2008 жылғы сыртқы-экономикалық тауар айналымы 109,1 млрд. долларға жетті? Үкімет есебі

АСТАНА. Мамырдың 18-і. ҚазАқпарат /Қанат Мәметқазыұлы/ - 2008 жылғы сыртқы-экономикалық тауар айналымы, ұйымдастырылмаған сауда-саттықты есепке алмағанда 109,1 млрд. долларға жетті.
None
None
ҚР Үкіметінің 2008 жылғы бюджеттің атқарылуы туралы Парламентке ұсынған есебінде осындай қорытынды шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат. «Кеден статистикасының деректеріне сәйкес, 2008 жылғы сыртқы-экономикалық тауар айналымы 2007 жылмен салыстырғанда 35,5 пайызға артып, 109,1 млрд. теңгені құрап отыр. Бұның ішінде экспорт ? 71,2 млрд. доллар шамасында болып, оның көрсеткіші алдыңғы жылға қарағанда 49 пайызға өскен. Ал былтырғы импорт 37,9 млрд. долларды құрап, 15,7 пайызға өскендігі байқалды», делінген Үкімет есебінде. Сондай-ақ былтырғы жылы еңбек нарығында жұмыссыздардың деңгейін азайту және халықтың ақшалай кірісін өсіру байқалған. Мәселен, 2008 жылдың төртінші тоқсанында жұмыссыздар деңгейі 6,6 пайызды құрап отыр. Ал есепті кезеңнің 11 айында халықтың ақшалай кірісі 3,4 пайызға артқан. Парламент Мәжілісі маусым айының 10-ына дейін Үкіметтің есебіне қорытынды шығаратын болады.
Соңғы жаңалықтар