20 желтоқсан. Тұлғалар туған күн

Бүгін, 20 желтоқсан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? Kazinform оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады. 

20 желтоқсан. Тұлғалар туған күн
Фото: Kazinform

54 жыл бұрын (1971) Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары Ермек Амантайұлы АЛПЫСОВ дүниеге келді.

Ермек Амантайұлы АЛПЫСОВ
Фото: Gov.kz

Солтүстік Қазақстан облысында Неждановка ауылында туған. 1993 жылы Абай атындағы Алматы Ұлттық университетін, ал 2005 жылы Ілияс Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірді.

1993 жылы Алматы қаласының № 156 орта мектебінде география пәнінің мұғалімі болды. 1999 -2001 жылдары «Бектауата» ЖШС-де бухгалтер қызметін атқарды. 2001-2004 жылдары Алматы облыстық Қоршаған ортаны қорғау департаментінің жетекшісі, бас маманы, инспекторы, кейін бөлім бастығы болды. 2004 жылы Алматы облысы, Ақсу ауданы әкімнің орынбасары болып тағайындалды. 2008-2012 жылдары Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары болды. 2012-2015 жылдары Алматы облысы әкімінің бұйрығы бойынша Талдықорған қаласының әкімі лауазымына тағайындалды. 2015-2017 жылдары ҚР Президенті әкімшілігінде мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы, 2017-2019 жылдары ҚР Президенті әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмыстары бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарды. 2019-2021 жылдары ҚР Ұлттық экономика вице-министрі болды.

2024 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

52 жыл бұрын (1973) Алматы қаласының прокуроры Серік Ақмырзинұлы КӘРІПБЕКОВ дүниеге келді.

Серік Ақмырзинұлы КӘРІПБЕКОВ
Фото: kaznpu.kz

Түркия Республикасының Стамбул университетін бітірген.

Еңбек жолы: Павлодар облысы Ақсу қаласы прокурорының көмекшісі (2000); Бас прокуратураның Қылмыстық қудалау қызметі департаменті мен басқармасының бастығы, басшысының орынбасары; Бас прокуратураның Жедел іздестіру, қарсы барлау қызметінің және жасырын тергеу әрекеттерінің заңдылығын қадағалау департаментінің басшысы (06.2020-10.2023).

2023 жылдың қазан айынан бері қазіргі қызметінде.

44 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Президентінің құқықтық мәселелер жөніндегі көмекшісі Ержан Нұрланұлы ЖИЕНБАЕВ дүниеге келді.

Ержан Нұрланұлы ЖИЕНБАЕВ
Фото: primeminister.kz

Алматы қаласында туған. «Тұран» университетін заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2002–2005 жылдары ҚР Қаржы министрлігі жүйесінде еңбек еткен. 2005 жылдан бастап ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің құрылымында жұмыс істеді. ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметін атқарған. 2012-2013 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заңнама, қорғаныс және құқықтық тәртіп бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 2013-2019 жылдары ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Заң бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2019 жылдың шілдесінен қазан айына дейін ҚР Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары болды.

2023 жылдың қыркүйек айынан бастап қазіргі қызметінде.

41 жыл бұрын (1984) Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы КӨШЕРОВ дүниеге келді.

Нұралхан Оралбайұлы КӨШЕРОВ
Фото: Gov.kz

Шымкентте туған. М.Әуезов атындағы қазақ гуманитарлық заң университетін «экономист» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: есепші-инспектор (2005-2007); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутатының көмекшісі (2007-2008); Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитетінің сарапшысы (2008-2009); Астана қаласы бойынша Салық департаментінің құрылымдық және аудандық бөлімшелерінде әртүрлі лауазымдарда жұмыс істеу (2009-2015); Шымкент қаласы әкімінің орынбасары (2015-2018); Маңғыстау облысы бойынша ӘДР Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы (2018 ж.); Шымкент қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы (2018-2021); Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы (2021-2023).

2025 жылдың қаңтар айынан бастап қазіргі қызметінде.

40 жыл бұрын (1985) «АМАНАТ» партиясы Алматы қалалық филиалының төрағасы Станислав Владимирович КАНКУРОВ дүниеге келді.

КАНКУРОВ Станислав Владимирович
Фото: facebook.com/stanislav.kankurov/

Алматы облысы, Қарасай ауданы, Қаскелеңде туған.

М. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетін «Экономика» мамандығы бойынша, Д. Қонаев атындағы университетті «Құқықтану» мамандығы бойынша, Орталық Азия университетін «Компьютерлік технологиялар және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 2005 жылы «Мүлікті техникалық түгендеу» ЖШС маманы, бас маманы, 2005-2006 жылдары «Мүлікті техникалық түгендеу» ЖШС директоры, 2006-2011 жылдары «ПСТК Bitelecom» АҚ-да, 2010-2011 жылдары «Қазақстан-2030» ҚР Президентінің Бағдарламасын қолдау» Қоғамдық қорының вице-президенті, 2011-2013 жылдары «Нұр Отан» партиясы Бостандық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, 2013-2018 жылдары «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары, 2018 жылы «Нұр Отан» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарды.

2023 жылдың сәуір айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Құрмет» орденімен, ведомстволық және мерейтойлық медальдармен марапатталған.

83 жыл бұрын (1942-2025) қазақтың белгілі жазушысы, драматург, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Дулат ИСАБЕКОВ дүниеге келді.

Дулат Исабеков
Фото: kaztag.kz

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданында туған. 1966 жылы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген.

Еңбек жолы: 1967-1968 жылдары Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде аға редактор, 1968-1970 жылдары Қазақ Совет энциклопедиясы бас редакциясында аға ғылыми редактор, 1971-1976 жылдары «Жұлдыз» журналында бөлім меңгерушісі, 1976-1980 жылдары «Жалын» баспасында редакция меңгерушісі, 1980-1988 жылдары Қазақ КСР Мәдениет министрлігі репертуарлық-редакциялық коллегияның бас редакторы, 1988-1992 жылдары Қазақ теледидарының бас директоры, 1992-1995 жылдары «Жазушы» баспасының директоры, Қазақстан Жазушылар одағының хатшысы, ҚР Мәдениеттану ғылыми-зерттеу институтының директоры, «Мәдениет» журналының бас редакторы болып істеген.

Алғашқы әңгімесі «Жолда» 1963 жылы жарияланды. Кейін «Бекет» (1966), «Ащы бал» (1969), «Мазасыз күндер», (1970), «Қара шаңырақ» (1973), «Тіршілік» (1975) повестер мен әңгімелер жинақтары, «Қарғын» (1980) романы басылды. Таңдамалы повестері «Екі жиырма» (1983) деген атпен жарық көрді. Бірқатар шығармалары орыс тіліне аударылып, «Полынь» (1978), «Отчий дом» (1979), «Смятение» (1986), «Новоселье в старом доме» (1986) деген атпен басылды.

Жекелеген туындылары венгр, неміс, поляк, чех тілдерінде жарияланды. «Ректордың қабылдау күндері» (1975), «Әпке» (1977), «Ертеңді күту» (1979), «Мұрагерлер» (1982), «Алыстан келген ананас» (1984), «Кішкентай ауыл» (1986), «Анасын аңсаған қыз», «Ескерткіш операциясы», «Ескі үйдегі екі кездесу», «Бонапарттың үйленуі», «МұңлықЗарлық», «Амал мен айла» т. б. пьесалары республикалық, облыстық театр сахналарында қойылды.

Таңдаулы пьесалар жинағы «Жеті желкен» деген атпен 1987 жылы жарық көрді. Жекелеген туындылары бойынша «Гауһартас» (реж. Ш. Бейсембаев, 1975), «Дермене» (реж. А.Әшімов, 1986), «Тауқымет» (реж.Ұ. Қолдауова) көркем фильмдері түсірілді.

Қазақстан Жазушылар одағының М. Әуезов атындағы сыйлығының, «Мұрагерлер» пьесасы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының, Халықаралық ПЕН клуб, Платиналы «Тарлан» сыйлықтарының лауреаты. 

Соңғы жаңалықтар