2006 жылдан бері іздеуде жүрген қауіпті қылмыскер елге қайтарылды

 АЛМАТЫ. Тамыздың 28-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін және құнды құжаттарды ұрлау ісі бойынша 2006 жылдан бері құқық қорғау органдары тарапынан іздеуде жүрген қауіпті қылмыскер Олег Парфентев елімізге қайтарылды,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат Алматы қалалық прокуратурасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

 Аталған азамат Алматыда 2002 жылдың қаңтарынан 2005 жылдың тамызына дейін бірнеше кәсіпкер мен банктердің сеніміне кіру арқылы олардың 70 миллион теңге мен тұрғын үйді тіркеу жөніндегі бағалы құжаттарын алып із жасырған.2006 жылы Алматы қалалық прокуратурасының санкциясы бойынша тұтқындау туралы үкім шығарылып, халықаралық іздеу жарияланған. Қылмыскердің ізі 2007 жылы Украинадан табылып, халықаралық келісімдерге сәйкес қылмыскер 27 тамыз күні қаржы полициясы мамандарының бақылауымен елге жеткізілді. Қазіргі кезде оның үстінен қозғалған қылмыстық іс қайта көтеріліп, тергеу жүргізілуде.

Алматы қалалық прокуратурасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, биылғы жылы қалалық құқық қорғау органдары шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып аса қауіпті және қауіпті деген 12 қылмыскерді қайтарған.Ал ҚР Бас прокуратурасының шешімі бойынша Алматыда бой тасалаған  27 шетелдік қылмыскер еліне қайтарылған.

Соңғы жаңалықтар