20 жылдан кейінгі кездесу: полиция тұрғынға туған әпкесін табуға көмектесті

АСТАНА. KAZINFORM – Жетісу облысы Үштөбе қаласында полиция қызметі тек құқықтық тәртіпті сақтап қана қоймай, адамдарға қиын жағдайда әрдайым қолдау көрсетуге дайын екенін дәлелдеді, – деп жазды Polisia.kz.

а
Фото: Жетісу облысы ПД

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының тұрғыны 20 жыл бұрын әпкесін жоғалтып алған. Үміті үзілмеген тұрғын әпкесін тауып қалармын деген ниетпен Үштөбеге барған.

Ол көшеде учаскелік полиция инспекторлары Айбек Қази мен Талғат Есқожановпен жолығады. Полицейлер оның өтінішіне бірден үн қатып, іздестіру жұмыстарына көмектесуге кірісті.

Осылайша жүйелі жұмыстың арқасында тәртіп сақшылары бауырларды қауыштырды. Әйел полиция қызметкерлеріне алғысын білдірді.

полиция
Фото: Polisia.kz

Айта кетейік, Ресей азаматы араға 59 жыл салып, Астанада анасымен қауышты.

Соңғы жаңалықтар