20 тамыз. Тұлғалар туған күн

АСТАНА. KAZINFORM - Бүгін, 20 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

календарь күнтізбе
Фото: Kazinform/ Midjourney

ЕСІМДЕР

66 жыл бұрын (1959) жазушы, этнолог, педагог, профессор, тарих ғылымдарының докторы Жамбыл Омарұлы АРТЫҚБАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл Омарұлы АРТЫҚБАЕВ
Фото: bolashaq.edu.kz

Қарағанды облысында туған. Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы, аға оқытушысы, доценті, профессоры, кафедра меңгерушісі, тарих факультетінің деканы, Қарағанды мемлекеттік университетінің зертхана меңгерушісі, Павлодар мемлекеттік университетінің археология, этнология және Қазақстан тарихы кафедрасының меңгерушісі; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры. Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ. 2012 жылы «ЖОО үздік оқытушысы» атағының иегері.

60 жыл бұрын (1965) VIII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Мұрат Абдуламитұлы ӘБЕНОВ дүниеге келді.

Мұрат Абдуламитұлы ӘБЕНОВ
Фото: mazhilis.parlam.kz

Ол Қызылорда облысында туған. 1990 жылы Абай атындағы қазақ педагогикалық институтының математика және информатика факультетінің «Математика және информатика» пәндерінің мұғалімі мамандығын бітірген. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің құқықтану факультетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1990-1991 жылдары С. Сейфуллин атындағы №4 орта мектепте информатика және есептеу техникасының мұғалімі, 1991 жылы Қызылорда қалалық білім басқармасының кадрлар және негізгі іс-әрекет бойынша инспекторы, 1991-1992 жылдары 1 Мамыр атындағы №1 қазақ мектеп-лицейі директорының оқу-тәрбиелік іс бойынша орынбасары (Қызылорда қаласы), 1992 Қызылорда қалалық әкімдігінің қоғамдық пікірді болжау және баспасөз бөлімінің бас маманы, 1993-1998 жылдары «Атамекен» ЖШС-де коммерциялық іс-әрекет бойынша директордың орынбасары (Апматы қаласы), 1999-2000 жылдары Қызылорда облысы әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-бақылау бөлімінің кеңесшісі қызметінде болды. 2000-2002 жылдары Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқарма бастығы, 2002-2005 жылдары Қызылорда облысы ішкі саясат департаментінің директоры, 2005-2007 жылдары Қызылорда облысы әкімінің орынбасары, 2007 жылы Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі, 2007-2011 жылдары ҚР Парламенті Мәжілісі 4-ші шақырылымының «Нұр Отан» ХДП тізімі бойынша депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінде «Нұр Отан» ХДП фракциясының Азаматтық байланыстар және азаматтық қоғам институттары бойынша кеңесінің мүшесі. Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің хатшысы. 2012 жылдың қарашасынан Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі болды. «Қазақстан» телеарнасында «Серпіліс», 24.kz телеарнасында «Мұрат Әбеновпен ашық әңгіме» атты авторлық бағдарламасын жүргізді. 2013-2016 жылдары «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы, 2016-2017 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары, 2017-2018 жылдары «Атамекен» ҚР ҰКП президиумы жанындағы ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, білім және инновация комитетінің төрағасы, Президентінің жанындағы ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі, 2018 жылы «Серпін» Ұлттық білім және инновациялар палатасының президенті лауазымын атқарған. 2022-2023 жылдары ҚР Денсаулық сақтау министрінің кеңесшісі болды.

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

54 жыл бұрын (1971) Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Марат Иманбайұлы ТАСМАҒАНБЕТОВ дүниеге келді.

Марат Иманбайұлы ТАСМАҒАНБЕТОВ
Фото: inbusiness.kz

Ғалым-агроном, экономист мамандықтары бойынша Көкшетау ауыл шаруашылығы институтын, Алматы экономика және статистика институтын тәмамдаған.

Еңбек жолын «Привальное» кеңшарында бригадир есепшiсi болып бастады. «Заподное» кеңшарында агроном, агроном-тұқым өсiрушi, бас агрономы; Көкшетау облысында «Батыс Қазақстан» ЖШС директоры, Ғабит Мүсiрепов атындағы ауданда «Вест» ЖШС директоры болып жұмыс iстеген. 2006-2014 жылдары Ғ.Мүсiрепов атындағы ауданның әкiмi, 2014-2019 жылдары Петропавл қаласының әкімі

2019 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері.

45 жыл бұрын (1980) Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының төрағасы Денис Сергеевич РЫПАКОВ дүниеге келді.

РЫПАКОВ Денис Сергеевич
Фото: Gov.kz

Алматы қаласында туған. Қазақ спорт және туризм академиясын «Дене шынықтыру мұғалімі» мамандығы бойынша бітірген (2001).

Еңбек жолы: «Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары және спорттық резерв дирекциясы» бөлімінің нұсқаушысы, Астана қ. (2001-2005); Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери институтының қызметкері (2005-2007); «Ғажайып жұмысшы» ТОО жарнама агенттігі директорының орынбасары (2007); «Қазақстан Республикасының штаттық құрама командалары және спорттық резерв дирекциясы» жаттықтырушы-оқытушы (2007-2013); Шығыс Қазақстан облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шығыс Қазақстан облыстық жеңіл атлетикадан олимпиадалық резервтің мамандандырылған мектебі» КММ директоры (2013-2019); «Шығыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (2019-2021); Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының хатшысы (2021-2023).

2023 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.

38 жыл бұрын (1987) Өскемен қаласының прокуроры Тимур Қайратұлы ЧАҚПАНТАЕВ дүниеге келді.

 Тимур Қайратұлы ЧАҚПАНТАЕВ
Фото: Өскемен қалалық прокуратурасы

Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Риддер қаласы прокурорының көмекшісі; Шығыс Қазақстан облысы прокуратурасы прокурорының көмекшісі; Шығыс Қазақстан облысының мамандандырылған табиғатты қорғау прокурорының аға көмекшісі; Шығыс Қазақстан облысы прокурорының аға көмекшісі; Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Глубоковский ауданы прокурорының орынбасары.

2024 жылдың маусым айынан бастап қазіргі қызметінде.

Соңғы жаңалықтар