20 шілдеде Астанада ауыз су беру тоқтатылады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 20 шілде күні сағат 10.00-ден 20.00-ге дейін елорданың кейбір аудандарында су құбырында жоспарлы жөндеу жұмыстарын өткізуге байланысты ауыз су беру тоқтатылады, деп xабарланды Астана қаласы әкімдігінің жағдаяттар орталығынан.
None
None

Бейсекбаев көшесі, 14, ‪11/4, 14/2-жеке сектор, Громов қиылысы, Изобильный қиылысы мекенжайлары бойынша тұрғын нысандарда ауыз су беру тоқтатылады.

Оған қоса, №16 орта мектебі (Кенесары, 81), №1 өнер мектебі (Абай,74/1), сондай-ақ Бейсекбаев көшесі 13, ‪15/1, Абай даңғылы 72 а. мекенжайлары бойынша адам тұрмайтын нысандарда уақытша ауыз су беру тоқтатылады.

Соңғы жаңалықтар