20 шілде. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 20 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

1 шілде. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform/Midjourney

ЕСІМДЕР

77 жыл бұрын (1947) механика және машинатану саласындағы совет және қазақ ғалымы, техника ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі Мейірбек Молдабекұлы МОЛДАБЕКОВ дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған.

В. Ленин атындағы Қазақ политехника институтын (1970) «Автоматика и телемеханика» мамандығы бойынша және Мәскеу авиация институтын (1975) «Қолданбалы математика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолы: 1970-1973 жылдары - В. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институты автоматика және телемеханика кафедрасының ассистенті, техникалық кибернетика кафедрасының тәжірибеші-зерттеушісі. 1973 жылы - Мәскеу авиациялық институтының кешкі инженерлік легінің аспиранты. 1977 жылдары - С. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері, аға оқытушысы, доценті, механика және қолданбалы математика факультеті деканының орынбасары. 1988 жылдары - ҚазКСР ҒА Математика және механика институтының жетекші, бас ғылыми қызметкері, ҚР ҰҒА Механика және мәшинетану институтының зертхана меңгерушісі. 1993 жылдан - ҚР Ұлттық аэроғарыш агенттігі бас директорының орынбасары - «Байқоңыр» ғарыш айлағы басқармасының бастығы. 1997 жылдан - ҚР ҒА - Ғылым министрлігі Ғылыми мамандарды аттестациялау департаментінің директоры; 1998 жылдан - Ұлттық аэроғарыш агенттігінің директоры. 2001 жылдан - Энергетика және минералды ресурстар министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының орынбасары. 2005 жылдан - «Қазақғарыш» ҰК» АҚ басқармасының мүшесі. 2007 жылдан - «Қазақстан ғарыш сапары» ҰК» АҚ вице-президенті ( Астана қаласы). 2008 жылдың қарашасынан – «Ғарыштық зерттеулер ұлттық орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы. 2016 жылдан Инвестиция және даму министрлігі Аэроғарыш комитеті төрағасының кеңесшісі.

Автоматты басқару және мехнизм мен машиналар теориясы жүйесі бойынша ғылыми мектеп құрды. 1967 жылы Алматыда Қазақ политехникалық студенттері құрған «Дос-Мұқасан» вокал-аспаптық ансамблінің негізін қалаушылардың бірі.

Әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы ҚР Мемлекеттік премиясының лауреаты (2015). «Парасат» (12.2007), «Құрмет» (1998) ордендерімен, «Астана» (1998) медалімен марапатталған. «Дос-Мұқасан» ансамблінің құрамында Қазақстанның Лениндік комсомол премиясының лауреаты (1974) атанды.

73 жыл бұрын (1951) Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтай мүшесі Ахмет Сейдарахманович МУРАДОВ дүниеге келді.

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы Ершовка селосында туған.

1974 жылы Грозный мұнай институтының мұнай өңдеу факультетін бітірген. 1974-1977 жылдары – Грозный мұнай институтының БЛКЖО комитеті хатшысының орынбасары, хатшысы, шешен-ингуш республикалық студенттік құрылыс отряды командирінің орынбасары. 1977-1993 жылдары – «Маңғышлақмұнай» өндірістік бірлестігінің Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасында бұрғышының көмекшісі, бұрғышы, бұрғылау шеберінің көмекшісі, бұрғылау шебері, инженер-технолог, бастықтың орынбасары, аудандық инженерлік-технологиялық қызметінің басшысы, Құмкөл терең бұрғылау экспедициясының басшысы, бастықтың орынбасары, Жетібай бұрғылау жұмыстары басқармасы парткомының хатшысы. 1992 жылы - Халықтық келісім кеңесі төрағасының орынбасары. 1993-1995 жылдары - Ақтау қаласындағы «Мекке» коммерциялық орталығы Маңғыстау филиалының директоры. 1995-1997 жылдары - Алматы қаласындағы «Роснефть» мұнай компаниясы өкілдігінің басшысы. 1997 жылдан бастап осы уақытқа дейін «Вайнах» шешен және ингуш халқының мәдениетін дамыту қауымдастығының тең төрағасы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі. 2012-2016 жылдары бесінші сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты. 2016 жылғы наурыздан бастап алтыншы сайланған Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан халқы Ассамблеясынан сайланған.

Мерекелік медальдармен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

2022 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

63 жыл бұрын (1961) режиссер, сценарист, жазушы, аудармашы, кинодраматург, Қазақстан кинематографистер одағының басқарма төрағасы Ермек Кәрімжанұлы ТҰРСЫНОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Нарынқол ауданында туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің журналистика мамандығын (1984), Жалпыресейлік мемлекеттік кинематография институтының сценарийлік-кинотану факультетін (1990) бітірген.

Еңбек жолы: «Мегаполис» газетінде журналист, бас редактор; «Қазақстан» телеарнасының бас директоры; «31 арнаның» бас продюсері; «Келін» («Оскар» сыйлығының «Үздік шетелдік фильм» аталымы бойынша шорт-листіне енді), «Шал» («Киношок» фестивалінің гран-приі), трилогиялық «Кенже», «Жат» фильмдерінің, «Кемпір» комедиясының және т.б. туындылардың режиссері.

2018 жылдың ақпан айынан бері қазіргі қызметінде.

52 жыл бұрын (1972) театр және кино актері Сергей Размикович ПОГОСЯН дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.

Алматы Ауыл шаруашылығы институтын (экономист); Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтын бітірді. 15 жылдай М. Лермонтов атындағы академиялық орыс театрында қызмет етті.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, «Жыл таңдауы» конкурсында «Алтын адам» сыйлығына ие болды.

48 жыл бұрын (1976) А.Сағынов атындағы Қарағанды ​​техникалық университеті директорлар кеңесінің төрағасы Арын Амангелдіұлы ОРСАРИЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін бітірген. Клермон Ферран академиясының студенті (1998), Марне-ла-Валли университетінің магистранты (1999); Сорбонна университетінде дипломатия мамандығы бойынша магистрант (2000).

Еңбек жолы: Қырқыншы Целинная темір жолында аға құрастырушы (1992); жоғары санатты маман, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясында оқытушы (2000); Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің екінші хатшысы (2000); Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Талдау орталығының аға сарапшысы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшылығының аға сарапшысы (2000-2002); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің аға сарапшысы (2002-2004); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің ақпараттық-талдау орталығының бас сарапшысы, сектор меңгерушісі (2004-2005); Астана қаласы Ішкі саясат департаментінің директоры (2005-2008); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының орынбасары (2008); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының міндетін атқарушы (2008-2009); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры (2009-2012); Павлодар облысы әкімінің орынбасары (2012-2015); С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры (2015-2017); Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің жауапты хатшысы (2017-2019); «Ғылым қоры» АҚ басқарма төрағасы (2019-2022).

2023 жылдың тамыз айынан бері қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар