19:52, 13 Ақпан 2009 | GMT +5
2008 жылы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 25 пайызға артты
АҚТӨБЕ. Ақпанның 13-і. ҚазАқпарат /Самал Ендібаева/ - 2008 жылы Ақтөбе облысының денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 25 пайызға артып, 14,2 млрд. теңгені құрады. Ақтөбелік дәрігерлердің өткен жылғы жұмыс нәтижелері бүгін облыстық денсаулық сақтау басқармасының алқа отырысында қорытындыланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Қайрат Сабырдың айтуынша, қаржыландыруды ұлғайтудың арқасында облыстың денсаулық сақтау ұйымдарының желісі нормативтік талаптарға сай келтірілді: енді мыңнан астам тұратын барлық ауыл округтерінде дәрігерлік емханалар, 50 мыңнан астам халқы бар елді мекендерде медпункттер ашылды. 2008 жылы 1.9 млрд. теңгеге 22 денсаулық сақтау нысандарының құрылысы жүргізілді, олардың ішінде ересектер мен балаларға арналған көпбейінді ауруханалар, бір ауысымда 500 адам қабылдайтын 2 заманауи емхана сияқты ірі инвестициялық жобалар бар.Бүгінде 15 денсаулық сақтау нысанының құрылысы аяқталды, олардың арасында Ойыл кентінде аудандық орталық аурухана, 10 медпункт және 3 ауылдық дәрігерлік емхана бар. Сондай-ақ 2008 жылы ауданда мүлде жаңа бағыт ? телемедицина енгізілді, енді шалғай елдімекендердің тұрғындарына облыс орталығының мамандарынан тікелей жоғары білікті кеңес алуға мүмкіндік жасалды.