20 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

НҰР-СҰЛТАН
Сағат 09.00-де Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының алаңында 2019 жылға арналған «Адалдық алаңы: өзгерістер толқынында» республикалық жобасының қорытындылары бойынша отырыс өтеді.
Сағат 10.00-де елорда әуежайында 5 миллионыншы жолаушыны анықтауға арналған салтанатты іс-шара ұйымдастырылады.
Сағат 10.00 «Nur Otan» партиясының орталық аппаратында Партиялық бақылау комитетінің (ПБК) отырысы өтеді.
Сағат 10.00-де Сенаттың кезекті отырысы басталады.
Сағат 10.00-де «Park Inn» қонақ үйінде «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығының» ресми таныстырылымы өтеді.
Сағат 12.00-де Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің ІІ отырысы өтеді.
Сағат 12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Қарағанды облысының 2019 жылдың әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикер - Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.
Сағат 15.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалық етуімен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі №501 ВАК-тың кезекті отырысы өтеді.
Сағат 15.00-де Ішкі істер министрлігінде Қылмыстық полиция департаменті басшылығының қатысуымен «Интернет алаяқтыққа қарсы күрес» тақырыбында брифинг өтеді.
Сағта 16.00-де «Дәулет» спорт кешенінде Қазақ күресінен Әлем чемпионатының салтанатты ашылуы болады.
Сағат 18.00-де ЭКСПО іскерлік орталығының аумағында қалыптасқан дәстүр бойынша еліміздің бас шыршасының шамдарын жағу салтанаты өтеді.
АЛМАТЫ
Сағат 10.00-де Shera Inn қонақ үйінде Дағдарыс орталықтарының одағы Алматы қалалық әлеуметтік қамсыздандыру басқармасының қолдауымен проблемалық мәселелерді талқылау және оларды шешу жолдарын табу, пікір алмасу, көп балалы отбасылармен жұмыс жүргізудің үздік әлеуметтік тәжірибелерін талқылау үшін «Отбасы - бақыт мекені» атты дөңгелек үстел өткізеді.
Сағат 15.00-де Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз орталығында «Кәсіпкерлік саладағы алдын-ала нәтижелерді қорытындылау» тақырыбында брифинг өтеді.
Сағат 15.00-де Төле би даңғылынан Панфилов көшесіне қарай бағытта балалар үйі мен интернаттың тәрбиеленушілері Аяз Балақай шеруіне қатысады.
Сағат 17.00-де «Гранд Меломан» дүкенінде Қазақстандағы алғашқы Disney кітаптарының қазақша тұсаукесері болады.