20 жылдың ішіндегі жетістігіміздің ескерткіші ретінде «Мәңгілік Ел» қақпасын ашып отырмыз - Елбасы

«Бәйтерек» Астананың символы болды, сонымен қатар «Қазақ елі» атты ескерткіш орнаттық. Енді 20 жылдың ішіндегі жетістігіміздің ескерткіші ретінде «Мәңгілік Ел»» қақпасын ашып отырмыз. Бұл да Астананың тағы бір орталығы болады. Бұл ескерткіштің төңірегінде ғажайып ғимараттар тұрғызылады», - деп атап өтті Мемлекет басшысы.
«Қазақта табалдырықтан биік тау жоқ» деген сөз бар, мінекей біздің 20 жылда өткен жетістігіміздің белгісі ретінде осы қақпадап аттап, келесі мыңжылдыққа қадам басатын табалдырығымыз ретінде «Мәңгілік Ел» қақпасын орнаттық», -деді Елбасы.
Н.Назарбаев осы айтулы күнде барша Қазақстан халқын тәуелсіздік күнімен құттықтады. «Еліміздің кең байтақ жеріндегі ең ұлы мейраммен, Тәуелсіздіктің 20 жылдығымен құттықтаймын. Тәуелсіздігіміз баянды болсын», - деп түйіндеді Президент.
Айта кетейік, Елбасының мінберден Тәуелсіздік күніне арнаған салтанатты сөзінен кейін қақпа алдында Қазақстанның әнұраны шырқалып, ҚР Қарулы Күштерінің әскери шеруі өтті. Аталған тәуелсіздік нысанының биіктігі - 20 метр. Бұл ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығының нышаны ретінде өлшелініп жасалды. «Мәңгілік Ел» қақпасының қасбетінің безендірілуі ұлттық ерекшеліктер тұрғысында жасалды. Қақпаның әрбір қабырғасының өшемдері симметриялық орнатылған. Әрбір қабырғаның төменгі табанында биіктігі 4,4 метр болатын көлемді мүсіндер бар. Қақпаның сол жақ қапталында «Ақсақсал» мүсіні орнатылған. Бұл халықтың абыз ойымен рухани өлшемінің көрінісі, даналдық символы. Ал қақпаның сол жақ қапталында от иесі - «Әйел ананың» мүсіні бекітілген. Мүсіндердің әрқайсысының астында қазақтың «Мәңгілік» дара таңбасы орын тепкен.
Сонымен қатар әрбір мүсіннің жоғарғы жағында Қазақстанның елтаңбасы орналасқан. Елтаңба бұл сәулеттік нысанның мемлекеттік мән-маңызын көрсетеді. Нысанның екі жағында «Тайқазан» мүсіні орналасқан. Түркі халықтары үшін тайқазан тыныштық пен тоқшылықтың ұғымын білдіреді. Мұнымен қоса онда қазақ жауынгерінің бес қаруының бірі «Қалқан» бейнеленген. Қақпаның бір қабырғасы еліміздің қастерлі құндылығы - Тәуелсіздікке арналып отыр. Мұнда Қазақстан Тәуелсіздігінің бастауын айқындайтын тұңғыш заңнамалық құжат - Ел егемендігі туралы Декларация көрсетілген. Бұл қабырғада бүгіндегі егемендіктің мазмұнынан сыр беретін "Ақорда", "Бәйтерек" және басқа да мыңызды нысандардың суреттері бедерленді.