20 жыл бұрын болжанбаған саяси өзгерістер, құбылыстар болып жатыр - Қуаныш Сұлтанов

МАТЫ. 14 қараша. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - 20 жылда қол жеткізген жетістігімізді іргетасымыз ретінде пайдалануға болады.
None
None

Алдағы уақытта ғаламдық үдерістерге сәйкес қажет жағдайында озық тәжірибелерімізді ұсынып, сол арқылы мемлекеттің болашағын ойластыратын кезең келді деп есептейміз. Бүгін Алматыда өтіп жатқан "ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл: жетістіктері мен келешегі" деп аталатын дөңгелек үстел жиынында осылай айтылды.

"ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтында сарапшылар жұмыс жасайды. Ол біздің ойлау жүйеміз бен ми орталығымыз. Мен мұнда жылына кем дегенде 1 рет келіп кездесу өткіземін. Алдағы уақытта қандай жағдайларға мән береміз деп пікір алмасып, ой бөлісу үшін. Институтпен ресми түрде қарым-қатынасымыз бар. Айына бірнеше рет хаттамалар жасап, өздерінің қорытындысын ұсынып отырады. Дегенмен осылай ауызша пікір алмасудың да артықшылығы жоқ деп ойлаймын", - дейді ҚР Парламенті Сенатының депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік жөніндегі комитетінің төрағасы Қуаныш Сұлтанов. Саяси ғылымдар докторының айтуынша, 20 жылда Қазақстан салыстыруға болмайтын зор табыстарға қол жеткізді. Жалпы ішкі өнім жан басына шаққанда 14 есе өсті. Егер бұрын ол 700 доллар болса, қазір 9 мың доллардан асты. Бұл бағыт келешекте одан ары жалғаса беретін болады.

Соңғы жаңалықтар