20:27, 08 Қаңтар 2009 | GMT +5
2008 жылғы Үкіметтің қызметі: экономикалық даму
АСТАНА. Қаңтардың 8-і. ҚазАқпарат – 2008 жылы Үкімет қызметіндегі басым бағыттар қандай болды? Осы кезеңдегі әлеуметтік-экономикалық дамудың негізгі көрсеткіштері қандай? ҚазАқпарат экономикалық блоктың ақпараттық-анықтамалық материалдарды ұсынады.
Экономикалық дамуӘлемдік қаржы дағдарысының шиеленісуіне қарамастан 2008 жылдың қорытындысы бойынша ішкі жалпы өнімнің іс жүзіндегі өсуі 3 пайыздан жоғары деп болжамдалуда. Тұтынушылар бағасының 2008 жылғы қарашадағы индексі 2007 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда ? 109,2 пайызды, 2008 жылғы қаңтар-қарашада 2007 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 116,5 пайызды құрады.
Ағымдағы жылғы қаңтар-қарашадағы инфляциялық үдерістердің қарқыны ағымдағы жылдың аяғына дейін жоспарланған өлшемдерде, 10 пайыздан жоғары деңгейде сақталады. Негізгі капиталға инвестиция тарту 2008 жылғы қаңтар-қарашада 3299,2 млрд. теңгені құрады, ол 2007 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда 16,6 пайызға артық.Инвестицияларды мемлекеттік қолдау іс-шараларының аясында есепті кезеңде кәсіпорындармен (инвесторлармен) инвестициялық преференцияларды көздейтін, инвестицияларды жүзеге асыруға 42 келісімшарт жасалды. Инвестициялардың жалпы көлемі 875,4 млрд. теңгені құрады.
Экономиканың жаһандық құлдырауы кезеңіне Қазақстан алтын-валюта резервтерінің және Ұлттық қордың берік қорымен енді. Олардың жалпы көлемі 2008 жылғы қарашаның 1-інде 47 млрд. АҚШ долл. құрады. Мемлекеттік борыштың мөлшері ішкі жалпы өнімнің 1,5 пайызынан аспайды, бюджет тапшылығы төменгі деңгейде қалып отыр және ішкі жалпы өнім 2 пайыздан аспайды. Қабылданған жаңа Салық кодексі экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға, бизнесті «көлеңкеден» шығаруға ықпал етеді.Жаңа Салық кодексі мыналарды:
- тікелей әрекет ету заңдарының принциптерін іске асыруды;
- экономиканың шикізат емес секторына түсетін жалпы ауыртпалықты төмендетуді;
- экономиканы жаңғырту мен әртараптандыруға ықпал ететін жағдайларды жасауды;
- салықтық әкімшілікті жетілдіру және салықтық рәсімдерді жеңілдету есебінен бизнесті жүргізу үшін жағдайды жақсартуды көздейді.Салық кодексінің негізгі ең маңызды және тұжырымды сәттері мынадай нормалар болып табылады:
- корпоративті табыс салығының ставкасын кезең-кезеңде, атап айтқанда 2009 жылы 20 пайызға дейін, 2010 жылы 17,5 пайызға дейін және 2011 жылы 15 пайызға дейін төмендету;
- инвестициялық салықтық преференциялар тек корпоративті табыс салығы бойынша ғана ұсынылатын болады;
- бір мезгілде залалдарды ауыстыру мерзімі 3 жылдан 10 жылға дейін ұзарады, ол инвестицияларды тез есептен шығару басымдылығын пайдалануға толық көлемде мүмкіндік береді;
- 2009 жылдан бастап қосылған құн салығы 12 пайызға тең болады. 2009 жылдан бастап «дебеттік» сальдо деп аталатын сатып алушылар төлеген ҚҚС сомасынан жоғары жеткізіп беруші төлеген ҚҚС сомасының артығын қайтару туралы ереже енгізілді. Әлемдік қаржы дағдарысынан экономиканы тұрақтандырудағы қазіргі жағдайда Салық кодексінде қаржы секторына салық салуға қатысты бірқатар мәселелер көрініс тапты. Атап айтқанда, 2009-2011 жылдарға арналған кезеңдерде левередждің шекті коэффициентін (жеткілікті капиталдау ережесі) арттыру есебінен сыйақыны шегеру мөлшері қаржы ұйымдары үшін 7-ден 9-ға дейін, заңды тұлғалар үшін 4-тен 6-ға дейін арттырылды.
Шағын несиелік ұйымдарға салық салу кезеңі ішінде берілген несиелердің сомасынан 15 пайыз аспайтын күмәнді шағын несиелерге қарсы резерв құру бойынша шығыстардың сомасын шегеруге жатқызу құқығы берілген. Салық кодексі салықтық бақылаудың қолданыстағы әдістерін дәл реттеуді қамтиды.Ағымдағы жылы жаңа Бюджет кодексі қабылданды, онда нәтижелерге, үш жылдық бюджетке көшуге бағдарланған бюджеттік жоспарлаудың жаңа әдістерін енгізуді көздейді және экономикалық және бюджеттік жоспарлауды үйлестіруге және бюджеттік қатынастарды жетілдіруге бағытталған.Осы заңның басты мақсаты ? мемлекеттік органдардың қызметтерін жоспарлаудан бастап және қаржылық бақылау үдерістерімен аяқталатын нақтылы нәтижелерді алуға бағдарлау. Бюджет кодексі оның барлық кезеңдеріндегі үдерістерде жаңа ұйымдар үшін құқықтық негіз құрады, мемлекеттік биліктің барлық деңгейлерінде дербестік пен жауаптылықты, сондай-ақ мемлекеттік қаражатты басқарудың тиімділігі мен айқындылығын арттырады.Тұңғыш рет жаңа Бюджет және Салық кодекстерінің негізінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштерін көрсететін және Мемлекет басшысы Жолдауда алға қойған іс-шараларды іске асыруға бағытталған 2009-2011 жылдарға арналған үшжылдық республикалық бюджет бекітілді.Үшжылдық бюджетті қалыптастыру нәтижеге бағдарланған бюджеттеуді енгізуді көздейтін мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесіне сәйкес жүзеге асырылды. Заң жобасын қалыптастыру барысында макроэкономикалық көрсеткіштердің экспорттық ұстанымдары негізінде бағаларды төмендетуге әкелген жаһандық дағдарыстың екінші толқыны салдарынан макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгертілуіне байланысты республикалық бюджеттің өлшемдері нақтыланды.2009 жылға арналған макроэкономикалық көрсеткіштердің өзгертілуіне байланысты республикалық бюджет кірістерінің нақтыланған болжамы (түскен трансферттерді есепке алмағанда) 1 900,6 млрд.теңгені құрады немесе 301,0 млрд.теңгеге азайтылды, 2010 жылға - 2 017,5 млрд.теңгені немесе 444,1 млрд.теңге азайтылды, 2011 жылға - 2 177,8 млрд.теңгені құрады немесе 622,9 млрд.теңге азайтылды.Нәтижесінде республикалық бюджеттің шығыстары 2009 жылға арналып 268,7 млрд.теңге сомаға, 2010 жылға арналып 411,8 млрд.теңге сомаға, 2011 жылға арналып 476,5 млрд.теңге сомаға оңтайландырылды.Оңтайландырудың нәтижесінде мемлекеттік органдардың әкімшілік функцияларын қамтамасыз етуге, атап айтқанда мемлекеттік органдар мен мекемелерді материальдық-техникалық жарақтауға және күрделі жөндеуге арналып бағытталған шығыстар қысқартылды. Бұл ретте 2009-2011 жылдарға арналған республикалық бюджетте Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған барлық тапсырмалар ескерілген, атап айтқанда:республика азаматтарының әл-ауқатын арттыру бойынша:
- бюджет саласындағы қызметкерлердің жалақыларының мөлшерін, зейнетақылардың және студенттердің шәкіртақыларын 2009 жылы ? 25 пайызға, 2010 жылы ? 25 пайызға және 2011 жылы ? 30 пайызға арттыру;
- оларды ең аз өмір сүру мөлшерінен 50 пайызға дейін жеткізуді ескере отырып өмір сүрудің ең аз мөлшерін және базалық зейнетақы төлемдерін арттыру;
- мемлекеттік әлеуметтік және арнайы жәрдемақылардың мөлшерін, балалардың бір жасқа толғанша оларды күту бойынша ай сайынғы жәрдемақылар мен 4 және одан көп бала тапқанына арналған біржолғы жәрдемақылардың мөлшері;экономикалық өсудің орнықты қарқынын жаңғырту және қамтамасыз ету бойынша:
- білім берудің тиімді инфрақұрылымын құру және кәсіби техникалық білім беруді одан әрі дамыту, халықты балалардың мектепке дейінгі мекемелерімен қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтау инфрақұрылымдарын дамыту;
- көліктік, инженерлік және энергетикалық инфрақұрылымдарды қоса алғанда экономиканың негізгі секторларын алдын-ала инфрақұрылымдық қамтамасыз ету;
- елдің азық-түлік қауіпсіздігін, шикізатты қайта өңдеуді қоса алғанда ауыл шаруашылығын жүйелік қолдау бойынша одан әрі іс-шараларды қамтамасыз ету.Республикалық бюджеттің шығыстарында ірі халықаралық іс-шараларды іске асыруға, елдің беделін және ішкі қауіпсіздігін арттыруға арналған, оның ішінде Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 2011 жылы Азия ойындарына даярлығы және өткізу, Шортанды-Бурабай курортты өңірінің инфрақұрылымын дамыту, ғарыштық бағдарлама, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша шығындар көрініс тапқан.