20 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 20 желтоқсан күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
None

10.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде энергия объектілері мен жылу желілерінің жай-күйін ревизиялау және ҚР геология саласын дамыту тұжырымдамасы қаралады.

10.00-де Ritz-Carlton Astana қонақ үйінде бірінші Орталық Азия медиа форумы өтеді.

14.00-де «Москва» бизнес орталығында суретші Анар Әубәкірдің «Мифті аңсаған кезде» көрмесі өтеді.

15.00-де «Астана» халықаралық қаржы орталығында Үндістанның Астанадағы елшілігі АХҚО-мен бірлесіп, Үндістан мен Қазақстан арасында «Медициналық туризмді» ілгерілету бойынша B2B кездесуін ұйымдастырады.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Дала дауысы» республикалық конкурсының гала-концерті өтеді.

19.00-де «Астана Балет» театрында «Щелкунчик» балеті көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар