20 жыл ішінде Жамбыл облысында асыл тұқымды мал шаруашылықтарының саны 13 есеге артты

ТАРАЗ. 26 қараша. ҚазАқпарат /Галина Скрипник/ - 20 жыл ішінде Жамбыл облысында асыл тұқымды мал шаруашылықтарының саны 13 есеге артты, деп хабарлады Жамбыл облысының әкімдігінің баспасөз қызметі.
None
None

Жамбыл облысы әкімнің орынбасары Мұратбай Жолдасбаевтың айтуынша, 1991 жылы өңірде тек қана 8 асыл тұқымды мал шаруашылығы болған, ал бүгінде олардың саны 104-ке жетіп отыр.

«Қазіргі уақытта облыста 15 мал бордақылайтын алаңқай және кешен бар, - деді әкімнің орынбасары. - Келесі жылы, «ҚазАгро» ұлттық басқару холдингімен бірлесе жүргізіп отырған «Сыбаға» бағдарламасын іске асыру аясында, ет бағытындағы репродуктор мен мал бордақылайтын алаңқайларды құру жоспарланып отыр. Және де бүгінгі күнде 53 жоба қаралып жатқандығын айта кету керек».

Облыс әкімдігінің ақпараты бойынша, ағымдағы жылдың 9 айында 78 субьектінің өтініштері мақұлданған. Атап айтқанда, оларға ірі қара мал алу үшін несиелік 633,2 млн. теңге қаражат бөлініп, 3 935 мал басы сатып алынған.

Соңғы жаңалықтар