарлар, концерттер, таныстырылымдар, пікірсайыстар өтеді.
Тунис Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні. 1881 жылдан Франция отары болып келген Тунис 1956 жылы тәуелсіздігін алды. Тунис - Африканың солтүстігінде орналасқан араб мемлекеті. Ежелден келе жатқан, тарихы бай ел. Әйгілі Карфаген нақ қазіргі Тунистің аймағында орналасқан болатын. 9,6 миллион тұрғыны бар мемлекеттің басшысы - Президент. Заң шығарушы органы - Парламент. Елде араб және француз тілі тең дәрежеде қолданылады. Қазақстан Республикасы мен Тунис Республикасы арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қарашаның 23-де орнатылған.
Бүкіләлемдік астрология күні. Астрология (грек тілінде astron - «жұлдыз» және logos - «сөз, ілім») - жер шарына және адамға жұлдыздардың әрекет етуі туралы ілім. Астрология ежелде қалыптасқан, жұлдызды ғибадатпен және жұлдызды аңызбен тығыз байланысты. XX ғасыр аяғында батыс жұлдызшылары астрология күнін наурыздың 20-ында, астрономиялық және астрологиялық жыл басталған уақытта атап өтуді ұсынды. Күн бұл кезде тоқты белгісіне енеді (көктемгі күн мен түннің теңесу күні 20-21 наурызға сәйкес келеді).
Планетарийлер күні. Ең алғашқы рет 1990 жылы Италияда өткізілген. Халықаралық мәртебеге 1994 жылы француздық «астрономия шіркеуі» қолдағаннан кейін ие болған. Бір жылдан соң бұл мейрамды Еуропаның басқа елдерінің планитарийлері қолдады. Көктемгі күн мен түннің теңесу күніне таяу жексенбіде тойланады. Бұл мейрамды өткізу мақсаты - қоғамды планетарийлер қызыметімен таныстыру және астрономиялық білімді насихаттау.
Жер к үні. Бұл күнді мерекелеу алғаш рет 1969 жылы ЮНЕСКО-ның Сан-Францияско қаласында өткен отырысында айтылды. Тура бір айдан соң ЮНЕСКО-дан бөлек аталмыш мерекенің баламалы датасы 22 сәуір күні - Жер күнін атап өту идеясы ұсынылды. Қазіргі кезде атамған мерекенің нақты күні 22 сәуір болып саналады. Алайда бұл күн наурызда да, сәуірде де аталып өтіледі.
Жапониядағы көктемгі тепе-теңдік күні. Жапонияда1948 жылдан бері 20 және 21 нуарыз күні көктемгі тепе-теңдіктің орнауына байланысты тойланатын мереке. Жапон тілінде бұл мереке Хиган деп аталады. Жапондықтан бұл күні табиғаттың оянуын атап өтіп, көктемді қарсы алады.
Бүкіләлемдік торғайлар күні. Бұл мереке торғай деген кішкентай құстың бары туралы халыққа кеңінен насихаттуа үшін белгіленген. Үнділік Nature Forever Society қауымдастығы ұсынған бұл күнді көптеген халықаралық ұйымдар қолдап, содан бері бірнеше жыл қатарынан меркеленіп келеді.
Халықаралық бақыт күні. БҰҰ бастамасымен аталып өтіліп келе жатқан мереке. 2012 жылы бұл күнді Бутан корольдігі ұсынды. Ұйымның Бас Ассамблеясы өзінің разолюциясында бақытқа ұмтылу адамзаттың негізгін қалаушы күш екенін атап өтіп, бұл күні көтеріңкі көңіл күй сыйлайтын шараларды жүзеге асыру қажеттігін алған тартқан.
БҰҰ-ның ресми тілдерінің күні. БҰҰ-да ұйымның барлық құжаттарын қабылдауда пайдаланылатын негізгі ресми алты тіл бар.2010 жылы ЮНЕСКО-ның ұсынысымен әр тілге арналған арнайы естелік күні бекітілген болатын.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
7 9 жыл бұрын (1935) «Төте оқу» деген атпен апталық газеттің алғашқы саны жарық көрді. Газеттің алға қойған мақсаты мектептерге, мұғалімдерге, өз беттерінше сауат ашушы адамдарға іс жүзінде көмек беру болды. 1939 жылдан «Сауатты болуға көмекші» деген атпен, латыншадан орыс графикасына көшуге байланысты 1940 жылдан «Жаңа жазу» деген атпен шықты. 1952 жылдың қараша айынан «Қазақстан мұғалімі» деген атпен жарық көрді.
Бастауыш және орта мектептердің мұғалімдері мен педагогикалық жоғары оку орындарының студенттеріне арналған.
5 3 жыл бұрын (1961) Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумның Жарлығымен Ақмола қаласының (1830-1961) атауы Целиноград (1961-1992) деп өзгертілді.
1998 жылғы 6 мамырда Елбасының жарлығьмен Қазақстан Республикасының астанасы - Астана қаласы болып аталды, ал 20 мамырда «Казақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды.
2 2 жыл бұрын (1992) республика тәуелсiздiгiнiң символына айналған «Алтын Сарбаз» атты Қазақстанның алғашқы пошта маркасы шығарылды. Дәл осы кезден қазақстандық маркалар дүние жүзi пошта тізбелеріндегі пошта миниатюралары арасында және филателистер каталогтарында өз орнын тапты. Қазiргi күнге дейін 300 жуық маркалар мен блоктар шығарылды.
1 2 жыл бұрын (2002) Шығыс Қазақстан облыстық Жастар және балалар ұйымы қауымдастығы тіркелді.
8 жыл бұрын (2006) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында демократиялық реформалар бағдарламасын әзірлеу мен нақтылау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы» Жарлыққа қол қойды. Мемлекеттік комиссия Қазақстанның саяси жүйесін жаңарту және еліміздегі демократиялық өзгерістерді тереңдету мәселелері жөніндегі жалпыұлттық үндесуді дамыту мақсатында құрылды.
7 жыл бұрын (2007) Тұрар Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде Қазақстан Республикасының адамгершілік дамуы туралы БҰҰ-ның даму бағдарламасының ақпараттық порталының және оқулықтарының тұсау кесер рәсімі өтті.
Оқулықтарды Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мақұлдаған.
Оларды дайындауға Қазақстандағы БҰҰ жүйесінің сарапшылары, жоғарғы оқу орындарының оқытушылары және де еліміздің мемлекеттік органдарының қызметкерлері ат салысты.
7 жыл бұрын (2007) Алматыда Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан және КСРО халық әртісі Әмина Өмірзақоваға (1919-2006) арналған кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Кітап «Қазақстан» баспаханасының «Ғибратты ғұмыр» сериясынан 2 мың 500 дана болып шықты. Оның авторы танымал жазушы Сейілғазы Әбдікәрімов.
Әмина Өмiрзақова театрда және кинода 200-дей рөлді тамаша сомдады, соның ішіндегі басым рөлдері ана бейнесі болған.
6 жыл бұрын (2008) Алматыда Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев туралы «Тұлға» атты орыс тіліндегі естеліктер кітабының тұсаукесері өтті.
Кітапта ұлы тұлғаның қызметтес әріптестерінің, көз көрген еңбек адамдарының, қоғам қайраткерлерінің естеліктері беріліп, Дінмұхамет Ахметұлының азаматтық тұлғасы, адамгершілік қасиеттері, кісілік келбеті, қызметтегі бейнесі көрініс тапқан. Сонымен қатар бұған дейінгі еңбектерде болмаған Қонаевтар отбасының құнды суреттері берілген.
2000 данамен шыққан туынды «Санат» баспасының директоры, белгілі қаламгер Серік Әбдірайымұлының құрастыруымен жарық көрген. Кітаптың таныстырылымына қатысқан Кеңес Аухадиев, Роза Ахметқызы, Элдар Қонаев, т.б әріптестері мен туыстары естеліктер айтты. Кітаптың құрастырушысы Серік Әбдірайымұлының сөзіне қарағанда, Қонаев жайлы қандай пікір айтсақ та жарасады. «Біз әлі Димекең жайлы жан-жақты айта алмай жатырмыз. Ол болашақтың ісі ғой деп ойлаймын. Бүгінгі кітапта әртүрлі саладағы Димаш Ахметұлымен бірге қызмет істеп, көзін көрген қарапайым жұмыскерден Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлының естеліктеріне дейін берілген», деді жазушы. Бұған дейін ұлы тұлғаның өз қаламынан туған қазақ-орыс тілдеріндегі «Өтті дәурен осылай», «Ақиқаттан аттауға болмайды» шығармалары, сондай-ақ Серік Әбдірайымұлының «Елу жыл ел ағасы» атты еңбегі жарық көрген болатын.
6 жыл бұрын (2008) Астанадағы «Риксос» қонақүйінде сенатор, жазушы Ғарифолла Есімнің «Жар жағасы» атты кітабының таныстырылымы өтті.
Кітаптың бірінші бөлімінде Адам ата мен Хауа ана, Платон, Шыңғыс хан жайлы, Кеңес өкіметі кезіндегі оқиғалар мен 30-шы жылдардағы ашаршылыққа байланысты новеллалар топтастырылса, екінші бөлімде Қорқыт ата, Қожа Ахмет Ясауи, Руми, Жүсіпбек Аймауытов, Уильям Фолкнер, Шыңғыс Айтматов жайындағы эсселер бар.
Шығармаларда көбіне адам мен оның болмысы туралы толғаныстар, философиялық көркемдік дүниетаным, символикалық мазмұн, сезім, ой, тіл, көркемдік логика сияқты дүниелердің барлығы да бір идеяға таңылған.
5 жыл бұрын (2009) «Қазпошта» АҚ көктем мерекесі қарсаңында Қазақстан Республикасы аумағында «Наурыз» сериялы пошталық марканы айналымға шығарды.
Маркаларда Наурыз мейрамын тойлауға байланысты көріністер бейнеленген. Ол төрт түспен безендірілген офсеттік тәсілмен басылған. Өлшемі - 50 х 38 мм, тиражы - 30 000 дана. Маркалар Бейжің пошталық төлем белгілер фабрикасында басылды. Безендіруші - Николай Соколов.
4 жыл бұрын (2010) Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде Тұй-ұқұқ және Теркін атты байырғы түркі ескерткіштерінің ашылу салтанаты өтті.
Түркі қағанатының бас қолбасшысы болған Тұй-ұқұқ атты батыр тұлғаның ерлік істері туралы баяндайтын екі тас ұстыны Күлтегін ескерткішінің жанында орналасса, Біріккен түркі қағанатын құрған Ел-етміш Білге Тұр-айын есіміне арналған Теркін ұстынының бірінші ескерткіші Еуразия ұлттық университетінің «Жазу тарихы» мұражайында қойылды.
Тұй-ұқұқ (646 - 738 ж.ж.) - Елтеріс Құтлұғ қағанмен бірге 679 жылы Тан патшалығына қарсы көтеріліп, II Түркі қағанатын орнатқан тұлға. Ол үш бірдей қағанның - Елтеріс Құтлұғ, Қапаған және Білге қағанның кеңесшісі әрі қағанат әскерінің бас қолбасшысы болған.
Зиялы қайраткер «ел абызы» атанған. Тұй-ұқұқ - шығыста Тан патшалығының солтүстігіндегі Шандунға, ал батыста Темір қақпаға (Дербент) дейінгі аралықта 10 мың шықырымдық жорық жасап, 22 мәрте алапат соғысқа қатысып, атақ-даңққа бөленген қаһарман сардар. Аталған ескерткіш қазіргі Моңғол жеріндегі Тул дариясының бойында 739 жылы орнатылған. Ескерткіштерді жасанды тастан қашап шығарған алматылық шебер - Қырым Алтынбекұлы.
Ескерткіштің ашылу салтанатынан кейін ұлы қолбасшы, түркі тарихының жарқын тұлғасы Күлтегін батырдың өміріне арналған деректі фильм көрсетілді.
2 жыл бұрын (2012) Түркиядағы Қазақстанның елшілігінде Қазақ-Түрік дипломатиялық қарым-қатынасының орнағанына 20 жыл толуына арналған салтанатты шара өтті.
2 жыл бұрын (2012) Берлинде қазақстандық бастаманы қолдау мақсатында «Жасыл көпір» шаралары өтті. Оған Еуропаның беделді табиғатты қорғаумен айналысатын ұйымдары қатысты.
153 года назад (1861) Аргентинадағы зілзала кезінде тұтас Мендос қаласы жойылып кетті. Жер сілкінісі кезінде қала халқының үштен екісі қаза тапты.
102 жыл бұрын (1912) Петерборда жарық жарық арқылы көрсетілетін жарнаманы орнатуға рұқсат етілді.
93 жыл бұрын (1921) Канзас-ситиде Уолт Диснейдің қатысуымен түсірілген алғашқы мультфильм прокатқа шықты.
80 жыл бұрын (1934) Киля айлағында инженер Германияның әскери-теңіз ғылыми зертханасының жетекшісі Рудольф Кухнольд алғаш рет радарды сынақтан өткізді.
ЕСІМДЕР
14 5 жыл бұрын (1869) музыка сыншысы, этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі ЗАТАЕВИЧ Александр Викторович дүниеге келді.
Ресейдің Орел облысында туған. Ресейдің Орел қаласындағы әскери гимназияны бітіріп, Варшавадағы (Польша) «Варшавский дневник» атты үкіметтік газеттің музыка және театр бөлімін басқарды. 1920 жылы Қазақстанның сол кездегі астанасы Орынборға көшіп келді. Осы кезеңнен бастап ол ғасырлар бойы ауызша таралып келген қазақ халқының музыка мұрасын нотаға түсіріп, ұлттық ән-күйлердің сақталып қалуына зор мүмкіндік жасады. Халықтың кәсіби әнші-күйшілерінің шығармашылық қызметін, орындаушылық шеберліктерін зерттеп, өте құнды мағлұматтар жинады. Ақан сері, Біржан сал, Абай, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Құрманғазы, Мұхит, Дәулеткерей, Тәттімбет, т.б. шығармаларын алғаш рет жарыққа шығарды. Этнографтың «Қазақ халқының 1000 әні» кітабының 1-ші басылымы 1925 жылы, 2-ші басылымы 1963 жылы шықты. 1931 жылы «Қазақтың 500 ән-күйі», 1971 жылы «Песни разных народов», жарияланбаған «Қазақ музыкасының 3-томы» деп аталатын жинақтарында қазақ халқының классикалық ән, күйлерінің үлгілері мол орын алған. Мұнда қазақ музыкасының көптеген теориялық және тарихи мәселелерінің беті ашылды. Ол қазақтың кәсіби музыкасының («Қазақ музыкасы» атты фортепьяналық шығармасы) негізін салушылардың бірі. 1925-1927 жылдары фортепьяналық пьесалар циклін, 1925 жылы «Халық тақырыбына жазылған миниатюралар», 1927 жылы «Қазақтың халық әндері тақырыбы бойынша фортепьяноға арналған пьсалар» жазды. 3атаевич қазақ музыкалық фольклорының жиналу дәстүрін қалыптастырып, одан әрі А.Жұбанов, Е.Брусиловский, Б.Ерзакович, М.Төлебаев, Л.Хамиди, т.б. жалғастырды.
12 5 жыл бұрын (1889-1984) ақын Халима ӨТЕҒАЛИЕВА дүниеге келді.
Батыс Қазақстан облысының тумасы. «Ақындар жылы», «Мақтанышым - өз елім», «Ана жыры», «Әже әлдиі» өлеңдер жинақтарының авторы. Өлеңдері 1938 жылдан бастап аудандық және облыстық газеттерде жариялана бастады. Кенен, Есдәулет, Болман ақындармен айтысқа түскен. Республикалық ақындар айтысының жүлдегері болды.
10 4 жыл бұрын (1910-1980) қазақ әдебиетінің зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы БӨЖЕЕВ Мұратбек дүниеге келді.
Шығыс Қазақстан облысында туған. Саратов мемлекеттік университетін, Мәскеу педагогикалық институтын бітірген.
Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет), Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, Қазақ КСР Ғылым Академиясы Тіл және әдебиет институтының кіші ғылыми қызметкері, Қазақ КСР ҒА-ның Әдебиет және өнер институтының (Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институты) аға ғылыми қызметкері болған.
Ғылыми еңбектерінің негізгі тақырыбы - әдебиеттану мәселелері, қазақ фольклоры, Абайдың ақындық мектебі.
Бөжеев қазақ әдебиетінің 6-томдық тарихын және М.Әуезовтың 12-томдық шығармашылық жинағын баспаға әзірлеуге, ғылыми түсініктерін жазуға қатысты. «Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.
100 жыл бұрын (1914-1973) әнші, Қазақстанның халық әртісі ҮМБЕТБАЕВ Әнуарбек Бейсембайұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Алматы консерваториясын бітірген. Өнер жолын көркемөнерпаздар үйірмесінен бастаған. 1930 жылдары жаңадан ұйымдастырылған Қазақ радиосында әншілік қызмет атқарды. 1931-1937 жылдары Кеңес әскері қатарында болып, Қазақтың атты әскер полкінің ансамблін басқарды. 1935 жылы Ташкент қаласында өткен әскери округтің фестивалінде 1-ші жүлде алды. 1937 жылы Қазақ академиялық опера және балет театры жанындағы 2 жылдық студияны бітіргеннен кейін, сол театрда әнші-солист қызметін атқарды. 1942-1944 жылдары 2-ші дүниежүзілік соғыс жылдары концерттік бригада құрамында майдандағы жауынгерлерге мәдени қызмет көрсетті. Ол 1946 жылы Біржан (М.Төлебаев «Біржан -Сара»), Айдар, Төлеген (А.Жұбанов, Л. Хамиди «Абай», «Төлеген Тоқтаров»), Тарғын, Қайрақбай, Думан (Е.Брусиловский «Ер Тарғын», «Жалбыр», «Дударай»), Бақи (Қ.Қожамияров «Назугум»), Жек (Н.Жиганов «Алтыншаш»), Кавардосси (Дж.Пуччини «Тоска»), т.б. партияларын орындап, ұлттық опера өнерінің өсіп, өркендеуіне мол үлес қосты. Сондай-ақ, Үмбетбаев қазақ халық әндерін («Аққұм», «Бурылтай», «Қаракөз», «Ағашаяқ», т.б.), қазақ композиторларының шығармаларын да бабына келтіре орындады.
«Қызыл Ту», «Құрмет белгісі» ордендерімен марапатталған.
8 3 жыл бұрын (1931-1996) ғалым, геология ғылымдарының кандидаты, КСРО Мемлекеттік сыйлығының иегері ҚЫДЫРБЕКОВ Латиф Өмірбекұлы дүниеге келді.
Ақмола облысы Қорғалжын ауданында туған. Мәскеу геология-барлау институтын бітірген. 1962-1965 жылдары - Қазақ КСР-і Геология министрінің көмекшісі, 1969-1974 жылдары - Қазақ КСР-і Геология министрінің бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 1994 жылдан өмірінің соңына дейін «Алтынгео» акционерлік қоғамының вице-президенті болды. Ол Ақтоғай, Айдарлы мыс кен орындарын және Ақбақай алтын кенді ауданын барлауға және ашуға үлкен үлес қосқан. Қазақстан металлургиясында жаңа шикізат базасын құрғаны үшін Л.Қыдырбековке 1986 жылы КСРО Мемлекеттік сыйлығы берілді.
Еңбек Қызыл Ту, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
79 жыл бұрын (1935-2011) Қазақстан Халық жазушысы, Қазақ КСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты МОЛДАҒАЛИЕВ Тұманбай дүниеге келді.
Алматы облысы Енбекшіқазақ ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) филология факультетін тәмамдаған.
Еңбек жолын «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газетінде әдеби қызметкер болудан бастаған. «Пионер» журналының әдеби қызметкері, «Жазушы» баспасының редакторы, аға редакторы, «Балдырған» журналының жауапты хатшысы қызметтерін атқарған. «Балдырған» журналының бас редакторы болды.
Тұңғыш өлеңдер жинағы 1957 жылы «Студент дәптері» деген атпен жарық көрді. Содан бергі уақыт ішінде ақынның қырықтан астам кітабы басылды. Бірнеше жинақтары орыс тілінде Мәскеу, Алматы баспаларынан шықты. Орыс және батыс классиктерінің, сондай-ақ туысқан республикалар ақындарының өлендерін қазақшалаған.
Н.Тілендиевтің, Ш.Қалдаяқовтың, Ә.Бейсеуовтың көптеген әндеріне өлең жазған («Құстар қайтып барады», «Әнім сен едің», «Ертіс вальсі», «Шақырады көктем», т.б).
«Парасат» орденімен, медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің Грамотасымен марапатталған. Республика Комсомолы сыйлығының, Бүкіл Түркі дүниесі ақындарының Физули атындағы Халықаралық сыйлығының иегері.
64 жыл бұрын (1950) «Табиғат» Қазақстанның кәсіпорындары мен қауымдастықтары экологиялық одағының төрағасы ЕЛЕУСІЗОВ Мэлс Хамзаұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген. Алматы біріккен авиажасағында бортсерігі, комсомол комитетінің хатшысы, Алматы қаласының Октябрь ауданында жедел комсомол жасағының командирі болды, 1978 жылдан «Жетісу» аяқ киім фабрикасында, Алматы теміржолының байланыс дистансасында жасады. 1982 жылдан - «Зергер» бірлестігі бас директорының орынбасары. 1984 жылдан «Алматы» кеңшарының бас инженері, «Қазгипроводхоз» институты директорының орынбасары.
Қазіргі қызметінде - 1989 жылдан бері.
Қоғамдық конструкторлық бюро құрды, «Идея бар» деген журнал шғарды. Кен орындарында экологиялық сараптамалар жүргізуге қатысты. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы ЮНЕП (БҰҰ) сыйлығының лауреаты. Копенгагенде және Канкунда өткен жаһандық климат жылынуы жөніндегі Бүкіләлемдік самитттерге қатысушы.
62 жыл бұрын (1952) ҚР Конституциялық Кеңесінің мүшесі БЕЛОРУКОВ Николай Васильевич дүниеге келді.
99 жыл бұрын (1915-1997) кеңестік және ресей пианисі, ХХ ғасырдың ұлы музыканттарының бірі РИХТЕР Святослав Теофилович дүниеге келді.