20 наурызда еліміздің көп бөлігінде тұман түсіп, жел күшейеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты республиканың батыс, оңтүстік-шығыс, шығыс және оңтүстік аймақтарының кей жерлерінде жауын-шашын күтіледі. Кей жерлерде тұман күтіліп, желдің күшеюі сақталады, оңтүстікте шаңды дауылмен, оңтүстік-шығыста кей жерлерінде көктайғақ болады, деп хабарлайды Қазгидромет.
None
None

Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының, түнде және таңертең Алматы, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман байқалады, жел 15-20 м/с-ге күшейеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауылмен жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай, Маңғыстау облысында, түнде және таңертең Атырау облысының кей жерлерінде тұман байқалады, күндіз желдің күші 15-20 м/с күшейеді. Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күндіз екпіні 23 м/с күшейеді,түнде тұман мен көктайғақ күтіледі.

 

Соңғы жаңалықтар