20 жастағы қарағандылық Атырауда синтетикалық есірткі сатып келген

None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырауда синтетикалық есірткі сатып келген қарағандылық ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, 20 жастағы тұрғын синтетикалық есірткіні жасыру әдісімен сатып келген.

«Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары кезінде Атырау қаласындағы «Авангард» мөлтек ауданында синтетикалық есірткіні аса ірі көлемде жасырын тығу әдісі арқылы сатумен айналысатын 2003 жылы туған күдіктіні ұстады. Оның Қарағанды облысының тұрғыны екені анықтады. Тәркіленген есірткіге сараптама жасалды. Сараптама қорытындысына сәйкес салмағы 6,2 грамм синтетикалық есірткі екені белгілі болды», - деп хабарлады ведомстводан.

ҚР Қылмыстық кодексінің 297-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

«Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-процестік кодесінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды. ҚР Конституциясының 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, Қылмыстық-процестік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес адамның кінәлі екені заңды күшіне енген сот үкімімен танылғанша, жасалған қылмысқа кінәлі емес деп есептеледі», - деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметінен.

Сондай-ақ бұған дейін Атырауда есірткі тасымалдаған 30 жастағы күдікті қамауға алынғанын жазған болатынбыз. Одан 4 дана политилен пакетке оралған синтетикалық есірткіге ұқсас ұнтақ пен тапанша тәркіленді. Оның тұрақты мекенжайын тінту кезінде политилен пакетке салынған ұнтақ пен ас үйінен кептірілген есірткі тектес өсімдік табылды.


Соңғы жаңалықтар