2005 жылы сайлауалды тұғырнамада қамтылған барлық міндеттер орындалды - Н. Назарбаев

АСТАНА. 11 ақпан. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2005 жылы сайлауалды тұғырнамада қамтылған барлық міндеттер орындалды.
None
None

Бұл туралы бүгін елордада өтіп жатқан «Нұр Отан» партиясының XІII съезінде партия Төрағасы, ҚР Президенті Н. Назарбаев осылай мәлім етті.

«Бүгінгі күні мен 2005 жылы өзімнің сайлауалды тұғырнамамда жариялаған барлық міндеттемелер орындалды деп айта аламыз. Біз мерзімінен бұрын бес жыл ішінде, 7 жылға жоспарланған міндетті жүзеге асырдық. Біріншіден, қазақстандықтардың сапалы өсіміне қол жеткіздік. Бүгінгі көрсеткіш бойынша ЖІӨ ауқымы жан басына шаққанда 9 мың доллар болса, оны біз 2012 жылы қол жеткіземіз деп жоспарлағанбыз. Қазақстан осы көрсеткіш бойынша әлемнің алғашқы үштігіне енеді. Біз жоспарланған орташа жалақыны, зейнетақы мен жәрдемақыны көтеруді екі жыл бұрын, ғаламдық дағдарыстың екпініне қарамастан атқардық. Екіншіден, мен өзім уәде еткендей, 5 жыл бойы әр жыл сайын біздің экономика 7-8 пайыз қарқынмен өсті. Ауыл шаруашылығын көтеруге арналған кең ауқымды шаралар қабылданып, жүзеге асты», - деді Н. Назарбаев.

Сонымен қатар Елбасы ұн экспорты бойынша еліміздің бірінші орынға шыққанын, бидай экспорты бойынша 7-і орынға иелік еткенін атап өтті. «Қазірдің өзінде шағын және орта бизнестің ЖІӨ-дегі үлесі 30 пайыздан кем емес. Біз кәсіпкерлерімізді қолдау үшін кешенді шаралар қабылдадық. Жеке мүлікті қорғауға қатысты құқықтық тетіктер күшейтілді. Қазақстанда ең үздік бизнес-ахуал қалыптастыру үшін әлі де шаралар атқарылатын болады», - деді Н. Назарбаев.

Соңғы жаңалықтар