2008 жылдан бері қазақстандықтар 54 мыңнан астам атыс қаруын өз еркімен тапсырған

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2008 жылдан бері ішкі істер органдарына ел халқы өз еркімен 54 мыңнан астам атыс қаруын тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None
«Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және атыс қаруын қолдана отырып жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында министрлік жыл сайын халықтан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акциялар өткізеді. Биыл аталған акция 25 сәуірде басталды, бұл мақсатқа республикалық бюджеттен 88,7 млн теңге бөлінді», - делінген Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінде.

Іс-шара қорытындысы бойынша ішкі істер органдарына 1 мыңнан астам азамат жүгінді. Олар 1,3 мың атыс қаруын, 9 мыңнан астам ойық ұңғылы қару патрондарын өз еркімен тапсырды.

Ведомство халықтан қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша іс-шараларды 2008 жылдан бері өткізіп келе жатқанын атап өту қажет. Осы кезеңде азаматтар өз еркімен жалпы сомасы 1,8 млрд теңгеге 54 мыңнан астам атыс қаруын, 2 млн-нан астам ойық ұңғылы қару патрондарын тапсырды.


Фото: sosnovosti.ru



Соңғы жаңалықтар
telegram