20 шілде күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 шілде күні Астанада өтетін мәдени және қоғамдық маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

11.00-де Samruk-Kazyna Trust корпоративтік қорының бас директоры Әлфия Әдиеваның 2023 жылдың алғашқы жарты жылдығындағы жұмыс нәтижесі мен алдағы уақыттағы жоспары туралы брифинг өткізеді.

11.00-де Астана қаласы Коммуникациялар қызметінде «Астана қаласы әкімдігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға 2023-2027 оқу жылдарына арналған мемлекеттік-білім беру тапсырысы» тақырыбында онлайн брифинг өтеді. Спикер: Астана қаласы білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Нариман Еламанов. Онлайн баспасөз конференциясы Астана қаласы коммуникациялар қызметінің Facеbook-тегі facebook.com/rsk.astana01 және Instagram-дағы instagram.com/rsk.astana ресми парақшаларында тікелей эфирде өтеді.

12.00-де Орталық коммуникациялар қызметінде «Шетелдік инвестицияларды тарту туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Айдаров Алмас Айдарұлы; ҚР СІМ Инвестиция комитетінің Төрағасы Зебешев Ардақ Темірханұлы; «Kazakh invest» ҰК» АҚ Басқарма Төрағасы Юсупов Мейіржан Бақытұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

17.00-де ParkInn қонақ үйінде Қазақстандағы қытайлық инвестициялық жобалар туралы пікірталас өтеді.

15.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы көрсетіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Гауһартас» музыкалық драмасы қойылады.


Соңғы жаңалықтар