2002-2010 жылдары ауызсумен қамтамыз етуге 335 млрд. теңге жұмсалды

АСТАНА. Шілденің 13-і. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Төрт мыңға жуық ауылды елді мекендер бүгінде сапалы және қол жетімді сумен қажетті көлемде қамтамасыз етілмеген. Бұл туралы Үкімет отырысында Экономикалық даму және сауда вице-министрі Қуандық Бишембаев мәлім етті.
None
None

Оның айтуынша, 2002-2010 жылдар аралығында 2002-2010 жылдарға арналған «Ауызсу бағдарламасы» аясында елді мекендердегі ауызсумен қамтамасыз ету мәселелерін шешуге 195 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінген. Сондай-ақ, қалалардағы проблемаларды шешуге 140 млрд. теңге игерілген. Жалпы осы мақсаттарға 335 млрд. теңге жұмсалған (2002-2010 жылдар аралығында).

Оның сөзіне қарағанда, 2010 жылға қарай бұл бағытта белгілі бір даму үрдісі болған, алайда бағдарламада белгіленген мақсаттар республика бойынша тиісті деңгейде орындалмаған. «Қазіргі кездегі ауылды жерлердегі жағдайға тоқталсақ, 3849 ауылды елді мекендер бүгінде сапалы және қол жетімді сумен қажетті көлемде қамтамасыз етілмеген. 149 елді мекендер тасымалданатын суды пайдаланады», - деп атап өтті вице-министр.

Қ.Бишембаевтың айтуынша, 386 ауылды жерлердің сумен қамтамасыз ету жүйесі топтық құбырға қосуды қажет етеді. Сонымен қатар, үш мыңға жуық ауылдар орталықтандырылмаған сумен қамтамасыз ету жүйесін пайдалануда. Ал 700-ден астам елді мекендердің топтық су құбырларына қайта жөндеу жұмыстарын іске асыру керек.

Соңғы жаңалықтар