20 желтоқсанда республика жолдарындағы ахуал қандай

АЛМАТЫ. KAZINFORM – «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы елдегі жолдардың қазіргі ахуалы туралы хабарлады.

Екі облыстағы республикалық жолдарда көлік қозғалысы шектелді
Фото: Виктор Федюнин/Kazinform

Ұлттық компанияның мәліметінше, 2025 жылғы 20 желтоқсанда таңертең ауа райының жақсаруына байланысты республикалық маңызы бар бірнеше жолда қозғалыс қайта жанданды.

Ақтөбе облысы

• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 5-234 шақырым аралығы (Қарабұтақ ауылы – Қостанай облысының шекарасы).

Қостанай облысы

• «Қостанай – Рудный – Денисовка – Комсомольское – Қарабұтақ» автожолының 234-501-шақырым аралығы (Ақтөбе облысының шекарасы – Рудный қаласы).

Жабық жолдар

Павлодар облысы

«Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолында (Қалқаман елді мекеніне кіреберіс пен Астанаға шығатын бағыт) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді. Қалқаман елді мекенінен Астанаға қозғалыс Береке «Қалқаман – Ақсу» көлік айрығы арқылы және Павлодар қаласынан Қалқаман елді мекеніне қозғалыс «Баянауыл» көлік айрығы арқылы жүзеге асырылады.

Жетісу облысы

«Үшарал – Достық – ҚХР шекарасы» автожолының 84-164-шақырым аралығында (Көктұма кенті – Достық станциясы) көліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жол шамамен 2025 жылғы 20 желтоқсан сағат 14:00-де ашылады.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанның 18 облысында 20 желтоқсанда ауа райына байланысты ескерту жарияланған еді.

Соңғы жаңалықтар