20 ШІЛДЕ. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 20 шілде. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2012 жылғы 20 шілдеге арналған күнтізбесін ұсынады.
None
None

20 шілде, ЖҰМА

Халықаралық шахмат күні. Халықаралық шахмат федерациясының құрылуына орай 1966 жылдан бастап атап өтіледі. Бүгінгі таңда аталмыш ұйымға әлемнің 200-ге жуық елі мүше. Федерацияның өз туы, әнұраны және «Біз барлығымыз бір отбасымыз» («Все мы одна семья») атты ұраны бар.

Ойынның атауы парсы сөздерінен шыққан: шах мат - билеуші қайтыс болды. Шахматтың отаны - Үндістан. Онда V ғасырда шахматтың арғы атасы - чатуранга ойыны пайда болған. Шахмат - 64 тордан тұратын тақтаның үстіне 32 (16 ақ және 16 қара фигура) фигураны орналастыру арқылы ойналатын ойын. Ойынның мақсаты қарсыласыңның короліне мат қою болып табылады. Әрбір қалада спорттың осы түрін ұнататындарға арналған шахмат клубы бар (кей қалаларда бірнешеу). Халықаралық шахмат күнінде бұл клубтарда сайыстар, ойын-сауық шаралары өтеді.

Колумбия Республикасының Мемлекеттік мейрамы - Тәуелсіздік күні (1810). Колумбия - Оңтүстік Америкада орналасқан мемлекет. Шығысында Венесуэла, Бразилиямен, оңтүстігінде Эквадор, Перумен, солтүстік-шығысында Панамамен шектеседі. Әкімшілік жағынан 32 департаментпен астаналық округке бөлінеді. Астанасы - Богота (Санта-Фе-де-Богота) қаласы. Ресми тілі - испан тілі. Ақша бірлігі - песо. Конституциясы бойынша елді Президент басқарады және ол 4 жылға бір-ақ рет сайлана алады. Заң шығарушы органы Сенат және Өкілдер палатасынан тұратын парламент.

Қазақстан Республикасы мен Колумбия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынас 1992 жылғы қыркүйектің 23-інде орнатылды.

Қырғызстанның Ұлттық гвардиясының күні. 1992 жылдың 20 шілдесінде Қырғызстан Республикасы Ұлттық гвардиясының алғашқы гвардияшылары Отанға және халыққа адал қызмет етуге ант қабылдады. Ұлттық гвардия ҚР Президентінің Қаулысымен 1991 жылдың 3 желтоқсанында құрылды.

 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

19 жыл бұрын (1993) ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Таиландқа алғаш рет ресми сапармен барды.

17 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Заңды күші бар Жарлыққа қол қойды.

17 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев «Бағалы металлдар мен асыл тастарға байланысты қатынастарды мемлекеттік реттеу туралы» Заңды күші бар Жарлыққа қол қойды.

6 жыл бұрын (2006) Алматыдағы «Қазақстан» кинотеатрында «Таңсәрі» балалар театрының «Қазақстан балаларының соғыс ардагерлеріне ілтипаты» атты деректі фильмі таныстырылды. 2005 жылы «Таңсәрі» театры Мәскеу үкіметінен соғыстың аяқталғанына 60 жыл толуына арналған шараларға қатысуға шақырту алып, оған 5 жас пен 15 жас аралығындағы жас балалар барған болатын. Аталмыш фильм Мәскеу сапарының қорытындысы негізінде түсірілген. Фильмнің барысында Отан соғысы ардагерлеріне бүгінгі бүлдіршіндердің құттықтауы мен ілтипаты, сондай-ақ ардагерлерге арнап қойылған концерттер түсірілген.

18 жыл бұрын (1994) Қазақстан Республикасы Президентінің «Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен ардагерлерді әлеуметтік қолдау жөніндегі қосымша шаралар туралы», «Зейнеткерлер мен тұрмысы төмен отбасыларын әлеуметтік қорғау жөніндегі аймақтық қайырымдылық қорларын ұйымдастыру туралы» Жарлықтары жарияланды.

6 жыл бұрын (2006) Алматыда Қазақстанның музыка индустриясына және мәдениетіне арналған «Камертон» журналының тұсаукесер рәсімі өтті.

478 жыл бұрын (1534) Кембриджде әлемдегі алғашқы баспа тіркелді.

7 жыл бұрын (2005) Астананың Конгресс-Холлында Еуропарламент депутаты Струан Стивенсонның Семей ядролық сынақ полигонының қайғы-қасіретін бейнелейтін «Мәңгілік қасірет» атты фотокөрмесі болып өтті.

Бірнеше жыл бұрын С.Стивенсон Семей өңіріне барып 1000-нан астам фотосурет түсірген болатын, онда адамгершіліксіз сынақтың бүкіл қорқынышы көрсетілген. С.Стивенсон Семей полигонының меселесіне арналған назары үшін «Семей қаласының құрметі азаматы» атағына ие болған. Сонымен қатар, С.Стивенсон кеңес ядролық сынақ қаруының құрбандары туралы жазған мақалаларының қаламақыларына Семей қаласындағы онкология орталығына медициналық жабдық сатып алып беріп, Семей өңірінің тұрғындарына заттай көмек көрсетеді.

7 жыл бұрын (2005) Алматыда «Өз үйіңді қорға» атты қоғамдық комитет құрылды.

Жаңа бірлестікке жергілікті әкімшіліктің шешімі бойынша мемлекетке қажетті жерлерді көшіру мәселесі қауіп болып тұрған қала тұрғындары енді. Комитеттің мақсаты - азаматтардың күштерін біріктіріп, мәселенің шешілу жолын табу.

3 жыл бұрын (2009) Ақтөбеде жұмыс істейтін әйелдердің балаларына арналған алғашқы бөлме ашылды.

Жоба Мемлекет басшысының Қазақстан әйелдерінің бесінші форумында берілген тапсырмасын іске асыру және Қазақстан Республикасындағы гендерлік теңдік стратегиясы мақсатында жүргізіліп отыр. Жобаның бастамашысы ретінде Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Әйелдер және отбасы-демографиялық саясат істері жөніндегі ұлттық комиссия іс-қимыл жасауда.

Алғашқы балалар бөлмесі шағын екі бөлмеден тұрады, оларға жиһаздар, үстелдер және ойыншықтар қойылған. Ұйымдарда балалар бөлмелерінің болуы емізетін аналардың өндірістен қол үзбей жұмыс істеулеріне мүмкіндік береді.

3 жыл бұрын (2009) Қостанайда «Қазақтың дәстүрлі сот жүйесі» кітабының және «Торғай мен Тобылдың билері» фильмінің таныстырылымдары болып өтті.

Бұл шығармалар «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы аясында жасалды. Бұлар ұлттық сот жүйесінің қайнар бастауын іздеуге арналған үлкен зерттеу жұмыстарын қорытындылайды.

68 жыл бұрын (1944) гитлердің Ранстенбургтегі (Шығыс Пруссия) ставкасында Адольф Гитлерге қарсы ең ірі қастандық жасалды. Әскерилермен кездесу барысында, Бас штабтың 37 жастағы подполковнигі Клаус Шенк фон Штауффенберг кеңес өтіп жатқан столдың астына ішінді сағат механизміне қосылған бомбасы бар портфельді қойды. Көп ұзамай «мен қоңырау шалуым керек», деген сөздермен ол ғимараттан шығып кетеді.

Кеңес барысында офицерлердің бірі бомбасы бар портфельді бірнеше метрге жылжытып қояды, бұл кейін Гитлердің өмірін сақтап қалады.

Гитлердің нұсқауымен сол күні Штауффенберг пен оның басқа да сыбайласары Берлинде ұсталып, атылды. Кейін тағы 200-ге жуық адам жазаланды, дені қиналып өлтірілді. Олар рольдың ішектерімен басып өлтірілді.

43 жыл бұрын (1969) америкалық ғарыш кемесі «Аполлон-11» айға тарихтағы алғашқы қонуы жасады.

202 жыл бұрын (1810) тәуелсіз латиноамерикалық Колумбия мемлекетінің құрылуы туралы жария етілді.

59 жыл
бұрын (1953) КСРО Израильмен дипломатиялық қарым-қатынастарды қайта қалпына келтірді.

38 жыл бұрын (1974) Түріктердің Кипрге баса көктеп кіруі басталды.

36 жыл бұрын (1976) Марстың жоғарғы қабатында алғашқы зерттеулер басталды.

19 жыл бұрын (1993) Литвада дербес валюта - лит енгізілді.

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1948-2006) тарымал мүсінші, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі, Қазақстан Респубилкасының мәдениет қайрактері ЖАНБОЛАТОВ Мұратбек дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. В.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген.

139 жыл бұрын (1873-1957) биология ғылымының докторы, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері ШНИТНИКОВ Владимир Николаевич дүниеге келді.

Ресейде туған. Ново-Александровск ауыл шаруашылығы және орман өсіру институтын бітірген. Қазақстанда, Ленинградта жұмыс істеген. Жетісу өңірін аралап, оның табиғатын, өсімдіктер дүниесін зерттеген. Оның «Жетісу сүтқоректілері», «Жетісу құстары», «Жетісудың жануарлар дүниесі», «Қазақстан аудары», т.б. кітаптары жарық көрген. Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Іле Алатауындағы 2 мұздыққа Шнитников есімі берілген.

83 жыл бұрын (1929-1997) композитор, профессор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақ КСР-нің еңбек сіңірген өнер қайраткері БЫЧКОВ Анатолий Владимирович дүниеге келді.

Павлодар облысында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) бітірген. 1955-1962 жылдары Алматы музыкалық училищесінде, 1962-1968 жылдары Алматы консерваториясында педагогикалық қызметпен айналысты. 1968-1973 жылдары Қазақстан Композиторлар одағы басқармасы төрағасының орынбасары қызметін атқарды.

А.Бычковтың «Дала арайы» операсы, «Сәкен туралы аңыз» симфониялық поэмасы, «Ақын әні», «Соғыс әндері», «Жоқтау» атты симфониялық оркестрге арналған вокалдық және хор циклдері, ән-романстары,  тағы басқа музыкалық шығармалары бар. Ол «Бұл біздің ұлымыз», «Тыныштық», «Ана туралы аңыз», «Ботагөз»,  т.б. кинофильмдердің музыкасын жазған.      

73 жыл бұрын (1939) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, биология ғылымының кандидаты ЩЕРБАКОВ Борис Васильевич дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Өскемен педагогикалық институтының биология факультетін бітірген. Б.Щербаков 20 жылға жуық жас натуралистердің облыстық стансысының зоологиялық үйірмесін басқарды. Сол кездері ол жас натуралистермен бірге туған өлкеге саяхат жасап жүрді. Ол жол дәптеріне жорықта көргендері мен кездескен қызықты оқиғаларды жазып отырды. Осы жазбаларынан туған табиғат жайлы суреттемелері мен әңгімелері «Жас натуралист», «Природа», «Охота и охотничье хозяйство», «Казахстанская правда», «Ленинская смена», «Рудный Алтай» газет-журналдары мен «Лик земли» жинағында жарық көрді. 1976 жылы «Жалын» баспасынан «Айлы мекеннің тұрғыны» атты тұңғыш кітабы жарық көрді. Бұл жинаққа табиғаттың таңғажайып көріністерін суреттейтін 20-ға жуық әңгімесі топтастырылған. Қаламгердің «Қоңыраулы өзеннің жағасында», «Күздің алтын соқпақтары», «Жасыл үй», «Таусылмас соқпақтар» атты прозалық кітаптары жарық көрген.

708 жыл бұрын (1304-1374) итальян ақыны, қайта өркендеу дәуірінің гуманистік мәдениетінің негізін салушы ПЕТРАРКА Франческо дүниеге келді.

Франческоның лирикалық туындылары еуропалық поэзияның дамуына зор әсер етті. Латын тілінде жазылған «Дүниенің келеңсіздігі туралы» философиялық трактатында, «Ұрпаққа хат» атты өмірбаяндық шығармасында ізгілікті жақтап, әйелдер теңдігін мадақтады. Оның шығармашылығында махаббат лирикасы ерекше орын алды. «Мадонна Лаураның өміріне», «Мадонна Лаураның өліміне» атты 2 бөлімнен тұратын туындысы 317 сонеттен және көптеген балладалық, мадригалдық шығармалардан құралған. Ол Данте, Дж.Боккачомен бірге итальян әдеби тілінің негізін салды. Оның есімімен Меркурийдегі кратер аталады.

93 жыл бұрын (1919-2008) жаңазеландиялық альпинист, 1953 жылы Эверест шыңын алғаш бағындырушы ХИЛЛАРИ Эдмунд дүниеге келді.

Жаңа Зеландияның Окленд қаласында туған. Ұлы Отан соғысы жылдарында әскери ұшқыш болды.  1951 жылы Эрик Шиптонның Эверестке ұйымдастырған экспедициясына қатысты, бірақ шыңды бағындыру жорығы сәтсіз аяқталды. 1953 жылы непалдық альпинистпен бірге Эверест шыңын бағындырды. Ол 1980 жылы Жаңа Зеландияның Үндістандағы елшісі қызметін атқарды. Хиллари саяхат жасаумен қатар өмірінің біраз бөлігін таулы өңірде қоныстанған непалдықтарға көмек көрсетуге арнады. 2003 жылы Непалдың құрметті азаматы атанды.

82 жыл бұрын (1930-1987) физиолог, мал шаруашылығы саласындағы ғалым, биология ғылымдарының докторы, профессор ПРОКУДИН Анатолий Васильевич дүниеге келді.

Петропавл қаласында туған. Омбы малдәрігерлік институтын, Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының (Қазақ ұлттық аграрлық университеті) аспирантурасын бітірген.

1959-1978 жылдары - Қазақ КСР Ғылым академиясы Физиология институтының ғылыми қызметкері. 1978-1983 жылдары - Алматы зоотехникалық-малдәрігерлік институтының профессоры, кафедра меңгерушісі. 1983-1987 жылдары Қазақ мал шаруашылығы технологиясы ғылыми-зерттеу институтынының аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері мал физиологиясына (күйіс қайыратын малдың ас қорытуы, онтогенезде зат алмасуы, жемшөптің ас қорыту процесіне тигізетін әсері) арналған.

62 жыл бұрын (1950) заңгер, «Құрметті судья» атағының иегері, әділет полковнигі МАҚАШЕВ Зейнолла Мұхамединұлы дүниеге келді.

Қарағанды облысының Жаңаарқа ауданында туған. Саратов заң институтын бітірген.

1975-1982 жылдары - Қарағанды облысы Саран қаласы халық сотының төрешісі. 1982-1986 жылдары - Қарағанды облысы Ульянов аудандық сотының төрағасы. 1986-1987 жылдары - Қарағанды облысы Саран қалалық халық сотының төрешісі. 1987-1990 жылдары - Саран қалалық сотының төрағасы. 1990-1994 жылдары - Қарағанды қаласы Ленин аудандық халық сотының төрағасы, Орал облыстық сотының төрағасы. 1994-1997 жылдары - Батыс Қазақстан облыстық соты судьясының міндетін атқарушысы, Батыс Қазақстан облыстық сотының судьясы. 1997-1998 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық соты шаруашылық істері жөніндегі алқасының судьясы. 1998-1999 жылдары -Солтүстік Қазақстан облысы Әділет басқармасының бастығы. 1999-2004 жылдары -Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі екінші шақырылымының депутаты - Заңдар және соттық-құқықтық реформалар жөніндегі комитеттің мүшесі. 2004-2007 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілігі жөніндегі комитетінің төрағасы. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты судьясы қызметтерін атқарған. 2009 жылдан отставкада.

«Құрмет» орденімен және Қазақстан Республикасының мерейтойлық медальдарымен марапатталған.

66 жыл бұрын (1946) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі МЫРЗАХМЕТОВ Шалатай дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Шәуілдір ауылында туған. Қазақ химия - технологиялық институтын бітірген (1968). 1992 жылы Қазақстан менеджмент, экономикалық болжам институтын (КМЭБИ) аяқтады. 1962-1963 жылдары - Қызылкұм ауданы Арыс кеңшарының тракторшысы. 1968-1971 жылдары - Ақтөбе облысы Байғанин ауданы Абай атындағы совхозының құрылыс шебері, цех бастығы. 1971-1976 жылдары - Шымкент облысы Қызылкұм аудандық ауыл шаруашылығы басқармасының бас құрылыс инженері. 1976-1981 жылдары - Қызылкұм ауданы Шәуілдір ауылында ПМК-2507 бастығы. 1981-1988 жылдары - халық депутаттары Қызылқұм аудандық Кеңесі атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1988-1992 жылдары - халық депутаттары Созақ аудандық Кеңесі атқару комитетінің төрағасы. 1992-2000 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша «Жібек жолы» әмбебаб тауар биржасы басқармасының президенті. 2000-2003 жылдары - Онтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының әкімі. 2003-2007 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты, хатшысы. 2007-2011 жылдары - төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.

2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. «Нұр Отан» Халықтық Демократиялық партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Құрмет» орденімен, «За трудовые отличия», «Еңбектегі үздіктігі үшін», «Ерен еңбегі үшін», «Астана» медальдарымен марапатталған.

36 жыл бұрын (1976) Павлодар облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары ОРСАРИЕВ Арын Амангелдіұлы дүниеге келді.

Алма-Ата қаласында дүниеге келді. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін маман-елтанушы мамандығы (екі шет тілінде) бойыншы тәмәмдады. «Болашақ» бағдарламасымен Сорбонна (Париж) университетін дипломатия және стратегия магистрі мамандығы бойынша бітірді. Саясат ғылымдарының докторы.

Еңбек жолын Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясының мұғалімі, жоғары санаттағы маман болып бастап, кейін ҚР Сыртқы істер минситрлігінің екінші хатшысы қызметін атқарады. 2000-2005 жылдары - Қауіпсіздік кеңесі секретариаты аналитикалық орталығының аға сарапшысы, ішкі саясат бөлімінің аға сарапшысы, бас сарапшысы, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасының Ақпараттық-аналитикалық орталығы секторының меңгерушісі.  2005-2007 жылдары - Астана қаласының ішкі саясат департаментінің директоры. 2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің талдау және стратегиялық жоспарлау департаментінің директоры. 2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары, төарағасы міндетін атқарушы.

2009 жылғы қыркүйектен 2012 жылғы ақпанға дейін - Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры.

2012 жылғы 28 ақпанда Павлодар облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды.

41 жыл бұрын (1971) театр және кино актері ПОГОСЯН Сергей Размикович дүниеге келді.

Алматыда түниеге келген. Алматы Ауыл шаруашылығы институтын, (экономист); Т.Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын (театр және кино актеры) бітірді.

65 жыл бұрын (1947) ҚР Ұлттық ғарыш агенттігі төрағасының орынбасары МОЛДАБЕКОВ Мейірбек дүниеге келді.

Аталған қызметінде - 2008 жылдың тамызынан.

«Құрмет», «Парасат» ордендерімен; «Қажырлы еңбегі үшін», «Астана», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» медальдарымен марапатталған.

61 жыл бұрын (1951) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі МУРАДОВ Ахмет Сейдарахманович дүниеге келді.
Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ершовка селосында туған. 1974 ж. Грозный мұнай институтының мұнай өңдеу факультетін бітірген. 1974-1977 жж. - Грозный мұнай институтының БЛКЖО комитеті хатшысының орынбасары, хатшысы, Шешен-Ингуш Республикалық студенттік құрылыс отряды командирінің орынбасары. 1977-1993 жж. - «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шеберінің көмекшісі, бұрғылау шебері, инженер-технолог, бастықтың орынбасары, аудандық инженерлік-технологиялық қызметінің басшысы, Құмкөл терең бұрғылау экспедициясының басшысы, бастықтың орынбасары, Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасы парткомының хатшысы. 1992 жыл - Халықтық Келісім Кеңесі төрағасының орынбасары. 1993-1995 жж. - Ақтау қаласындағы «Мекке» коммерциялық орталығы Маңғыстау филиалының директоры. 1995-1997 жж. - Алматы қаласындағы «Роснефть» мұнай компаниясы өкілдігінің басшысы. 1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Вайнах» шешен және ингуш халқының мәдениетін дамыту қауымдастығының тең төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі.

2012 жылғы қаңтардан бастап бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.

Мерекелік медальдармен, «Құрмет» орденімен және Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Алғыс хатымен, Ресей Федерациясы Үкіметінің дипломымен марапатталған, Ресей Федерациясының СІМ мен Шешен Республикасы Парламентінің «Достық ісіне қосқан үлесі үшін» құрмет белгісімен атап өтілген.

53 жыл бұрын (1959) Маңғыстау облысынан сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты,  Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі ШЕЛПЕКОВ Бақтыбай Ақбердіұлы дүниеге келді.

Мұнай техникумын, Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген. Техник-мұнайшы, экономист.

Маңғыстау облысы әкімшілігінің облыстық сауда басқармасының бастығы, «Фирма Аққу» ЖШС директоры, Маңғыстау облысы мәслихатының 2-4 шақырылымының хатшысы болып қызмет атқарған.

«Құрмет» орденімен, екі медальмен, соның ішінде «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

64 жыл бұрын (1948) Батыс Қазақстан облысы ішкі саясат департаментінің директоры ИМАШЕВ Тілекқабыл Имашұлы  дүниеге келді.

52 жыл бұрын (1960) Маңғыстау облысы Құрылыс басқармасының бастығы ХАМИЕВ танғалы Смитұлы дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар